«арнайы клиникалық ПӘндер» кафедрасы «жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері


Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)



бет28/57
Дата24.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193276
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
FNEGCOVCQSUP16112023204815

9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Сұрақтар:
1. Асқазан және ішек диспепсия синдромының, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі және түрлері.
2. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі.
3. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының клиникалық көрінісі: өңештік және өңештен тыс симптомдардың сипаттамасы, даму механизмі.
4. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының аспаттық-зертханалық тәсілдермен анықталатын өзгерістер және олардың диагностикалық маңызы.
5. ГЭРА-ның Savary-Miller бойынша классификациясы.
6. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының салыстырмалы диагнозы мен клиникалық диагнозын негіздеу ерекшеліктері.
7. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының емдеу шаралары (тәртіп, емдәм, медикаментозды ем: антацидтер, Н2-гистаминоблокаторлар, протонды насостың ингибиторлары, прокинетиктер, өңештің кілегей қабатының қорғаныш функциясын жоғарылататын препараттар, рецидивке қарсы дәрілер; антирефлюксты хирургиялық ем).
8. ГЭРА-ның, БЖК, Крон ауруының алдын алу шаралары мен болжамы.
9. Созылмалы гастриттің анықтамасы, этиологиясы (экзогенді: хеликобактер инфекциясы, аутоиммунды фактор, дуоденогаструмды рефлюкс, гастротропты дәрілер, тағамды аллергия, алиментарлы фактор, зияннды әдеттер, кәсіби зияндылықтар; эндогенді әсерлер: организмдегі созылмалы инфекциялық процестер, эндокринді бұзылыстар, темір тапшылығы және т.б) және патогенезі.
10. Созылмалы гастриттің патогенезі (хеликобакттериялық, аутоиммунды, рефлюкс-гастриттің, СЕҚҚ дәрілердің әсерінен дамыған).
Есеп
Науқас А., 20 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: тамақтан соң 2 сағаттан кейін, түнде және аш қарынға эпигастрий аймағының бүріп ауырсынуы, қышқыл дәммен кекіру, лоқсу, іш қату, бас айналу, жалпы әлсіздік.
Анамнезінен: Науқасты 4 айдан бері лоқсу, эпигастрий аймағының ауырсыну, іш қату мазалайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады. Науқас таңертең көп мөлшерде «кофе қойыртпағы» тәрізді құсқан.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 88 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

  1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.

  2. Объективті және аспапты тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

  3. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  4. Қандай ауру деп ойлайсыз?

Емдеу шаралары. Болжамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет