Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)


Зарлай берме! Көр жиһан көрінісін



бет7/14
Дата06.02.2022
өлшемі4,25 Mb.
#35390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Зарлай берме! Көр жиһан көрінісін:


кім не істемей жатыр өз өмірі үшін.
Аң, құс, ағаш…бәрі де бейімделген,
Ал өйтпесе күттірмес өлімі шын.

1033
Қоңыртөбе жарықтық…түу сондағы


қалпында екен! Жуасы, жусандары…
«Бала күнді қайтаршы, айналайын?!»
Ұялды ма, о несі – бусанғаны?..

1034
Ердана сөз қатса Өмір әр қырынан,


Үркіп кетпе кетер деп шарпып ылаң.
Сөз емес ол – сәуле ұшқан Болашаққа,
Санадағы жарылыс жарқылынан!

1035


  • Күнәһарсың! Алмайсың тым ақтала.

Күмілжуің содан – көп сұраққа да…
Арыл, арыл! Кеш емес… мына Жалған –
Мәңгі өмірге өткізер сынақ қана!

1036
-Тағдыр тағы не деп тұр жарқылдарың?


Көп көрдің бе сәл ғана жан тынғанын?!..
Жебе ұстатқан жоқ ең ғой, неге керек
Адырнадай тағы да тартылғаным?..

1037
Тірлікте сатқындықты саудалаған,


Көзде жас, көңілде мұң қаумалаған,
Тілейсің өзің еткен жақсылықтан:
«Жамандық жауыны боп жаума маған?..»

1038
-Ей, шырақ! Мен де жастық желікпенен,


«Болсам, - деп, - пәленшедей!» еліктегем.
Болғам жоқ! Қырық түрлі қылығымның
жемісін ащы-тұщы теріп келем…

1039
- Сөзім емес, сеніңіз, уытты өктем:


жүрек гүлін ашқанда туып көктем –
көрмедіңіз!.. Жасанды гүл ұсынбан…
Кешіріңіз, мен сізден суып кеткем…

1040
-Ассаң да асу сүрең сап, сен барлықпа,


Қоспа өзіңді аспасаң ең қалдыққа.
Бар кілтипан Бақта ғой…Ол қонбаса,
Ешек базар да алмайды делдалдыққа!

1041
Мына Өмір – шын Өмір ме?.. Немесе бір


қиналып қиял түған елес- Өмір?..
Сарғайтқан санаң толқып сағымданса,
Шын тұрмақ елеспен де кеңесе біл…

1042
- О, Алла! Мені азаптап сабылтқандар


біле ме: қанша алдымда қауырт таң бар?..
Білсе де, білмесе де деші оларға:
«Жә, жетті!.. Жанын енді ауыртпаңдар!»

1043
- Кешір, сөзім көңліңе салса мұңды:


ұмыт мені – сандалған сар сағымды!..
Қайтіп айтам, періштем, сені құшып,
Құдайға аян – басқаны аңсарымды?

1044
- Ей, міскін! Сен неге осы шіренесің?


Мүмкін қазір шығалы-кірелі есің?..
«Күрсінің күші мәңгі» деп кім айтты?!
Мәңгі еместі мәңгілік кім елесін…
1045
Бір надан оңды-солды құлаштаған,
Жер ғып тұр деп байғұсты «тілі ащы адам!»
Ол тілді ащы қылған өзі емес пе?..
- О, Жалған, есігіңді кім ашпаған?!

1046
- Күнім ең ғой, қарағым, күлімдеген!..


Өзің бар да еш тамұқ білінбеген.
Ендігі сый – қиямет қиқуы ма?..
Біртүрлімін, әйтеуір, бүгінде мен.

1047
- Ағасы! Аулақтама… Жақын келгін.


Оллаһи, кеп тұр саған ақыл бергім:
сақалдың киесі атар сыпырғанды
Онымен табанжолын әкімдердің!..

1048
Әне, «өсті» бір қуың бұлтыңдаған,


Өмір бойы берген тек құлқынға мән!
Осындайды неліктен жаратады?..
Әлде бұзу үшін бе сұрқын ғалам?

1049
- Бұл бәлкім, менің мәзір-үзір үнім:


Уақытты өткізбеші, жүзі гүлім?!..
Амал не, оның біз де еншісіміз,
Онда да бір-ақ тұтам үзігінің.

1050
- От боп жандық сол бір түн тап келгенде,


Желдей есер сөз шығып жатты елден де…
Сондағы алау қайда, айым?! Неге жатсың?
Өзге жүрек өзіңе сап берген бе?..

1051
Жарлыға бір бай былай деп күліпті:


- О, байғұс, менде бәрі жеткілікті!..-
Оттапты! Жетсе осыны айтар ма еді,
Қай ақыл отыменен кеп кіріпті?!

1052
- Ойламап ем деп өстіп алдайды арман,


Арман емес, шығып тұр сан қайғы алдан!..
- Небір жігіт сұлтанын өксіткен ол!..
Өксігендер жұлдызы жанбай қалған.

1053
- Деймісің «қиянатқа тұрам қарсы!»..


Таба емес, тек сауалдан сыр аңғаршы:
қолыңда қарсы тұрар қай күшің бар?!..

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет