3.Жұмбақ есепті шығарайық!
Тордың ішінде 3 балапан отыр.Үш қыз бір-бір балапаннан алды.Бірақ бір балапан торда қалып қойды . Бұл қалай?
Көшеде екі бала мен екі әке кетіп бара жатыр.Барлығы үш адам. Осылай болуы мүмкін бе?
Әкейді алты баласы бар. Әр баланың бір-бір қарындасы бар.Сонда әкейдің неше баласы бар?
4. Тез есепте!
Қорытынды: Кім жылдам!
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық лабиринт
Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.Арифметикалық амалдардың қасиеттерін есептеу барысында пайдалана алу қабілетін нығайту.
Көрнекілігі: тестік жұмыстар,лабиринт тапсырмалар,т.б
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1.Ауызша есептер шығарып, математикалық диктант есептер шығару.
420-ны 2-есе арттыр.
420-ны 200-ге арттыр.
250 мен 2 сандарының бөліндісін тап.
230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап.
4800бен 4 сандарының бөліндісін жаз.
2.Лабиринттегі бес қақпадан қалай өтеміз және 100 санын қалай шығарып
аламыз.
3. Тапсырмаларды орындап ,есептеп шығару тапсырылады
Қорытынды:_Тестік_тапсырма__1/'>Қорытынды: Тестік тапсырма
1/Амалдарды орындап ,дұрыс мәнін тап. 128х430-6795+675-34125:375
А ) 47479 в) 39 с)48829 д) 14795
2/Ешқашан қиылыспайтын түзулер:
А) тұйықталған б) перпендикуляр с) параллель д)түзу сызық
3/теңдеудің шешуін тап: 570: (35-х)+70 100
А) 16 в) 54 с) 14 д) 8
4/1 мыңдық мың нешеге тең?
А) 1 000 в)10 000 с) 100 000 д)1 000 000
/8 дана,45 теңге ,12 метр шамалардың өлшемі:
А) масса,сыйымдылық, ұзындық
С)сан,баға,ұзындық
Д)масса,сан,уақыт
В) баға,салмақ,уақыт
Сабақтың тақырыбы: Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сандар туралы түсініктерін кеңейту және кез келген натурал сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.
Көрнекілігі: Ойын есептер,карточкалар,сиқырлы шаршылар.
Сабақтың барысы:
1.Барлық амалдарға берілген қарапайым есептерден тұратын математикалық диктант .
-Газет 15 теңге тұрады.Осындай 4 газет қанша тұрады?
-Талғаттың 100 теңгесі болды. Ол 55 теңгеге журнал сатып алды. Талғатта қанша теңге қалды?
-250 теңгеге 5 бірдей ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы қанша?
2. Сағатпен есептеу 1минутта қанша есеп шығара аласың?
894560 – 800 000 454 989-356 666
894 560 – 90 000 1 945 899- 999 889
894 560 – 4000 656 859 888-556 455 231
3.Математикалық эстафета.Әр қатардағы оқушыларға бірдей тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі.Олар тізбек бойымен парақты бір-біріне береді де, шешуін жазады.Тапсырманы тез , әрі дұрыс орындаған қатар жеңеді.
450х2 720:90 960 :3 380х3 360:90
53х4 780:2 780:30 15х60 490: 7
Қорытынды:
«Кім шапшаң?» ойыны бойынша ,тақтада берілген тапсырманы жылдам есептеу.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық ойын есептер.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: «Кім шапшаң ?», суретті тапсырмалар.
1.Математикалық диктант.
-2жүзд;
-4жүзд.2бірл;
-7жүзд,5ондық,6бірлік;
-5онд,6бірлік,
-4жүзд,2онд.,3бірл,
-6жүзд,8онд,2бірл,
2.Амалдар ретімен жаза отырып есептеу.
3 х 309 -972 : 4 268+609-566-97
(709-411): 2х6 1 000 –(651-169)+107
3.Теңдікте қандай сан түсіп қалған?
844+289- = 289 ( -254) х (585 + 2) = 0
) : (348+259) = 0 (483-15)х(869- ) = 0
Қорытынды: Амалдардың орындалу тәртібіне байланысты ауызша есептер шығару.
Жүзетін затты шеңбердің ішіне ,ұшатын затты шаршының ішіне, ал жүзетін де ,ұшатын да заттарды шеңбер мен шаршының ішіне меңзермен сызып көрсет.
Сабақтың тақырыбы: Қызықте есептер әлемінде.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы интекллектуалды және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.Шапшаңдылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: логикалық тапсырмалар, сандар әлемі,ойындар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1.Есту арқылы есте сақтауды жаттықтыру.
Қанша?
*Бес тышқанның құлағы-----------------
*Жеті сиырдың мүйізі-------------------
*Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны----------------------
*Ертегідегі айдаһардың саны-------------------------
*Қандай үш таңбалы санды алты нөл шығатындай етіп тең бөлуге болады?-----
*Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт----------------------
*Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны--------------------------
2.Сандарды оқып ,разрядтық қосылғыш түрінде жазу.
3.Математикалық диктант .
*7 саны 91-ден неше есе кем?
*68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек?
*8 шығу үшін 56 –ны нешеге бөлу керек?
*Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең?
*720 санын 2 есе кеміт.
*Азайғыш -1 000, азайтқыш -450. Айырманың мәнін тап.
4.Есепте
Қорытынды: «Ақ сүйек » ойыны. /
Ақ сүйекті лақтыра отырып, көбейту кестесін қайталау./
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері «Ойна да ойла»
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық амалдар туралы білімдерін,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу,есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілдерін қортындылау.
Көрнекілігі: «Компьютер» дидактикалық ойын, тестік жұмыс.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дайындығын тексеріп,ойынның мақсатын түсіндіру
1.Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды,балалар ауызша санайды да ,жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала дауыстап жауап береді,сосын тексеру орындалады.
360 : 9 + 28 : 2 – 2 х 1 + 38 : 2 Жауабы: 35
30 + 20 х 2 :20 + 19 :8 х 60 Жауабы: 180
90 + 30 : 3 х 2 – 8 : 9 х 11 – 12 Жауабы: 76
«Компьютер » не істеді? (есептеді,амалдарды орындады).
Қандай амалдар орындады? Қосу,азайту,көбейту ,бөлу
2.Суретті мұқият қарап,қай кірпі алманы тез алады? Жолды сызып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |