Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының 16 қыркүйек 16 қараша аралығында «Көк сандықтың саяхаты»



бет11/27
Дата27.11.2016
өлшемі6,65 Mb.
#2578
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

« Жаңа кітап-жаңа әлем »

Көк сандықтың тұсаукесері
Жобаның мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу.

«Көк сандықтың» басты миссиясы: балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдау, балардың бір бірімен пікір талас туғызу.

Қатысушылар: Балалар, ересектер, ата-аналар.

Өткізу шарасы: таныстыру, әдеби сағат, дауыстап оқу, биб.шолулар.



Ұран: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!

Ұстаным: Көк сандық кітап оқуды дамыту бағдарламалары бар, жаңа жобалар мен қызық бастамалары бар кітапханаларға барады.

«Көк сандықтың саяхаты» атты бағдарламаның мағынасы –ересектер балаларға кітаптарды оқып, балалармен бірге кітапты талдайды, интеллектуалды ойындар ойнап, оқылған кітаптардың кейіпкерлерін суреттеп, пікір жазады.

Өту барысы:

    Кітапханашы: Бүгін біздер үшін айрықша күн. Ауыл кітапханасына

Көк сандық қонаққа келді. Бұл сандықтың тарихы сонау Германия қаласынан басталады. Содан кейін сандық өзінің саяхатын Ресейде жалғастырды. Биылдан бастап Қазақстанның барлық қала, облыстарын аралауда. Қыркүйек айында Көк сандық өзіміздің Қарқаралы ауданына келді. Енді міне бүгін ауылымызда саяхатын жалғастыруда. Қане балалар Көк сандыққа «қош келдің » деп айтайық. Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар? Иә кітаптар, өте әдемі қызықты кітаптар бар. Олар бүкіл жерді аралап сендерге келіп отыр. Бүгін біз сол кітаптармен, олардың кейіпкерлерімен танысамыз.

/Кітаптарды таныстыру, әр кітапқа тоқталып кету, мазмұнына, авторына шолу жасап отыру/


2. Ағылшын халық ертегісінің желісі бойынша «Үш күшік» және «Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары» атты кітаптар бойынша талдау, сұрақтарға жауап беру.

3. Тұрысбек Еділбаевтың «Айша» атты кітабынан жұмбақтар шешу.

4. Тұманбай Молдағалиевтің «Балаларға базарлық» және «Бөбекке арнаймын» сериясы бойынша шығарылған «Менің досым» атты өлеңдер жинағына дауыстап оқу.

Кітапханашы:

Енді балалар Көк сандыққа тілек –пікірлерің болса жазып тапсыруларыңа болады. Келесі келгенде қандай кітап әкелсін деген ойларың бар.

«Тілек парағын» толтыру. Балалар қолтаңбаларын қояды.


«Білімпаздар» мен «Кітапқұмарлар» командалық сайысы

Балалармен «Көк сандықтағы» кітаптар бойынша ойын - сайыс.

2 командаға бөліну.

Өту барысы:



Кітапханашы: Ал, кәне, балалар «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды бастайық. Мен сіздерге ертегілерден үзінді айтайын сіздер тауып көріңіздер. Ал бастайық:

  • ...Менің ыдысыма тиіскен кім?! –деп, ақырады.... (Үш аю)

- ...Әнің қандай тамаша, әттең, құлағым жақсы естімейді,... (Бауырсақ)

Қырғауыл:

- Қайда барасың, бұйрықты ұмытып кеттің бе?- деп, қашып бара жатқан түлкінің артынан айқайлады. (Түлкінің жорықтары)

Кітапханашы: Балалар енді сендер халық ертегілерін жақсы біледі екенсіңдер. «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды жалғастырайық. Бұл жолы мен сендерге ертегілерден суреттер көрсетемін. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

(слайдтар көрсету)



Жұмбақ шешу:

Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер?     (үш аю)
Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.    (бауырсақ)
Викториналық сұрақтар

1 командаға
1. Қандай балаларға арналған газет-журналдарды білесіңдер?

(«Балдырған», «Айгөлек», «Бала би», «Мөлдір бұлақ», «Ақжелкен», т.б.)


2.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? ( Баспахана )
3.Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады? («Атамұра», «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бөбек»).
2- командаға
4. Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)
5. Халықаралық Балалар кітабы күні қай күн? (2-сәуір)
6. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23-сәуір)

Кітапханашы:  Балалар, кітапты қолдарыңа алып оқығыларың келеді ме?

Сендерден кейін осы кітаптарды басқа балалар да пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.



( Ойын «Иә-жоқ )

Кітапханашы: / Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер/

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған  жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ»,  Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».
/Сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтар, тәттілер үлестіру/
Енді балалар Көк сандыққа тілек –пікірлерің болса жазып тапсыруларыңа болады. Келесі келгенде қандай кітап әкелсін деген ойларың бар.

Кітапханашы: Көк сандықтың саяхаты мерекесіне белсенділік көрсеткендеріңізге рахмет. Міне біздің кішкене мерекеміз – кітап мерекесі де аяқталды

-Бәрін, бәрін, білесің, оқи берсең кітапты, - демекші құрметті біздің бүгінгі ертеңгілігімізге қатысушы балалар.

Міне сондықтан кітапты жақсы көріп, құрметтейік. Кітапханаға барып кітап оқиық, олай болмаған күнде біз білімді болып өсуіміз мүмкін емес. Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Естелікке «Көк сандықпен» бірге суретке түсу.

Кездескенше сау болыңыздар!




«Көк сандықтың» саяхаты – Аппаз ауылында

06.09.2015-12.09.2015



Аталмыш акция аясында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше әсемделген көрме балалардың қызығушылығын арттыра түсті.Ең кіші оқырмандарға кітап оқылымдары ұйымдастырылды.Жалпы айтқанда, оқырмандар арасындакітап көрменің абройы үстем болды. Көк сандықтың ішіндегі кітаптар заманауи басылымда керемет және әсем безендірілген 37 дана кітап балалар назарларына ұсынылды.Іс-шара барысында көк сандықтың пайда болу тарихы әнгімелеп берілді.Балалар қуана-қуана сұрақтарға жауап беріп,көк сандықтың ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.Іс-шара көңілді өтіп, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленіп ,мерекеге шаттанып қалды. Көк сандықтың ішіндегі кітаптармен танысып 7 сынып оқушылары фантастикалық кітаптардан «Чудесный нож», «Балаларға арналған әдебиеттер» оқыса, 5 сынып оқушылары «Үш аю», «Құс тұмсық патша», «Әліпби», «Медас парша»т.б ертегі кітаптарын оқып өздерінің алған әсерлерін басқа да оқырмандарға өрнектеп жеткізе білді. Сонымен қатар балалардың естеріне көбірек сақталған жағдайды аққағазға түсіру ұсынылды және балалар қызыға кірісіп салған суреттерімен бөлісті.

Қорта келе балалар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет