«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет18/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1.Материалдық емес активтер амортизациясының мәні
2. МЕА тозуының есепке алынуы
3. Амортизацияны есептен шығару әдістері мен есептеу тәтібі


4-Тарау Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Сабақ тақырыбы : Материалдық қорлар, олардың жіктелуі.

1. Тауарлы-материалдық қорлар түсінігі мен мідеттері


2. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі

1. Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірісітік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарының айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесінде бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын анықтайды.


Тауарлы-материалдық қорлар босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс, және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар, шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құныдылықтарды есепке алудың мынадай негізгі міндеттері бар: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау, орындарындағы жағдайын жасау, қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау.
Өнідіріс барысында функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдар босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер-дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өнідірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді.

1300

Қорлар

1310

Шикізаттар мен материалдар

1311

Материалдар

1312

Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар

1313

Отын

1314

Ыдыс және ыдыстық материалдар

1315

Қосалқы бөлшектер

1316

Өзге материалдар

1317

Қайта өңдеуге берілген материалдар

1318

Құрылыс материалдар және басқалар

1320

Дайын өнім

1330

Тауарлар

1340

Аяқталмаған өндіріс

1350

Өзге қорлар

2. Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Осымен байланысты ТМҚ төмендегідей жіктеледі:
1) Шикізаттар – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, тері, ағаш т.б. материалдар жатады.
2) Негізгі материалдар – қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш т.б. жатады.
3) Өндіріс процессінің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдрдың бұл түрін әрің қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Сатып алған ұйыдар ары қарай өңдейді. Жартылай фабрикаттарға құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
4) Көмекші материалдар - әр түрлі химикаттар мен мйланатын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды, тек өндіріс процессі барысынданегізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін немесе басқа жақтарын өзгертеді. Мысалы: бояулар, әктер.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарыжәне т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылутуға пайдаланылатын материалдардың барлық түрі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет