Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет94/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
Консилиумның түрлері

Мақсаты бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдарды алғашқы, жоспарлы, жедел және қорытынды деп бөлуге болады. Әр түріне жеке-жеке тоқтала кетейік.

Алғашқы консилиум – балаларды ұйымға қабылдау және дамуындағы проблемаларды анықтау барысында жүргізілуі мүмкін. Аталған жағдайда консилиум барлық мамандардың алғашқы зерттеулері аяқталысымен өткізілуі мүмкін. Негізінен бұл психолог, логопед (дефектолог), психиатр, педагог; жекелеген жағдайларда басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.

Мақсаты: білім алушы дамуының ерекшеліктерін, оны оқытудың мүмкін жағдайлары мен түрлерін, педагогикалық процесті психолгиялық, логопедтік немесе басқа да қолдаудың қажетті түрлерін анықтау.



Жоспарлы консилиумды жарты жылдықта бір реттен кем емес өткізу ұсынылады.

Мақсаты: оқыту мен түзету динамикасын бағалау, қажет болған жағдайда түзетушілік жұмысқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оқыту формасына, режиміне немесе бағдарламасына өзгертулер енгізу, қосымша зерттеулер тағайындау.



Жедел консилиум қажет болған жағдайда педагогтың немесе кез-келген басқа маманның өтініші бойынша (ұзақ ауру, кездейсоқ аффекті реакция, оқуда немесе түзету жұмысында кездейсоқ пайда болған басқа да мәселелер) өткізілуі мүмкін.

Мақсаты: пайда болған мәселелердің себебін анықтау; кері кетудің өлшемдерін, оның тұрақтылығын, оны жеңу мүмкіндіктерін бағалау; мүмкін жүктемені анықтау; оқытудың режиміне және түріне өзгерту енгізудің қажеттілігін анықтау.

Қорытынды консилиум баланың оқытудың жаңа сатысына өтуіне байланысты (мысалы, бастауыш мектептен негізгі орта білім алуға) немесе түзету жұмысының аяқталуына байланысты өткізіледі.

Консилиум мақсаты: оқытудың аяқталу кезіне оқушы мәртебесіне баға беру: барлық оқу пәндері бойынша меңгерілген білім, әлеуметтену деңгейі, эмоциялық-жігерлілік және мінез-құлық жүйесінің жағдайы, жоғары психикалық қызметінің даму деңгейі; болашақта баламен жұмыс істейтін педагогтарға ұсыныстар. Қорытынды қонсилиум материалдары баланың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырудың негізі ретінде қолданылады.- Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі туралы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы қызметі туралы ережелер;



- Қолдау мамандарының функционалды міндеттері.

Эксперименттің басында мектепте ПМПК шешімі бойынша даму мүмкіндігі шектеулі 9 бала білім алатын. 2012-2013 оқу жылында Қызмет мамандарының жүргізген кешенді диагностикасы негізінде «қауіп тобынан» 22 бала анықталды, ПМПК шешімі бойынша оларға «даму мүмкіндігі шектеулі бала» деген статус берілді.

Бүгінгі таңда мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне енгізудің екі түрлі жолы қарастырылуда: жеке психологиялық- педагогикалық қолдаумен инклюзивті білім беру сыныптары және арнайы сыныптар.

2015-2016 оқу жылында даму мүмкіндіктерінің түрлі шектелуі (психикалық дамуының тежелуі, интеллектуалдық жетіспеушілік, ерте жастағы балалар аутизмі, естудің бұзылуы, көрудің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы) бар 77 оқушы жалпы білім беру процесіне енгізілді.

2014-2015 оқу жылында білім алу сұранысы жоғары оқушыларды оқытуға арнайы жағдайлар жасауға арналған мектептің эксперименттік жұмысын жүзеге асыру аясында, лицейлік екі сынып ашылды. Оқушыларды лицейлік сыныптарға іріктеу жұмысы, негізгі пәндер бойынша кешенді тестілеу өткізу негізінде жүзеге асырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет