Мұндағы әдістемелік қағида: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл қағиданы іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;
«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі (Н. С. Рождественский). Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады» 1.Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі. Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік қағидаға негізделеді. Бұл қағида төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;