Интерактивизм - бір-бірімен әрекеттесуге негізделген және бағытталған жоспарлау типі.
Менеджмиенттің бақылау функциясы.
Бақылау - мекеме жұмысын қадағала мен тексеруді іске асыратын басқару функциясы.
1. Алдын ала бақылау – бұл жұмыс басталардан алдын ала кәсіпорындар еңбек материалды және қаржы ресурстарына байланысты қолданылатын бақылау;
2. Ағымдағы бақылау бұл жұмыстардың нақты жүру барысында іске асыратын бақылау.
3. Қорытынды бақылау – бұл жұмыс аяқталғаннан кейін қолданылады, ол еңбекті мотевациялауға жағдай жасайтын бақылау;
5.3 Жоғары білікті мамандардыдаярлау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және өлшемдік жүйесі
Кәсіби білім беру саласының ең басты мәселесінің бірі – кадр мәселесі. Өйткені кез-келген саланың деңгейін білікті маман ғана көтеретіні анық. Сондықтан да, білім деңгейі мен педагогтік шеберлігі жалпы білім беру мекемелерінің табыстарын айқындайды.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық міндеттерді шешу үшін педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу қажет болады.
Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі деп педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін түсінеміз.
Психологиялық-педагогикалық білімнің мазмұны жоғары педагогикалық білім берудің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім стандартымен анықталады да, тиісті оқу бағдарламалары мен олардың оқу жоспарларымен нақтыланады.
Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім – мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім мен дағдының тек алғышарты ғана болады.
Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады. Ғалымдар кәсіби тұлғаны «біліктілік» және «шеберлік» ұғымдары тұрғысынан сипаттауды ұсынады. Олар педагогтың кәсіби біліктілігінің мынандай компоненттерін көрсетеді: тұлғалық-адамгершілік бағдар, педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау, қазіргі заманғы технологияны меңгеру.
Қазіргі заман білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің бұл төрт құрылымдық компоненті тағы үш компоненттен толықтырылады:
1) тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;
2) оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажетті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі болмыс тәсілі, әр түрлі білім процесі мен жүйелерінің мазмұны, түрі және әдістері деңгейінде жаңа педагогикалық шындықты туғызу білігі;
3) кәсіби білікті мұғалім рефлексияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.
Сонымен, педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен біліктілігінің (шеберлік деңгейі ) ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру керек болады. Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әр түрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-қимыл ретінде, енді біреулерінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде немесе әбден қалыптаспаған дағды немесе дағдыны қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылады. Білік – іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі деңгейінде оны педагогикалық іс-әрекетке даярлау оның педагогикалық білігімен айқындалады. «Білік» ұғымы оқу іс-әрекетінің тұжырымдамасында қазіргі заман талабына сай және болашағы бар аса маңызды ұғым түрінде берілген. Оқу іс-әрекетінің құрамына мынадай компоненттер кіреді: оқу-танымдық есеп; оқу-танымдық есепті шығаруға қажетті амалдар; рефлексия және талдау; оқу-таным іс-әрекетін бағалау және өзін-өзі бағалау амалдары.
В.А.Сластенин барлық педагогикалық білікті төрт топқа біріктіреді:
1) объективті педагогикалық шындықтың, тәрбиенің объективті нақты педагогикалық мақсатқа «көшіру» білігі, яғни жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді меңгеруге дайындық деңгейін анықтау үшін зерттеу (диагностика) және соның негізінде олардың дамуын бейнелеу, алғашқы білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды анықтау;
2) логикалық тұрғыдан аяқталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру білігі (білім, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудан, білім беру процесінің мазмұнын таңдап алғаннан бастап, оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін және құралдарын анықтағанға дейін);
3) тәрбиенің әртүрлі компоненттері мен факторларының арасында байланыс орнату, оларды іске қосу білігі; қажетті материалдық, психологиялық, ұйымдастырушылық, валеологиялық және басқа жағдайларды жасау білігі, мектепті ортамен байланыстыруды қамтамассыз ету білігі; оқушы тұлғасын белсенділендіру білігі; оның іс-әрекетін тәрбиенің объектісінен субъектісіне айналдыратындай етіп дамыту; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі және т.б.;
4) педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу және бағалау білігі, яғни, оқу процесін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау және өзін-өзі талдауды жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенін анықтау білігі.
Мұғалімнің теориялық даярлығының мазмұны аналитикалық, прогностикалық, жобалау және рефлексивті білігінен тұрады. Аналистикалық білік мынадай жеке біліктерден тұрады:
педагогикалық құбылыстарды талдау, яғни оларды құраушы бөліктерге бөлу (шарты, себептері, уәжі, құралдары, түрлері және т.б.);
педагогикалық құбылыстың әрбір элементінің басқа элементтермен байланысын түсіну;
педагогикалық теориядағы қарастырылып отырған құбылысқа сәйкес келетін жағдайларды, қорытындыларды, заңдылықтарды табу;
педагогикалық құбылысқа дұрыс диагноз қою;
педагогикалық мәселелерді шешудің ұтымды тәсілдерін табу.
Прогностикалық білік мұғалімнен модельдеу, болжам қоя білу, ой эксперименті және т.б. әдістерді меңгеруді талап етеді.
Жобалау білігі білім беру процесін жобалау барысында жүзеге асырылады. Рефлексивті білік мұғалімнің бақылау-бағалау іс-әрекетімен байланысты.
Дамытушылық білік: оқушылардың еркі мен сезімін, таным процесін дамыту үшін арнайы жағдайлар мен проблемалық жағдаяттар туғызу; оқушылардың бұрынғы алған білімін қолдануды талап ететін сұрақтар қою; оқушылармен жеке қарым-қатынас орнату.
Бағдарлық білік оқушылардың бейімі мен мүмкіндіктеріне сәйкес олардың іс-әрекетіне ынтасын тұрақты түрде қалыптастырумен, тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысты.
Мұғалімнің қатысымдық білігі – ол перцептивті, педагогикалық (вербальды) қарым-қатынас пен педагогикалық, техникалық білігі мен дағдысының өзара байланысты тобы. Мұғалімнің перцептивті білігі – қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде көрінеді, басқа адамды (оқушыны, мұғалімді, т.с.с.) түсіне білу білігі. Бұл білікті жүзеге асыру үшін басқа адамның талғамын, ынтасын, бейімін, өмірге көзқарасын түсіне білуі.
Мұғалімнің практикалық даярлығының мазмұнын біліктің екі тобы – ұйымдастырушылық және қатысымдық білік арқылы көруге болады. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды әртүрлі іс-әрекетке қатыстыра білуіне және ұжымның іс-әрекетін ұйымдастыруына, оны білім объектісінен білім субъектісіне айналдыра білуіне байланысты. Ұйымдастырушылық білігі тобына жұмылдырушылық, ақпататты дидактикалық, дамытушылық және бағдарлық білігі жатады.
Жұмылдырушылық білік: оқушылардың зейінін аударып, олардың оқуға деген тұрақты ынтасын дамыту; оқуға қызығушылығын қалыптастыру және оқу іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру тәсіліне үйрету; оқушылардың өзін қоршаған ортадағы проблемалық жағдаяттарды шешуге белсенді, шығармашылық көзқарасын қалыптастыру. Ақпаратты- дидактикалық білік пәннің ерекшелігін, оқушылардың дайындық деңгейін, өмір тәжірибесін, жас ерекшелігін ескере отырып, оқу материалын түсінікті етіп баяндау; оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдалану (баяндау, түсіндіру, әңгіме, проблемалық оқыту, т.с.с.) және оларды үйлестіре білу; оқу прцесі мен оқу ақпаратын меңгеру процесін логикалық тұрғыдан дұрыс құру; сұрақтарды түсінікті, жинақты түрде қоя білу; оқытудың техникалық құралдарын, көрнекі құралдарды тиімді пайдалану; оқу материалын оқушылардың меңгеруінің диогностикалық сипаты мен деңгейін алдын-ала болжай білуі; мүмкін болған жағдайда оқушылардың логикасы мен тәсілдерін дер кезінде өзгерте білу.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби білігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Жоғарыда баяндалған білікті меңгеру студенттерді жоғары оқу орнында мұғалімдік мамандыққа даярлауда басты міндеттердің бірі болып саналады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік білігімен, дағдысымен тығыз байланысты.
Нарықтық экономикаға өтуга байланысты еңбек нарығында кәсіпті, кәсіби білімді насихаттау объективтік қажеттілікке айналды. Себебі, Қазақстан Республикасы шикізат шығарушы елден технологиялық елге айналу міндетін шешуде. Индустриялық-инновациялық бағдарлама іске асырылуда. Жаңа технологияға негізделген экономиканың барлық саласында кәсіби орындары айлап іске қосылуда. Еліміз аса жоғары дамыған 50 елдің қатарына қосылу тарихи міндетін қойып отыр.
Міне, бұл міндеттер ғылым, техника, техника және технология жетістігін өндіріске енгізуші, сапалы өнім шығаруды іске асыратын бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды талап етеді.
Бірақ Республикамызда осы міндет іске асып жатыр деу жеткіліксіз сияқты себебі, Еуропа елдерінде бір жоғары білімді адамға бір арнаулы орта және 5 жоғары деңгейдегі жұмысшы келеді, мынадай схеме үстем 1+1+5, ал біздің елімізде керісінше 6+1+26 яғни, жоғары білімді 6 адамға бір арнаулы орта білімді маман көп те, жоғары кәсіби мамандығы бар жұмысшы аз. Мұның себебі, Еуропа елдерінде, орта есеппен орта мектепті бітірген 100 оқушының 85-87-і орта кәсіби мамандықты таңдайды, оқиды, белгілі кәсіптің иесі болуды қажеттілік деп есептейді, мүмкіндігі барлар жоғары білім алу ісін содан кейін де жалғастыра береді, ал бізде керісінше, әрбір мектепті бітіргендердің 10-15 ғана кәсіби білім алуды таңдайды, жұмысшы мамандығын алуды кемшілік деп ұғынады.
Сондықтан біздің елімізде де жастардың кәсіптік таңдауына, кәсіби білім алуына аса зор назар аударуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім саласы бойынша мемелекеттік саясаттың принциптерінің бірі оқушыларды кәсіби бағдарлау. Кәсіп адамның сапасы. Кәсіби лицейлер мен колледждер еңбек нарығы жағдайында жұмыс істеуде, ал еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті жұмысшылар мен орта білімді мамандар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қоғам талабына айналып отыр.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХІ ғасыр кәсіптік білім және кәсіби оқыту (дайындық) жылы болып есептеледі, бұға әлемде үлкен көңіл аударылуда.
Кәсіпкер – бұл қазіргі заманға бейімді пелитехникалаық салада жан-жақты дайындалған маман. Кәсіптік білім беру жүйесін жаңа жұмысшы тұлғасында экономикалық кәсіби мүмкіндіктерін қалыптастыра алады. Бәсекеге қабілетті жұмыскерлерді және орта буын мамандарды дайындау экономикалық жүйенің бір саласына айналып отыр.
Кәсіпті таңдаудың нәтижесінде әрбір адам өзінің қоғамдағы орнын, өзінің өмірінің әлеуметтік құндылығын ұғады, анықтайды. Кәсіпті таңдау – бұл бір ғана болашақ кәсіби іс-әрекетті таңдау, қоғамдық өндірістегі өзінің орнын анықтау болып есептелінеді. Бұл тұлғаның қалыптасуының бастамасы.
Мұндай кәсіпкерді дайындау үшін кәсіптің адам және қоғам өміріндегі маңызын, орнын жастарға жан-жақты түсіндіру қажет. әрбір жас адам өз қабілетіне сәйкес белгілі бір кәсіпті сүю қажет, себебі- кәсіп адамның сапасы.
Адам баласы тарихында кәсіпті игеруге әр уақытта зор мән берген. Қазақ халқының ұлы перзенті Ы.Алтынсарин жастардың оқуына, кәсіпті игеруіне байланысты көп еңбек етті. Халық училищесінің инспекторы болып жүріп, Ыбырай 4 екі сыныптық училище, 7 облыстық мектеп, Орскіде де мұғалімдік мектеп, Торғайда кәсіби училище, ырғызда қыздар училищесін аштырады.
Мал қазақта мол болды, тері, май,жүн, басқа заттарды орыс, татар, бұқар саудагерлеріне арзан өткізіп, қажетті бұйымдарын алып отырды. Сондықтан да бұл мұқтаждықтан шығу үшін әрбір қазақ баласы оларды өздері өңдеп, пайдалана алатын болуы қажет деп есептеді. Қолөнерді укағыздаған кемеңгер Ыбырай қазақтарды кәсіпшілдікке үйретуді мектептен бастау керек деп, жергілікті жерде кәсіби мектеп ашуды талап еткен. Соның нәтижесінде ыбырай 20 қыз оқитын кәсіптік училище ашқызды. Ол өзі де сабақ берді, шәкірттеріне кәсіптің, отырықшылыдықтың артықшылығын олардың зейінене құйып отырды. Ыбырай барынша адам өз бақытын еңбекпен табуға тиіс деді. Тек адал еңбек адамзат бақытының негізі деп есептеді.
Абай еңбек ету керек, кәсіптің де иесі болу адам өмірінің бір саласы деген. «Егер мал керек болса, қолөнер үйребек керек, алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерші қазақтың төресі сол», «Еңбек қылсаң қара жерде береді құр тастамайды», - деген Абай. Нарықтық қатынас әр адамнан осыны талап ететіндігіне күмән келтіруге болмайды. Олай болса Ы.Алтынсари де, Абай да адамның, қоғамның болашағына аса зор көрегендікпен қараған.
Кәсіби оқудың және еңбек тәрбиесінің өткен тарихына көз жіберсек, мұндай идеялар Шығыста туындағанкекен. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн Сина, Ал Бируни, Ибн Хальдун және басқалардың оқу орындарының оқу тәрбие жұмысының ең құрамды бөлімінің бірі.
Қазіргі уақытта республикамызда 307 кәсіби лицей және 415 колледж жұмыс істейді, оларда 350 мыңға жуық жастар мамандықты игеруде. Жыл сайын 100 мыңнан астам жастар жұмысшы мамандығын алуда. Бұдан басқа жылына 300 мыңғ адам кәсіби білім көтеруде.
Ал кәсіби лицейлерде оқу 132 кәсіп бойынша колледждерде 200 кәсіп бойынша іске асырылып жатыр.
Еліміз 2000 жылдың басында дағдарыстан шығып, экономиканы қарыштап дамытуда. Бірақ экономиканың көптеген салаларында, әсіресе ауылшаруашылығында, құрылыста, көлік, халыққа сервистік қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті жұмысшылар және орта буын мамандар жетіспей отыр. Оларға сұраным барлық облыстарға тән.
Кәсіби білімге бағыттаудың түрлері мен тәсілдері сан алуан. Кәсіптің жаманы жоқ, мәселе әрбір оқушының сол кәсіп өз қабілетіне сай келсе, маңызды екенін ұғынуында.
Кәсіпті жан-жақты игеруі оның қыры мен сырын білуден адамның болашағы анықталды. Бұл жұмыспен төменнен жоғарыға дейін, яғни мектептен бастап, қала мен облыс әкімшіліктері айналысуда.
Кәсіби лицейлер мен колледждерде өздері тарапынан кәсіби бағдарламаны жүргізіп жатыр, мұндай жұмыс барлық оқу орындарына тән. Бірақ жеткілісксіз. Сондықтан да кәсіби бағдарлама беруді, кәсіби оқуда оқу тәрбие жұмысының бір шешуші саласына айналдыру қоғам талабы екенін ұғынып, ол жұмысты арттыру қоғам талабы.
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Кезінде көптеген көрнекі педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А.Дистервег.
Халыққа білім берудің көрнекі қайраткері А.В.Луначарский қазіргі педагогтың жеке басына қойылатын жоғарғы талапқа ерекше көңіл бөле отырып осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу рөлін атап көрсетеді: «Біз үшін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бесаспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлай білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі ісінің өзі, міне, осында жәнеде ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі амамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс».
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Адамның күш-жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады. Көрнекті педагог А.С.Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып, былай деп жазған: «Менің педагогикалық талантым болған емес жәнеде педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөзінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.
Мұны есте сақтаудың маңызды болатын себебі сол, кейбіреулерде фаталистік көзқарас өріс алған: мектепті орташа бітіргендер, педагогикалық жоғарғы оқу орнына түскенде де шамалы студент болады. Келешегі алдында тұрған жастарға мұндай тұжырымның айтылуы, әрине, орынсыз. Негізінде олардың талантының ашылуына – институт ұжымының жұмысы да, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге күш салуы да ықпал ететіні сөзсіз. Мұндайда Альберт Эйнштейннің жас кезін қалай еске түсірмессің, кезінде ол да орташалар, тіпті үлгермеушілер қатарында болған. Көрнекті ғалым Исаак Ньютон мектепте оқып жүргенде физикадан үлгере алмаған, ал әйгілі жаратылыс зерттеушілер Джеймс Уатт пен Гельмгольцті бала кезінде тіпті ақыл-ойы кем демек те болған. Чарльз Дарвинді әкесі дарынсыз деп есептеген. Гоголь бала кезінде шығарманы орташа ғана жазған. Біздің көрнекті жазушымыз Гончаров өзінің шығармашылық жетістігін қырық жасында танытты. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Мәселе басқада: адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы және көрінуі мүмкін. Сондықтан да « қабілетсіз адам» деп күні бұрын топшылауға да, өз қабілетіңе шек қоюға да асықпаған жөн.
Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінің айрықша маңызы бар.
Адамның жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікті өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу өз еркін меңгере білуде нақты нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін т.б орындауы тиіс.
Дегенмен жас ұлғайған сайын адам өмірінде өзіне тән арман, өзі туралы түсінігі қалыптасады. Мұндай арман адамға жағымды бола тұрса да оған біршама сақ қараған жөн. Өйткені өзі туралы түсінігі тартымды жақын, өзіне маңызды бола тұрса да, кейбір адам өзінің сүйікті бейнесіне еріксіз және ойланбастан еліктеуі, өз кемшілігіне сын тұрғысынан қарамауы салдарынан, оның ой-өрісінің дамуы тежелуі мүмкін. Ол өзінің бұл қатесін білуі, алайда оны елемеуі де мүмкін. Осыған орай А.С.Макаренко әрбір адам өзін-өзі қошеметтейді деген ой білдіреді. Бұған қосып айтарымыз: егер оларға шыдамдылық көрсетсең, тіпті өз кінасын қошеметтеп, өзінің жеке басына шаң жуытпайды. Сондықтан мұғалім өзін мыңдаған сәби көздері бақылайтынын есте сақтауы тиіс. Кейбір балалар педагогтың кемшілігіне еліктеуі, ал басқа бір ортада оның беделі күрт түсуі мүмкін.
Әрине, егер өзіне деген осы бейне жақсы қалыптасса, оның өз адамның дұрыс өмір сүруіне, өзінің ұнамды ерекшеліктерін қалыптастыруына жәрдемдеседі. Сонымен қоса, егер адам өзінің даму преспективасын көре білсе, онда оның «Сүйікті бейнесі» жеткен жетістігіне тұсау болмайды, қайта өзін-өзі тәрбиелеуде жаңа маңызды міндеттер қояды.
Жеке қасиеттерін дамыту мақсатымен қоса, практикалық қызметте нақты нәтижеге жетуді жоспарлаудың да маңызы зор. Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қызметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімен білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін.
Тіпті адамның ақыл-ой құдіретінің жемісі деп саналатын ғылыми жаңалықтардың өзі де көбінесе адам еркінің нәтижесі. К.Маркстің «Ғылымда даңғыл жол жоқ, оның бұралаң жолдарынан қажымай, талмай өткенде ғана, оның ұшар басына жетесің»,- дегенін еске түсірелікші.
Адам ойының бар ынта-ықыласымен жұмыс істеуінің, кәсіптік қызметінің процесін тиімді ұйымдастыруының өзі - өз ақыл-ойын тәрбиелеудің маңызды жолы.
Адам өзінің шығармашылық мүмкіндігі мен танымдық мүддесін ұлғайтудың жолы - өз білімін көтеру. Өз бетімен білім алу, алдыңа қойған міндетіңе, жоспарыңа және интеллектуалдық дамуыңа қарай түрліше болуы мүмкін. Бір адамдар барлығында көбірек білгісі келеді, олар барлық білім, өнер саласын құныға оқиды. Ал, кейбіреулер білімнің жеке бір саласына айрықша ден қойып, сол салада ғана білімін толықтырады да, басқасына көңіл бөлмейді. Мұның барлығы да шектен шығып кету. Жеке адамның жан-жақты даму тұрғысынан қарастырғанда, ең қолайлысы - әр түрлі білім саласынан хабардар бола отырып, белгілі бір саланы және соған байланысты терең оқып-үйрену.
Өз бетімен білім алудың мәнін дұрыс түсінуде, білімді жетілдіру жұмыстарының жүйелі жолдарына арналған программа белгілеу көп жәрдемдеседі. Өз бетімен білім алу программасы, бір жағынан, адамның жалпы ой-өрісін кеңейтуі, екінші жағынан - өзінің мамандығынан, өзін қызықтыратын ғылым, әдебиет немесе өнер саласынан білімін ұдайы теңестіріп отыруы тиіс. Мұндай программаның дұрыстығы, нақтылығы өз бетімен істелінетін жұмыстың реттілігіне, ұнамдылығына байланысты.
Мұғалім - педагог кәсібі-қазіргі замандағы ең белгілі кәсіп. Өмір сүруге, еңбек етуге, жаңа ұрпақты даярлау мақсатында, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа қоғамдық тәжірибені беру қажеттігі оқу мен тәрбие ісін өрбітуге әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |