15. Кəсіптік білім мазмұнын қалыптастырудың алғышарттары ретіндегі белгілі бір жүйелерге жататындарды анықтаңыздар.
Кəсіптік оқыту – екі жақты үдеріс. Бұл кəсіптік білім мазмұнын
меңгертуге бағытталған оқытушы мен білім алушылардың арнайы
ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара əрекеттестігі. Кəсі-
би педагогика – тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге
деген қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Кəсіптік
оқытудың негізін кəсіби, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық
көзқарастар құрайды. Кəсіптік білім – жеке тұлғаның кəсіптер əлемінде бағдар
ала білуін жəне бейімделуін, еңбек етуде əлеуметтенуінің,
нақты мамандықты жəне білік деңгейін меңгеруін,
адамның түрлі іс-əрекеттері саласындағы құзыреттілігін,
шеберлігін жəне дамуын қамтамасыз ететін əлеуметтік
жəне педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған үдеріс.
Кəсіптік қалыптасу – жеке тұлғаның кəсіптік білімдерін,
іскерліктерін, дағдыларын, жеке тұлғалық сапаларын кəсіби іс-
əрекетте жүзеге асыруда қол жеткен деңгейі.
Кəсіптік даму – жеке тұлғаның кəсіби іс-əрекет субъектісі
ретінде дамуы. Оның кезеңдері: кəсіби өзін-өзі анықтауы, кəсіптік
білімділік жəне іскерлік, кəсіби құзыреттілік, кəсіби шеберлік,
кəсіби шығармашылық.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты негізгілерімен қатар, кəсіби
педагогикаға қатысты кəсіби мəдениет, кəсіби жарамдылық, кəсіби
өзін-өзі анықтау, кəсіби бағдар, кəсіби кеңестер беру, кəсіптік білім
мекемелері сияқты категориялары қарастырылады.
Кəсіби педагогиканың мəртебесін толыққанды анықтау оның
əрбір саласының өзіне тəн объектісі мен пəнін нақты қалыптасты-
руды талап етеді .
Ғылым объектісі – бұл ғылыми білімнің берілген саласына
бағытталған, сол шынайылық ауқымы, құбылыстар мен үдерістер-
дің жиынтығы. Ғылым нысаны əдетте, шынайылықтың айтарлық-
тай кең аясын білдіреді жəне өзінің күрделілігі мен көпқырлылығы
салдарынан, өзінің негіздемесінде барынша əртүрлі ғылымдардың
«қатысуын» қалайды жəне талап етеді. Тəуекелге сай келетін күрделі
объектінің дамуын жан-жақты зерттеу, негіздеу, оның үстіне
1-болжам жасау үшін, бір ғылым жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондық-
тан да, қазіргі философия мен ғылым əдіснамасында жəне ғылыми
зерттеулерде, кез-келген табиғаттың күрделі əрі көпаспектілі нысан-
дарын зерттеуге, сөз жаратылыстану немесе қоғамдық, əлеуметтік
ғылымдар жайында айтылып жатқандығына қарамастан, пəнаралық,
ықпалдастық, жүйелілік тұрғысынан келу мəселесі алдыңғы орынға
шығуда.
Достарыңызбен бөлісу: |