«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет33/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1. Тауарлы айырбастың неше түрі бар?

  1. Бюджетпен есеп айырысу есебін қалай тусінесің,түсініктеме бер?

  2. ‟Жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталымдары

Қандай шотқа жатады?
4. Тауарлы айырбасты қалай тусінесің,анықтама бер.
5. ЖТС дегеніміз не?
Сабақ тақырыбы: Есеп төлем ведомосін құру



  1. Есеп айырысу-төлем тізімдемесі – жиынтық құжат, онда есептелген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да төлемдер, заңға сәйкес ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдемеде қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын, олардың табельдік номері, қызмет орындарын, разрядын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған к/о басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. «Ұсталынды және есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, ұсталымдар, несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс енгізілді. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге тиісті сомасын шығарады.

Бірыңғай тарифтік сетка (БТС) еңбекақылық 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэффициенті белгіленеді.
1-8 разряд аралығында – жұмысшылар;
2-21 разряд аралығында – қызметкерлер тарификациялары, еңбеккерлердің тарификациясы «БТ мамандандырылған анықтама».



  1. Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексереді де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

Әрбір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік номері, цех, участок бойынша құжаттарының толтырылған күні мен номері, сағаттық нормасы, әрбір құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу – төлем тізімдемесін жасау үшін пайдаланылады. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостар), сонымен қатар есеп айырысу-төлем тізімдемесі 1 ғана жұмыс күніне жасалады. Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу әр түрлі к/о-да мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлем тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады; есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында; жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысуы тізімдемелерінде жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:



        1. Есеп айырысу-төлем тізімдемесі дегеніміз не?

        2. Есеп төлем ведомосін құруға қысқаша мәлімет

        3. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары неше кунде жүргізіледі?

        4. Есеп айырысу-төлем тізімдемесіне мысал келтір.

        5. Карточка деректерімен есеп айырысу дегенді қалай тусінесің?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет