Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Жоғары кəсіптік білімнің құзыреттіліктеріне (жалпы білімділік, əлеуметтік-этикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық- басқарушылық, арнайы) сипаттама беріңіздер



бет13/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
13. Жоғары кəсіптік білімнің құзыреттіліктеріне (жалпы білімділік, əлеуметтік-этикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық- басқарушылық, арнайы) сипаттама беріңіздер.

Жоғары білімнің

жалпы құзыреттіліктері жалпы білімділікке, əлеуметтік-этикалық,

экономикалық жəне ұйымдастырушылық-басқарушылық, арнайы

құзыреттіліктердің талаптары негізінде қалыптастырылады.

Кəсіптік оқыту мазмұнын жобалау республикалық деңгейде

жүзеге асырылады. Мамандықтардың қандай кəсіпке, қандай өндіріс

саласына жататындығы нақтыланған кəсіптік оқыту мазмұнын

іріктеуде ықпалдасу принципі ескеріледі. Жалпы алғанда кəсіптік

білім беру мазмұны жалпы білім жəне кəсіби даярлық блоктарынан

құралады. Осыған орай, кəсіптік білімнің, тəрбиелеудің жəне жеке

тұлғаның жалпы дамуына қатысты міндеттерді шешуге бағытталған

тəрбиенің субъектілері мен объектілерінің даму үстіндегі өзара

əрекеттестігі болып табылады.

Кəсіптік оқыту мамандығы бойынша бакалавриаттың білім

бағдарламаларының мазмұнына кіретіндер:

– жалпы білім, базалық жəне бейіндік циклдары пəндерін

зерделеуді қосып алғандағы теориялық оқыту;

– қосымша оқыту түрлері – түрлі кəсіби практикалар,

денешынықтыру, бастапқы əскери даярлық жəне т.б.;

– аралық жəне қорытынды аттестаттау.

Осы орайда, бакалавриаттың білім бағдарламалары пəндерді

оқытудың модульдік жүйесінің негізінде жобаланады. Теориялық

оқытуға жұмсалатын жалпы жүктеме оқылатын пəндер тізімімен

анықталады.

Жалпы білім беретін пəндер циклы (ЖБП) міндетті компонент

жəне таңдау компоненті пəндерінен құралады. Базалық пəндер

(БП) жəне бейіндік пəндер (БП) циклдарына міндетті компонент

пəндермен қатар таңдау компонентінің пəндері кіргізіледі.

БП (базалық пəндер) циклындағы пəндердің көлемі типтік оқу

бағдарламасындағы пəндерді оқытуға бөлінген жалпы көлемінің

50%-ын немесе 64 кредитті құрайды, олардың 20 кредиті міндетті

компоненттегі пəндерді, ал 44 кредиті таңдау компоненті пəндерін

оқытуға бөлінеді.

БП (бейіндік пəндер) циклындағы пəндердің көлемі типтік оқу

бағдарламасындағы пəндерді оқытуға бөлінген жалпы көлемінің

25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, олардың 5 кредиті міндетті

компоненттегі пəндерді, ал 27 кредиті таңдау компоненті пəндерін

оқытуға бөлінеді. Білім стандартында қарастырылатын ең аз мөлшерде берілетін

міндетті жəне ЖОО-ның ұсынатын оқу жүктемесі аясындағы білім

деңгейі түрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі. Кəсіптік

білім мамандығын жоғары білім бағдарламасы бойынша оқытуды

аяқтағандарға «баклавр» жəне біліктілік қосымшасы (транскрипт),

мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет