Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына



бет27/40
Дата07.02.2022
өлшемі173,42 Kb.
#83117
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
@8; 65=85 07

2. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына
жіберу және орналастыру

5. Есту қабілетінің бұзылулары бар балалар санатына естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар жатады:


1) естімейтіндер – сөйлеу қабілетін өз бетінше қалыптастыру және оның қабылдауы мүмкін болмайтын есту қабілетінен толық айырылған балалар;
2) нашар еститіндер - сөлеуді қабылдап, өз бетінше сөздік қорын жинақтауға мүмкіндігі бар есту қабілеті тұрақты төмендеген балалар;
3) кейіннен естімей қалғандар – есту қабілеті бұзылған сәтке дейін сөйлеу қабілеті қалыптасқандар.
6. Естімейтін балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына:
1) қатты дауысқа әрекет жасамайтын;
2) қатты дауысқа әрекет жасайтын;
3) құлақ жанында әңгімелесу кезіндегі дауысқа әрекет жасайтын;
4) сөйлеу аймағында 90 дб-ден жоғары есту қабілеті орташа зақымдалған құлақ жанында қаттырақ сөйлеген дауысқа (а, о, у, р) кейбір сөйлеу дыбыстарын ажырататын балалар жолданады.
7. Нашар еститін, кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына:
1) есту қабілеті орташа зақымдалған жағдайда 40 – 80 дб аралығындағы сөйлеу аймағында, сөйлеуді (бала құлағынан 3 метрге дейінгі қашықтықта қалыпты дауыс қаттылығымен айтылған сөздер, сөз тіркестерін) ажырататын және есту қабілеті төмендегеннен сөйлеу қабілетінің әртүрлі деңгейдегі дамымауы бар;
2) мектепке дейінгі жаста естімей қалғандар, бірақ сөйлеу тілін бұзылыстармен сақтап қалғандар;
3) 80-90дб аралығындағы тілдік аймақта есту қабілетінен айырылғандар (ерекшелік ретінде диагностикалық (сынамалы) түзеу-дамыту оқуына қабылдануына болады);
4) 40 – 80дб аралығында түрлі дәрежеде есту қабілетінен айырылу барысында есту нейропатиясымен (аудиторлық) ауыратындар;
5) белсенді сөйлеу тілін қабылдауы (түсінуі) мен дамуы төмен дәрежедегі, кохлеарлық импланты барлар.
8. Көру қабілетінің бұзылулары бар балалар санатына жататын балалар: көрмейтіндер, кейіннен көрмей қалғандар, нашар көретіндер, амблиопиясы мен қылилығы бар балалар:
1) көрмейтіндер көру қабілетінен толық айырылған, жарықсезгіштік немесе қалдық көру қабілеті бар (түзеуге болатын жақсырақ көретін көзінің өткірлігі 0,04 дейін);
2) нашар көретіндер – көзінің өткірлігі 0,005 - 0,2 жақсы көретін көзін түзеуге болатын,;
3) амблиопия – көз өткірлігінің функционалдық (керіқайтарушылық) төмендеуі;
4) қылилық – көздің үнемі емдеуді қажет ететін бинокулярлық бұзылуы 9. Көрмейтін балаларға арналған ұйымдарға қабылдануға жататын
балалар:
1) жаппай көрмейтіндер (толық соқырлық) кейіннен көрмей қалғандар;
2) көру қабілетінен толық айырылған, жарықсезгіштік немесе қалдық көру қабілеті бар (түзеуге болатын жақсырақ көретін көзінің өткірлігі 0,04 дейін);
3) жарықсезгіштікпен;
4) көзінің өткірлігі 0,04 және төмен және тасымалдата түзеуге болатын қалдық көру қабілетімен.
10. Нашар көретін балаларға арналған арнайы ұйымдарға:
1) патологиялық үдерістің түрі мен жүру барысы ескеріле отырып, оптикалық түзету жағдайында көзінің өткірлігі 0,05 - 0,4 болатын;
2) амблиопиямен (дисбинокулярлық, рефракциялық, обскурациялық), оптикалық түзету жағдайында көзінің өткірлігі 0,4 дейін және плеоптиялық емге мұқтаж болғандар;
3) ортопто-оталық-ортоптиялық немесе тек ортоптиялық емді қажет ететін қылилығы бар;
4) кохлеарлық импланты бар, белсенді сөйлеу тілін қабылдауы (түсінуі) мен дамуы төмен дәрежедегі (көру қабілетінің бұзылуларымен бірге) балалар жіберіледі.
12. Топтар мен сыныптарды толымдау барысында контингент жеткіліксіз болған жағдайда көрмейтін, нашар көретін және амблопиясы мен қылилығы бар балаларды біріктіріп оқытуға болады.
Патологиялық үдерістің прогрестеуі және астенопиялық шағымдары болмағанда, көз өткірлігі 0,2 ден жоғары болғанда прогрестеуші немесе жиі рецидивті аурулар болғанда, және де жақын қашықтықта оқу мен жазу барысында астенопиялық құбылыстар болғанда мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдарда оқуына болады.
Балаларды арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға жіберудің офтальмологиялық көрсеткіштері офтольмологиялық тексеру мәліметтерінің негізінде қатаң жеке түрде белгіленеді.
13 Тілдік бұзылыстары бар балалар санатына сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық кемістігі, оның ішінде алалия, афазия, дизартрия, дислалия, ринолалия, тұтықпа және басқа да тілдік бұзылыстары бар балалар жатады.
14. Тіл бұзылыстары бар балаларға арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар:
1) 2-3 жас аралығындағы сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
2) 5 жастан фонетикалық-фонематикалық тіл кемістігі бар;
3) алалиядан, афазиядан, дизартриядан, ринолалиядан, тұтықпадан, 1-2 дәрежедегі саңыраулықтан болған сөйлеу тілінің 1-3 деңгейдегі жалпы дамымауы бар;
4)кохлеарлы импланты бар
5) тілдік бұзылуымен бірге аутистикалық спектрінің бұзылуы бар болғанда (бір топта 1-2 баладан аспауы қажет).
Логопедиялық пунктке сөйлеу қабілеті бұзылған балалар жолданады.
15. Тілдік бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар:
1) алалия, афазия, дизартрия (анартрия) 1-2 дәрежедегі саңыраулық, кохлеарлы имплант салдарынан болған сөйлеу тілінің 1-2 деңгейдегі жалпы дамымауы бар;
2) ринолалия, ринофония, ауыр деңгейдегі тұтықпасы, жазуында ауыр бұзылыстары бар (аграфия, дисграфия, алексия, дислексия);
3) сөйлеу тілінің 1-2 деңгейдегі жалпы дамымауымен бірге аутистикалық спектрінің бұзылуы бар (бір сыныпта аутизмі бар 1-2 баладан аспауы қажет);
Мектеп жастағы, ауызша сөйлеу тілінде (фонетикалық кемістік, фонетикалық-фонематикалық кемістік, айқын емес сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, жеңіл тұтықпа) және жазбаша тілінде (дисграфия, дислексия, дизорфография) өрескел емес бұзылыстары бар балалар жалпы білім беру мектеп жанындағы логопедиялық пункттерге жолданады.
16. Логопедиялық көмекті алу үшін тілдік бұзылулары бар балалар сондай-ақ тұрғылықты жерлерінің логопедиялық пункттеріне, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне, оңалту орталықтарына, емханаларға жіберілуіне болады.
17. Ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына ми қабыршығының органикалық диффуздық зақымдануы салдарынан болған танымдық саласының барлық жақтары бойынша қайтымсыз бұзылулары барлар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі), зерде кемістіктері бар (жарыместік) немесе соған келтірілген басқа генезді бұзылулар, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігімен бірге аутистикалық спектрінің бұзылулары барлар жатқызылады.
18. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы ұйымдарға, қабылданатын балалардың медициналық көрсеткіштері:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар;
2) жеңіл ақыл-ой кемістігіне келтірілген инфекциялық, интоксикациялық, жарақаттық және басқа да 3 жастан кейін болған ми зақымдануы нәтижесінде болған зерде кемістігі бар(жарыместік);
3) эпилепсиялық, шизофрениялық, органикалық жарыместік, жеңіл ақыл-ой кемістігіне теңестірілген зерде кемістігімен бірге аутистикалық спектрінің бұзылулары бар.
4) орташа ақыл-ой кемістік және осыған теңестірілген түрлі генездегі зерде кемістігі;
19. Орташа ақыл-ой кемістігі және интелектуалдық кемшілігі немесе соған теңестірілген басқа генезді балалар мектепке дейінгі ұйымда 8 жасқа дейін болады.
20. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған Үлгілік оқу жоспары бойынша, орташа ақыл-ой кемістігі барлар орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған Үлгілік оқу жоспары бойынша іске асырылады. Балалар 1 сыныпқа 7-9 жаста қабылданады.
21. Психикалық дамуы тежелген балалар санатына бұдан әрі - ПДТ) церебралды-органикалық, конституционалдық, соматогендік, психогендік генездегі танымдық және эмоционалдық-еріктік саласының қалыптасуы тежелген балалар жатады.
Он екі жастан кейін церебралды-органикалық генездегі психикалық дамудың тежелуі шекаралық зерде кемістігі ретінде белгіленеді.
22. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына қабылдануға жатататын балалар:
1) церебралды-органикалық, конституционалдық, соматогендік, психогендік генездегі ПДТ балалар (соның ішінде кохлеарлы импланты бар);
2) ПДТ –мен бірге аутистикалық спектрінің бұзылуы бар болғанда (бір топта немесе сыныпта аутистикалық спектрінің бұзылуы бар 1-2 бала ғана оқытыла алады).
23. Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылулары бар балаларға тірек-қозғалыс аппаратының түрлі туа біткен және туғаннан кейін болған патологиясы бар, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балалар жатқызылады.
24. Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылулары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жолданатын балалар:
1) жеке күтім қажет етпей өз бетінше жүре алатындар;
2) арнайы қозғалыс құралдары немесе техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдары көмегімен жүретіндер;
3) мекемеге келе алуына арнайы жағдайлар жасалған өз бетінше жүре алмайтындар;
4) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуларымен қатар кохлеарлы импланты барлар.
Арнайы білім беру ұйымдарына қабылдаудың медициналық көрсеткіштері:
1) бала сал ауруы;
2) тұрақты парездер, жарақаттық, инфекциялық және басқа да генездегі салдық;
3) туа біткен және жүре пайда болған тірек-қозғалыс аппаратының деформациялары
4) инфекциялық артриттер, артрогриппоз, хондродистрофия, миопатия салдары.
25. Күрделі бұзылулары бар балалар санатына екі және одан көбірек алғашқы психофизикалық бұзылулары бар балалар жатқызылады.
26. Күрделі бұзылулары бар, соның ішінде соқырсаңыраулық (туа біткен немесе сөйлегенге дейінгі ерте жасында пайда болған) балалаға арналған арнайы білім беру ұйымдарына есту және көру қабілеттерінің бірлескен бұзылулары бар, зерделік бұзылу мен саңыраулық, саңыраулық пен бала сал ауруы, көру қабілеті бұзылуларымен бірге бала сал ауруы және т.б. балалар қабылданады.
27. Мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті топтар мен жалпы білім беру сыныптарына жалпы білім беру немесе жеке бағдарлама бойынша оқуға қабілетті жеке тұрғыда түзеу көмегін алатын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қабылданады.
28. Мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті топтар мен жалпы білім беру сыныптарына жолданатын балалар:
1) нашар еститін, кейін естімей қалған;
2) сөйлеу тілінің 2-3 және 3 деңгейдегі жалпы дамымауы, дисграфиясы, дислексиясы, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде тұтықпасы, кохлеарлы импланты барлар;
3) нашар көретін балалар (жақсы көретін көзінің өткірлігі 0,05-0,4 болғанда тасымалдата түзеуге болатын; сонымен бірге көру функцияларының жағдайы, патологиялық үдерістің түрі мен ағымы ескеріледі (көру шектері, жақындағы көз өткірлігі), қылилық пен амблопиясы барлар;
4) зердесі алғашқы сақаталған және өрескел емес тілдік бұзылуы бар ТҚА бұзылуы бар балалар, соның ішінде өз бетінше жүре алатын, жеке күтімді қажет етпейтіндер, мекемеге келе алуына арнайы жағдайлар жасалған кезде өз бетінше жүре алмайтындар;
5) психикалық дамуы тежелген балалар;
6) оқу бағдарламалары мен ұжымда жалпы қабылданған тәртіпті меңгеруге қабілетті, аутистикалық спектрдағы бұзылулары барлар.
29. Аутистикалық спектрінің бұзылуы бар балаға бейімделу кезеңінде (6 айға дейін) қатынасының тілдік және басқа да түрлеріне, мектеп тәртібіне шектеу қойылуына, оқу бағдарламасын таңдамалы түрде (толық емес) меңгеруіне рұқсат етіледі.
Оқуы мен тәртібінің қиындықтары анық сақталған жағдайда ары қарай оқу жағдайын белгілеу үшін, мектеп баланы ПМПК-ға жібереді.
30. Оңалту орталықтарына, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттеріне психофизикалық дамуында бұзылулары бар балалар жіберіледі:
1) психикалық дамуының тежелуі бар;
2) тілдік дамуының тежелуі бар (0 – 3 жас аралығындағы балалар үшін)
3) түрлі деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар;
4) бала сал ауруы және басқа тірек-қозғалыс аппаратының бұзылулары бар;
5) ауыр тілдік бұзылулары бар (сөйлеу тілінің 1-3 деңгейдегі жалпы дамымауы, соның ішінде кохлеарлы импланты бар, ауыр дәрежедегі тұтықпа);
6) есту қабілетінің бұзылулары бар;
7) көру қабілетінің бұзылулары бар;
8) аутистикалық спектрінің бұзылуы және басқа да эмоционалдық-еріктік бұзылулары бар.

Психологиялық-медициналық-


педагогикалық консультациялар
қызметiнің үлгілік қағидаларына
2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет