9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Сұрақтар:
1.Бронхтық өткізгіштігінің бұзылу синдромының анықтамасын, даму себептерін, клиникалық белгілерін;
2. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің этиологиясын және патогенезін;
3. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;
4. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің қосымша зерттеу тәсілдерін;
5. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің дәлелдемелі медицина негізінде ұсынылатын жаңа емдеу тәсілдерін.
Халықаралық GOLD, GINA бағдарламалардың негізгі ережелерін
6.Бронх-өкпе жүйесі құрылысын және қызметін;
7.Ауруханадан тыс пневмонияның эпидемиологиясын, этиологиясын, жіктемесін;
8.Ауруханадан тыс пневмонияның патогенезін, клиникалық белгілерін, диагностикасын және дифференциальді диагностикасын;
9. Ауруханадан тыс пневмонияның емдеу принциптерін және амбулаториялық жағдайда жүргізу тәсілін;
10.Балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктері.
11.Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарды стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштерін, динамикалық бақылауын;
12.Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарға дәрігерлік-еңбек сараптама жүргізу, реабилитациялық бағдарлама құру және санаторлық-курорттық ем тағайындау мәселелерін.
1. Тақырыбы №5. СОЗЫЛМАЛЫ ӨКПЕЛІК ЖҮРЕК. ТЫНЫСТЫҚ ЖЕТКІЛІКСІЗДІК СИНДРОМЫ.
2. Мақсаты: Созылмалы өкпелік жүректің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін, профилактикасын үйрену. Тыныс жеткіліксіздік синдромы бар науқасқа клиникалық, лабораториялық, инструменталды зерттеу жүргізуді, ем және профилактика принциптерімен танысу. Тыныс жеткіліксіздік синдромымен науқастанатын балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктерімен, динамикалық бақылау және дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерімен танысу.
3. Тапсырма:
1. Өкпе текті жүректің даму себебін, жіктемесін, қауіп факторларын білу;
2. Өкпе текті жүректің клиникалық белгілерімен, диагностикасымен танысу;
3. Созылмалы өкпетекті жүректің асқынуларын танып, білуді үйрену;
4. Созылмалы өкпетекті жүректің ерекшеліктерінің және олардың асқынуларының себептерінің алдын алып, емді саралап жүргізуді;
5. Созылмалы өкпетекті жүрек аурулары бар науқастарды тексеруде тәжірибелік дағдыларға машықтанып, жетілдіруді үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |