2.5 Шет елдерде жоғары білімді маман даярлаудың жағдайы
Қазастан жалпы әлемдік кеңістікке келе жатқанда озат педагогикалық технологияларды рухани-өнегелі құндылықтарға сай болып дамыған мемлекеттерден үлгі алып, тәжірибеалмастыру қажет.
Осы мәселеге қатысты ең дамыған мемлекеттердің бірі – Жапон елінің білім саласындағы дайындық жүйесі мен мұғалімдік жоғары өнегелі қатынасын иегріп-білгеніміз пайдалы болады. Жапон халқының ұстарзға дәстүрлі абыроймен қарайтындығы еріксіз жағымды қатынас туғызады. Педагог, мұғалім, оқытушы биік өнегенің үлгісі болып келеді. «Ұстаз – ұлт мақтанышы». Ұстазды қадірлеу – халықтың бойына сіңген қасиет. «Кері үш қадам жасасаңда, ұстаздың көлеңкесін таптама» деген даналықсөздер бар.
Жапондықтар сыйлайтын адамдарын «Ұстаз» деп атайды. Бұл елде мұғалім еңбегі жоғары бағаланады.Олар үлкен жалақымен қатар жыл сайынқосымша (бонус) төлем алып отырады. Ол мемлекетте 1 жылда 1 мұғалімдік орынға 4-5 маман ұмтылады. Жапон педагогикасында жақсы мұғалімдер үлгісі терең жетілдіріледі.
Жапон педагогы Томомучи Кунчи мұғалімнің нақты қасиеттері мен белгілерін көрсететін мынадай педагог үлгісінұсынады:
- бірыңғай оқыту мен тәрбиелеу қабілеттілігі;
- нақты дәрістік педагогикалық білімі;
- жоғары мәдениет пен құндылықты сезіну;
- еркіндік пен жауапкершілік;
- парасатты элитаға қатынасы.
Жапондардың білім жүйесінің жоғары деңгейі, көбінесе, педагогикалық мамандардың біліктілігін көтерумен түсіндіріледі. Мұғалімдерді университеттердің сәйкес факультеттерінде, педагогикалық университеттерінде (оқу мерзімі 4 жылдан кем емес), шағын колледждердің 2 жылдық арнайы бөлімдерінде даярлайды.
1) Бағдарламалары педагогикалық және арнайы айналымдардан құралады. Педагогикалық курс міндетті және элективті білім алудан тұрады. Педагогикалық курстың үлгі қалыбы келесі пәндер мен жұмыстардан тұрады.
2) Оқудың әдістемесі, техникалық тәсілдері.
3) Оқудың мазмұны мен әдістемесі (болашақ мұғалім қызмет ететін мектептің бағдарламасындағы сатыларындағы пәндер игеріледі).
4) Өнегелі тәрбие мәселелері.
5) Педагогикалық білімнің міндетті бағдарламадан тыс қызығушылық бағытына байланысты курстар (білім философиясы, педагогика тарихы, салыситырмалы педагогика, әлеуметтік педагогика, мектеп жетекшілігі).
6) Кәсіби бағытпен мектепбасқару мәселелері.
7) Педагогикаплық тәжірибе (1-ден 6 аптаға дейін) жоғары оқу орнына тіркелген базалық мектептерде өтеді.
Болашақ ұстаздың білім алуын ұйымдастырудың әістері мен формалары дәстүрлі болып келеді: дәріс, семинар, тәжірибелік жұмыстар.
Диплом алу үшін нақты балл жина қажет (кредиттер). Мысалға: бастауыш мектептің болашақ мұғалімдерінің баллы – 41 кредиттен кем болмайды. Бұл сан төмендегі үлгібойынша қосылады. Курстың үлгі қалпының бірінші тарауы бойынша – 12, екінші, үшінші, төртінші тарауы бойынша – 22; бесінші тарауы – 2, алтыншы тарауы – 5. Дипломынң сапалығы мұғалім үшін өте маңызды. Мектеп мұғалімдері алағн біліміне байланысты үш басты дәрежеге бөлінеді: 2,4 дайыныдығымен, сонымен қатар, қосымша университет курсынан тыс білім алғандар. Мұғалімдер көрсетілген дәрежелердің біріне талаптануына болады. Диплом жоғарылығы мұғалім дәрежесінің өсуіне септігін тигізеді. Неғұрлым дипломы жоғары,тәжірибесі мол мұғалімнің соғұрлым еңбекақысы да жоғары болады.
Мектеп мұғалімдерінің алған білімінебайланысты 3 негізгі категорияларға бөлінеді: 1) екі жылдық; 2) төрт жылдық; 3) қосымша білім жетілдіру.
Үш түрлі сертификат болады: 1) колледжбітіргеннен кейін беріледі; университет бітіргеннен кейін; магистр атауын алғаннан кейін.
90 жылдардан бастап балабақшадағы ұстаздардың 85 %-ы колледждің диплом иегерлері болса, қалғандары университеттік білім алғандар бастауыш мектептерде 80 % магистр атағының иегерлері; 20 % - колледж дипломдармен, орта буын бастауыш мектептердің мұғалімдері – 90 %; 3 %-дан тұарды. Тәртіпке сай мұғалімдер жұмыс орындарын үнемі ауыстырып отыруы қажет, ол өз кәсіби шеберлігінің дамуына себеп болады.
Мұғалімнің біліктілігін көтеру жүйесі нақтыланған. Әр префектурада аз дегенде бір қайта даярлау орталығы бар, бұл жерде ұстаздар зерттеу жұмыстарымен айналысады. Көптеген қалаларда біліктілікті көтеру курстары құрылған. Білім министрлігі мектеп директорларына, аға оқытушыларына арнап, үнемі қайта даярлау курстарын ұйымдастырып отырады. Педагогикалық құрамын даярлау кеңесі 4 жылдық жоғары оқудан кейін аспирантураға түсуге негіздейді.
Жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар қызметінің басты формалары: дәріс, студенттің өздік жұмысы (семинарлар 2-курстан басталады). Оқытушылардың құрамының жетіспеушілігіне байланысты көп ағымды анықтамадан нақты сандар көрсеткен.
Васегадағы жекеменшік универсмитетінде 46 000 студентке 841 – профессор, 139 – доцент, 2305 – аға оқытушы, 112 – ассистенттер сабақ жүргізеді. Жалпы саны – 33097 оқытушы.
Токионың мемлекеттік университетінде 30 000 студентке 1272 – профессор, 1182 – доцент, 1437 – аға оқытушылар, ассистенттер, яғни, жалпы саны 3891 оқытушылар сабақ береді.
Профессор-оқытушылар құрамының дәрістік жүктемесі аптасына 1-3 дәрістен аспайды. Мұның себебі, семинарлық сабақтың жетіспейтіндігінде. Бұл жағдайда студенттердің өзіндік жұмыстарында тиісті оқу құралдарын қолдануын талап етеді – автоматтандырылған оқы жиынтығы, электронды оқулықтар, ара қашықтық оқыту мүмкіндіктері. Осыған байланысты мұғалім мамандығының талаптары өседі. Барлық мұғалімдер оқу бағдарламасымен қатар әрбір оқыған курстың мазмұнын өткізуі қажет. Бұл ақпараттар университеттің мәліметтер базасына енгізіледі. Профессордың орташа айлығы 5 000 АҚШ долларынаан тұрады. Ассистенттер 2-3 000 АҚШ долларын алады. Әр 63 жасқа толағн профессорлар зейнеткерлікке шығады. Қанағаттанарлықтай өмір сүруге жететін зейнет ақыларымен қатар, үстеме жәрдемақы алады. Жеке меншік мектептің Киото мұғалімі 200 000 АҚШ долларын жәрдемақы ретінде алған. Оқытушы Нобелдік сыйының жүлдегері болса да, зейнеткерлікке шығады. Алайда, еңбек сіңірген мемлекеттік комиссияларды басқарады. Жоғары оқу орнының жақсы дәстүрлерінің бірі – еңбегі сіңген профессорларға жер немесе үй беріледі. Киотоның Юкава институтының Хидеки физика ғылымының Нобельдік сыйлығының жүлдегеріне университет сыйлаған үйі бар.
Әділхан Дүйсебек Жапония елінің білім жүйесі және ұлттық тәрбие туралы былай деп жазады: «…Экономикалық өркендеу мен жаңа технологияларды игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің білім жүйесінің дамуын зерделесек, оның басты ерекшелігі - ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашанда басты орынға қоятындығы. Жер көлемі шағын, табиғи қазба байлықтары жоқ, мұхит арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы адам капиталы, өз елі мен жерін шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Сондықтан да осындай адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты маңыз беру нәтижесінде Жапония бұл саладағы әлемнің ең озық елі болып саналады. Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен, бес күндік оқу аптасы енгізіліп, балалардың мектепте өзін жақсы сезінуіне толық жағдай жасалған, балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жастарды жоғарғы біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойынша да Жапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда тұр…» (Әділхан Дүйсебек, «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды», «Егемен Қазақстан» газеті, №280, 14-желтоқсан, 2005-жыл).
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде біздің мемлекетіміз де осы Жапония сияқты алдыңғы орынға шығуы мүмкін.Біздің ауыз әдебиетімізде мектеп оқушыларына патриоттық рух беретін ресурстар көп. Батырлар жырының тәрбиелік маңызын жете зерттеген ғалымдарымыздың ой-пікірлерін зерделер болсақ, ұлттық тәлім-тәрбие беруде батырлар жырының маңызы орасан зор.
Достарыңызбен бөлісу: |