Байланысты: Дәріс 2. Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатындығын айтады. Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады. Бұл қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);
2) оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.