Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Сенсорлы бөлменің жабдықтарын 3 бөлімге бөлуге болады



бет93/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

Сенсорлы бөлменің жабдықтарын 3 бөлімге бөлуге болады:

Босаңсу бөлімі. Бұл бөлімге пуфик –кресло, құрғақ бассейн, құрғақ душ, жарықшамдар жатады.

Белсенді ету бөлімі.

Бұл бөлімге сенсорлы жол, проектор, түрлі паннолар жатады.

Жалпы түзету бөлімі, бұл бөлімге жұмсақ модульдер, гимнастикалық, массажды шарлар, табиғаттың дауыстары жазылған үнтаспалар жатады.    Сенсорлы бөлменің жабдықтары даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған, яғни «дәстүрден тыс қоршаған орта» оқушының соматикалық және психикалық жағдайын,  сенсорлы қабылдауының дамуына әсер етеді.

Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету). Сенсорлы бөлмеде сабақ 3 бағытта жүзеге асырылады:

-  Босаңсу жаттығулары арқылы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересек адамдардың агрессиясы мен қобалжу деңгейлерін төмендетіп, өз–өзін қалыпты ұстауға үйрету;

-  Мектеп жасына дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлы қызметтерін, яғни көру және есту қабылдауын, түйсіну және қоршаған ортаны қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар арқылы дамыту;

-  Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, өзін–өзі қалыпты бағалау үшін аса маңызды қарым–қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.


88. Психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум, оның арнайы білім берудегі маңыздылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет