Арғытүркілердің мәдени мұрасы


Селенгі өзенің алқабындағы Сираттар



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі17,69 Kb.
#82136
1   2
Байланысты:
мәдениеттану

Селенгі өзенің алқабындағы Сираттар
Археологиялық зерттеу нәтижелері ғұн көшінің негізгі бағыттары мен оның әсерімен болған этникалық, антропологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ғұндардың археологиялық ескерткіштерін кезінде Кеңес ғалымдары жақсы зерттеген. Олардың негізгі ескерткіштері Селенгі өзені мен оның сағалары Орхон, Жиде және Чикая өзендерінің бойында орналасқан. ХІХ ғ. Қияқты қаласының маңынанЮ.Д. Талько-Гринцевич ежелгі зиратты тауып, қима мен табыттардан тұратын 100 ге жуық қабірлерді қазған. 1924-1925 жылдары П.К.Козловтың экспедициясы Монғолстандағы әйгілі Ноинулинск қорымын қазды. Ежелгі ғұн ескерткіштері сңғы кезде Қияқты қаласы мен Дәристуй ауылыныңмаңында да зерттелген. Селенгір өзенінің сол жағалауындағы Улан – Удэге жақын орналасқан Иволгинск қалашығын зерттеу ғұндар жайлы көп құнды материалдар берді. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 1500 ге жуық ғұн қорымдарының үштен бір бөлігі зерттелген. Олар көп жағдайда аса үлкен емес, төрт бұрышты, немесе дөңгелек келген тас үйінділеріне тұрады. Қарапайым ғұндар ағаш табытқа салынып, қима тағанға жерленсе, билеуші тап өкілдері екі қатар етіп салынған қима тағанға қойылған. Солтүстік Монғолстандағы Нойн – Ул тауындағы қорымнан ғұн шаньюлерінің қорымдары қазылған. Қабірлерден табылған алтын, күміс және асыл тастардан жасалған заттар, жібек маталар мен кілем қалдықтары ғұндардың дәулеті мен құдіретінен хабар береді.
Жерлеу заттарының ішінде ең көп кездесетін үш қанатты жалпақ жебенің ұштары. Олардың сүйектен жасалған құрамалы садақтары да белгілі. Ыдыстары балшықтан және ағаштан жасалған құмыралар, құмғандар, саптыаяқтар,қасықтар т.т. Сонымен қатар қола айналар мен сүйектен жасалған бұйымдар да кездеседі.
Ғұндардың қоныстары да жақсы зерттелген. Зерттеу материалдары ғұндардың тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік құрылысынан мол мәлімет береді. Төменгі – Иволгинск қалашығында жүргізілген қазбадан астық қалдықтары, тас дән үгіткіштер, жерден қазылған астық қоймаларының орындары табылған. Руда балқытатын пештің (Сыродубное горн) орны да сол жерден табылды. Оның маңынан темір қортпалары мен темірден жасаған заттардың қалдықтары шыққан.
Ғұн әйелдерінің қабірлерінен диядемалар, сырғалар, білезіктер, белдіктің қапсырмалары және моншақтар жиі кездеседі. Олардың бас және аяқ киімдері былғарыдан тігілген.
Қарапайым ғұндар былғары және жүннен жасалған киім кисе, ақсүйектер жібектен, мақта матасынан және жоғары сапалышерістен тігілген киімдер киген. Қазақстан жеріндегі ғұндардың ескерткіштері өте аз зерттелген. Оңтүстік Қазақстандағы Ақтобе 2 қонысы мен Жамантоғай зираты бірсыпыра ғұндық материалдар берген.
Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар – алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: "В конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам” Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай». Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті. тәнті болды. А.Сейдімбек сынқазақ ғалымдары Ұлы империяның Гумилевтің пассионарлық теориясын жазуға негіз болғандығынжазған еді. «Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады. Мұрад Аджи «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские» - деп жазған еді.
«Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы кұші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты.
Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани өмірдің қазығы болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет