Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді.
Өзін-өзі қаржыландыру – рыноктық экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты.
Мемлекеттік қаржы
Мемлекеттің қаржысы – мемлекетке оның органдарын ұстау және оған тән функцияларды орындау үшін қажетті ақшалай қорларды жасау және бөлу жүйесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Алғашқы рет «мемлекеттің қаржысы» термині Францияда 16 ғасырда қолданыла бастады және шамамен қазіргі кездегідей мазмұнда, бірақ өндірістің айқындаушы үстемдік тәсілі және мемлекеттің таптық табиғаты тұрғысынан қарастырылды.
Вагнердің заңы – «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс.