Қарапайымдылар


КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - CILIOPHORA



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - CILIOPHORA
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың 
ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене 
генеративті - микронуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. 
Кірпікшелі инфузориялар
- Ciliata және 
сорғыш инфузориялар
- Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал 
сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін 
жойылады.
КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CILIATA
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе 
теңіз жағасындағы құмның арасында тіршілік етеді. 
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін. Кірпікшелі 
инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың 
құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің 
айналасында орналасқан. 
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен 
көбейеді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - 
Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі 
құрылысты қарапайым жәндік. Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері 
ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады. 
Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. 
Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ 
пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. 
Пелликуланың астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады - олар тірек қызметін атқарады.
Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында 
ауыз тесігі - немесе цитостом орналасқан, ол "жұтқыншақка - цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ 
цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл 
балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне 
және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік затқа толып, 
цитоплазмаға ауысады. Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ac 
қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы 
болса вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның қоректенуі де жиілейді.
Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және эндоплазманың арасында 
орналасқан. Олардың қызметі үнемі жиырылып, осмос қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс алады. 
Инфузория вакуольдерінің құрылысы күрделі.
Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық 
вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа 
шығарады.
Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен - макронуклеус және кіші - микронуклеус. Макронуклеус 
хроматинге бай, үрме бұршақ дәні тәрізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да 
макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус 
орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол - генеративті ядро. Парамеция барлық 
инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді. 


Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты 
көбею жолы конъюгация деп аталады. Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның 
қосылуы.
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулалары 
аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды 
коньюганттар деп атайды. 
Инфузориялар коньюгациядан басқа жынысты - автогамия жолымен де дамиды. Автогамия кезеңі 
коньюгацияға өте ұқсас, бірақ инфузориялар бір- бірімен жанаспай, ядро құбьшысы тек қана бір 
инфузорияда өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет