Мемлекеттің табыстары деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) жалпы табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кедендік табыстар түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғат ресурстарынан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұйымдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым);
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды кіріктіретін мемлекеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеугеқарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыс-
тарынан;
2) жекеше кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдерінен;
3) қоғамдық, кооперативтік және ұжымдық ұйымдардың салықтық түсімдерінен;
4) халықтың салықтық төлемдерінен;