Ары мектеп педагогикасы


Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары



бет25/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

2.3 Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» делінген. Басты мақсаттың бірі ретінде білім беру аталды. Ғылыми мүддесі білім беру саласын реформалау проблемасымен тікелей байланысты ғылым ретінде және жас ұрпақ тағдырына бей-жай қарай алмайтын қарапйым азамат ретінде де ойлы әрі талғампаз оқырманмен осы мәселелер жөнінде пікір бөлісуге болады.


Қоғам қай заманда да өз азаматтарының нені меңгеріп және қалай оқып-біліп жетілгенін жіті қадағалап отырған. Өйткені, қоғам мүшелерінің өздерінің әл-ауқаты мен игілігі ғана емес, сонымен қатар бүкіл мемлекеттің қуаты мен игілігі де, түптеп келгенде, сол қоғам мүшелері алатын білімнің деңгейіне байланысты. Осыған орай, экономикалық және ғылыми прогрестің заманы болып есептелетін, алайда нәтижесінде әркім өз мүддесіне қарай әрқилы өмір сүруге көшкен ғасыр аяғында болашақ жөніндегі мазасыздық пен үміт тижығыс түсіп жатқан қазіргі кезеңде білім берудің басты міндеті құлықтылықтың абзал мұраттарына деген сенімді ояту, әркімдіөмір мәнін түсіне білуге жетелеу болып отырғаны тегін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы саясатты білімнің үнемі толыға түсу процесі және айтарлықтай дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың жетілу процесі деп қараған жөн. білім берудің міндеті - әрбір адамға өз дарыны және бар шығармашылық қарым-қуатын толық ашуға мүмкіндік беру. Демек, әркімге өзінің жеке жоспарын жүзеге асыруға жол ашу деген сөз. Бұл басты мақсат болып табылады. Оның ұзақ уақыт пен қажырлы еңбек арқасында қол жеткен жетістіктері ХХІ ғасырдағы Қазақстанның дамуына қосылған негізгі үлесі болмақ.
Білім берудің этикалық және мәдени аспектілерін қайта қарап, әркімге өзгелерді бар ерекшеліктерімен түсінетіндей және бейберекет қозғалыспен әйтеуір бір бірлікке қарай бет алған әлемді ұғынатындай мүмкіндік жасау керек. Ал, мұны біліміне, ой-толғамына, тәжірибесі мен өзіне өзі сын көзбен қарау арқылы өзін-өзі түсіне білуге үйренуден бастаған жөн. Өйткені, қазіргі білім жүйесінің ең басты кемшіліктерінің бірі – қоғамдық санада, әсіресе, оның ресми-педагогикалық деңгейде адамдардың өзін-өзі жетілдіру идеясына жете көңіл бөлінбеуінде.
Білім беру ісі қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы жолында бірқатар міндеттер атқаруы тиіс. Әлеуметтік қажеттіліктердің ең маңыздысы осы қоғамның өзі тұжырымдаған игілік-ізгілік қағидаларын ұстануға ұмтылыс болып табылады.
ХХІ ғасырда білім беру өте тез өзгеріп отыруын уақыт талабына сай болуы керек. Сондықтан да, болып жатқан өзгерістерге лайық үздіксіз білім берудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажет. Бұл орайда білім берудің төмендегі негізгі принциптеріне баса назар аудару керек.
Ең алдымен, білім алуға үйрену қажет. Алайда, ғылыми прогреспен және экономикалық, әлеуметтік саладағы жедел өзгерістерді ескере отырып, жалпы мәдени білімді шектеулі пәндерді терең игеру мүмкіндігімен ұштастыру қажет болады. Жалпы мәдени деңгейдің биік болуы үздіксіз білім алуға апаратын тікелей баспалдақ деуге болады, өйткені, ол білімге құштарлықты туғызады және өмір бойы ізденуге ықпал етеді.
Екіншіден, жұмыс істеуге дағдылану керек. Мамандықты үнемі жетілдіру – кең мағынада жан-жақты жетілу – болжап болмайтын көптеген тосын жағдайлардан алып шығады. Мұндай тереңділік пен біліктілікке қол жеткізу үшін оқушылар мен студенттердің оқумен қатар, кәсіби және әлеуметтік салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін сынай алмайтындай және тәжірибе алатындай мүмкіндіктері болуы қажет.
Үшіншіден, бұл ең бастысы, өмір сүре білуге үйрену керек. Бұл мәселе 1972 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен жарық көрген Эдгар Фордың баяндамасында баса көрсетілген. Оның ұсыныстары өз маңызын жоғалтпақ емес, өйткені, ХХІ ғасыр барлық адамдардың дербестік пен бағалауға қабілеттілікті талап етеді және мұның өзі ұжымдық жобаны жүзеге асыру аясындағы жеке жауапкершілігімен ұштасып жатуы керек. Баяндамада атап өтілгендей, әр адамның бойында бұғып жатқан дарын атаулы түгелдей кәдеге асатындай жағдай жасалуы маңызды. Оның кейбіреуін атап өтсек, олар: ойлауға қабілеттілік, есте сақтау, қиялдау, дене мүмкіндіктері, сезімталдық ... Мұның бәрі адамның өзін-өзі дұрыс тани білуі қажет.
Жаңа тұжырымдар жасаған кезде уақыт пен кеңістік шегінде білім беру икемді, жан-жақты және әркімнің-ақ қолы жететіндей оңтайлы болуын және де білім берудің әрбір сатысын өз мәнісімен, маңызымен ерекшелеп, осы арқылы не барын елеп-екшеп, қажетті-қажетсіз деп бөлуді, не дарындылардың дамуына кедергі келтіретін теңгермешілік жолына түсу сияқты шешімі қиын таңдаудан құтылу керек.
Бұл ой-толғаныстар базалық білім беру талап-тілектеріне қатысты жалпыға білім беру жөніндегі 1990 жылы Джомтьенде өткен конференцияның мына бір айқындамасына сәйкес келеді. «Бұл талап-тілектер адамдардың аман-есен өмір сүруіне, адамгершілік ар-намысын сақтай отырып, еңбек ету үшін бойындағы барлық қабілетін дамытуына, баянды да мағыналы өмір сүру үшін талаптануына, парасатты шешім қабылдап, білімін жетілдіруге өте-мөте қажетті әдет-дағды жиынтығына (оқи білу, жаза білу, ауызекі сөйлей білу, санай білу және есеп шығара білу) қоса, оқып-үйренудің негізгі мазмұн-мағынасын да (білім, кәсіптік дағды, рухани нұсқау мен пікір-көзқарас) қамтиды».
Бұған үздіксіз білім берудің жаңа тұжырымдамасын дайындауда оқытушылар мен оқушылардың ара қатынасы, балалар өмір сүретін ортаны танып-білу, қатынас құралдарын дұрыс пайдалану, түптеп келгенде, әр оқушының жекек басы мен ақыл-ойының жетілуіне игі ықпалын тигізетінін ескеруге тиіспіз. Дәстүрлі нақты білім беру мен мектептен тыс жұмыстар әдістемесінің үйлесім табуы білім берудің әдеп және мәдениет, ғылым мен техника, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар секілді үш құрамды саласын меңгеруге жол ашуы тиіс.
Бұл ретте балалар мен өскелең жас ұрпақтың дүниетанымын және дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастыруға міндетті бұқаралық ақпарат құралдарының ролін әсте естен шығаруға болмайды. ХХІ ғасырда телеарналар бірінші кезекте жалпыадамзаттық және ұлттық моралға қайшы келетін зорлық-зомбылықты, арбап-алдауды, бұзықтықты, әр қилы жұлдызды соғыстарды уағыздайтын ақпараттар ағымынан арылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ата Заңында орта білім беру міндетті делінген. Осыған орай, дүние жүзіндегі дамыған елдердің өзінде қаржы жағынан болсын, ұйымдастыру тұрғысынан болсын білім берудің үлкен проблема екенін ескеру қажет. Өзінің қоғамдық және жеке өмірінің барысында адам нені болсын оқып-үйрене алады.Бұл – ақиқат, шындық. Осымен байланысты қазіргі қатынас құралдарын немесе кәсіби қызметті, сондай-ақ мәдени өмір мен бос уақытты жалпы білім берудің пәрменді құралына айналдыру жағына ерекше көңіл аудару қажеттігі туындайды. Бірақ, бұлар кейбір шындыққа көлеңке түсіруі де мүмкін. Өйткені, егер де біз оқу мен оны үнемі жоғары сатыға көтеріп оытруға барлық мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз дейтін сөзге жүгінер болсақ, бұл мүмкіндіктерді пайдалана алатындай жағдай жасауымыз керек екендігінің өзі – ақиқат шындық. Бұл үшін әр адамға ең қажеттісі – жан-жақты, сапалы базалық білім алу деп ойлаймыз.
Оның үстіне мектеп баланың білімге деген құштарлығын оятып, оқудан қанағат табуға үйретуге, білуге ынтасын арттыра отырып, білім жинауды үйренуге мүмкіндік жасауға тиіс.
Көбіне, кадрлар даярлау жүйесін жұмыссыздыққа себепкер деп кәналайды. Бұл бір жақты пікір, өйткені халықты жұмыспен толық қамтамасыз етуге әсерін тигізетін басқа да: саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар бар. Білім беруге келетін болсақ, онда әртүрлі курстардың жеткілікті болуын, әртүрлі кәсіптік білімдер арасындағы немесе кәсіптік тәжірибе мен мамандықты жетілдіру арасындағы табиғи байланысты қамтамасыз ететін аса икемді оқыту жүйесі еңбек нарығында орын алып отырған сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтыққа байланысты мәселелерді әділ шешуге мүмкіндік беруі қажет.
Білімді немесе кәсіптік дайындықты жалғастыруға жағдай жасайтын кезең 15 пен 20 жас аралығында шешілетінін ескерген жөн. Бұл кезеңде жасөспірімнің тағдыры қажеттң арнасына түседі. Жоғары білім мәселесін дәл осы шақта қарастыру керек.
Көптеген елдерде университеттермен қатар басқа да жоғары оқу орындары бар. Олардың кейбіреулері аса дарынды оқушыларды іріктеп алуға қатысады. Ал басқалары 2-4 жыл ішінде бір салада жоғары сапалы кәсіптік білім беруге арналған. Мұндай диверсификация қоғам мен экономика сұранымын мемлекеттік деңгейде де, аймақтық деңгейде де қанағаттандыра алады.
Сонымен, білім беруді толығынан диверсификациялау оқушыларды сүзгіден өткізуді тоқтатып, барлық дарында өз орындарын табуына, көптеген ұлдар мен қыздардың өздерін қоғамнан шеттетілген адам санап, болашаққа сенімін жоғалту сезімінен арылуына көмектеседі.
Білім берудің өзі кертартпалық пен ілгері ұмтылушылықтың бірлігі болып табылады. Сондықтан оның қоғам дамуымен, әсіресе, ғылыммен толық сәйкес келуін талап ету мүмкін емес. Алайда, білім беру адамдардың дағдыларды, икемділіктерді, теориялық ілімдерді игеру процесі ретінде ғылымның, оның дамып жетілуінің тек базасы, методологиялық негізі болып отыр және бола бермек.
Қазақстан Республикасында үздіксіз білім берудің ХХІ ғасырдағы жаңа концепциясында республиканың білім беру жүйесінің негізгі мақсттары мен міндеттері ғылыми тұрғыдан негізделіп қана қоймай, сонымен қатар бұларды жүзеге асырудың әдістемелік негіздері де баяндалуғы тиіс. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің жаңа үлгісін жасаудың маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет