Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa»* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан)



бет26/29
Дата19.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#139930
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Қаржы сурак жауап

Мемлекеттік борыш бұл өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе маслихаттардың шешімімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған белгілі бір күнге алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы.
Ішкі мемлекеттік борыш – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі.
Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамды бөлігі.
Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса, бүкіл сомасын айтады.
Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің бар­лық борыштық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Борышқа қызмет көрсету деп уақыттың белгілі бір кезеңінде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы, комиссиялық, айыппұлдар және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттарды пайдаланудың есебі бойынша банктің және қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдерін жүзеге асыру қызметі.
Борышты өтеу – қарыз алушының қарыздың алынған сомасын кредиторлармен келісімшарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз келісімшартынан туындайтын басқа міндеттемелердің атқарылуы.
Сыртқы борыш – шетелдік кредиторларға қатысты белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа ұшырат­пайды, өйткені Үкімет мынадай іс-қимылдарды қолдануы мүмкін:
1. Қайта қаржыландыру.
2. Салық салу.
3. Ақша жасау.
жағымсыз зардаптар тудырады:
1. Табыстардағы теңсіздіктің көбеюі.
2. Пайыздық төлемдер салық салуды көбейтуді қажет етеді, бұл инновацияларға, инвестицияларға, жұмысқа ынталандырмаларды төмендетеді, мұның өзі экономикалық өсуге зиян келтіреді.
3. Ығыстыру нәтижесінің іс-әрекеті.
Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады:
Қайта қаржыландыру
Жаңғырту
Мерзімді ұзарту
Сәйкестендіру
Облигацияларды кемімелі арасалмақ бойынша айырбастау
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет