Қарттарды емдеу


Сидеропенияяық синдромның көріністері



бет29/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

Сидеропенияяық синдромның көріністері:

тері мен тері өсінділерінің дистрофиялык бұзылыстары (құрғауы, түлегіштігі, терінің тілінуге бейімділігі; шаштың түсуі, ерте ағаруы, үзілгіштігі; тырнақтардың жұкаруы, сынгыштығы, көлденен сызыкталуы, бұлынғырлануы; тырнакгар ортасының қасык тәрізді ойыкталуы -койлонихия , ангулярлық стоматит — ауыз ұшының жарылуы;

• глоссит - тілдің ашып ауруы, ұшының кызаруы, бүртіктерінің атрофиясынан кейннен жылтыр "лакталған" тіл симптомынын анықталуы; афталық стоматиттің жиі дамуы;

• парадонтоз бен кариес тез дамып өрістеуі;

Асқорыту жолы кілегей кабығьшың атрофиясы, осыдан өңеш кілегей кабығының құрғауы, құрғақ тагамды жұтудың қиналуы (сидеропениялық дисфагия немесе Пламмер-Винеон симптомы); атрофиялық гастриттің, энтериттін дамуы; "көгілдір склера "симптомы — көз ақ кабығының көгілдірленуі. Темір тапшылығында пролиннің, лизиннің гидрототықтануы бұзылады және склерада коллагеннің синтезі төмендейді, осьдан склера жұқарады, Жұқараған склераның астындағы тамырлардың көрінуінен оның түсі сәл көгілдір болады;

қуық сфинктерінің әлсіздігінен зәр шығарудың жиіленуі; күлген, жөтелген, түшкерген кездерде зәрдің еріксіз шығып кетуі; түнгі ұйқы кезінде зәрді ұстай алмау (энурез);

"сидеропениялыќ субфебрилитет" -себебі белгісіз симптом, денет қызуы ұзақ уақыт субфебрильді деңгейге көтерілуімен сипатталады;

Анемиялық синдромның көріністері:

Темірдің "қоры" сарқыла келе сидеропенияның көрінісіне анемияның белгілері қосылады. Анемияның клиникалық көрінісі циркуляциялық гипоксияның белгілерімен сипатталады. Мидың гипоксиясынан ұйқышылдық пайда болады, шаршаған кезде бас ауырады, бас айналады, көз алдында шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінеді. Мйдың есте сақтау, зейін қою қасиеттері төмендейді. Ауасы жеткіліксіз жағдайларда немесе төсектен тез тұрған кездерде науқастар кейде талып қалады.

Терінің қанмен жеткілікгі қамтамасыз етілмеуінен, науқастар суыққа төзімсіз, жаурағыш болады.

Жүрек-тамыр жүйесінен тахикардия, жүректің шаншып ауырсынуы, дене кызметі кезінде ентігу байқалады. Жүрек ишемия ауруына шалдыккан наукастарда стенокардияның белгілері жиіленеді.

Миокардтың дистрофиясынан жүрек шектері сәл кеңиді, тондары әлсірейді. Жүректің ұшында және өкпе артериясының нүктесінде си­столалык шу естіледі. Ќанның сұйылуынан мойындырық венада "зырылдауық" шуы пайда болады.

Жүрек- дистрофиясының ауыр түрінде қанайналым шамасыздығы дамуы ыктимал. Артериялык қысым төмендейді. ЭКГ-да миокардиодистрофияга тән белгілер аныкталады.



Диагностикасы. Теміртапшылыкты анемияның диагаостикасында ең маныздысы: қанның, сүйек миының лабораториялық анализдері және темір алмасуының зерттеу нәтижелері. Қанның анализінде гипохромдык микроцитарлык анемияньң белгілері аныктала­ды .

Кан анализінің өзгерістері.

• гемоглобин концентрациясының азаюы;

• түс көрсеткішінің төмендеуі (0,7-0,5);

- эритроциттердің кішіреюі (микроцитоз) және эритроциттерде гемоглобиннің орта концентрациясынын төмендеуі;

- қанньң жағындысында кішкене гипохромдық эритроциттердің саны басым болуы; - - ----- эритроциттердің көлемі мен пішінінің әртүрлілігі (пой-КИДО-, анизоцитоз);

- ретикулоциттер санынын өзгермеуі; тек қан кеткеннен кейінгі жақын арада ретикулоциттер саны көбеюі мүмкін, бұл қан кетудің белгісі болып табылады;

- анемияның аса ауыр түрінде бірен-саран эритробласттар аныкталады;

- эритроциттердің осмостық төзімділігі өзгермейді немесе сәл биіктейді;

- лейкоциттердін саны өзгерусіз немесе сәл төмендейді;

- лейкоформула айтарлықтай өзгермейді;

• тромбоциттердің саны калыпты, ал кан кеткенде сәл көбейеді. Сүйек миында эритробласттардын саны көбейеді, бірақ эритробласттардың жетілуі баяуланады және гемоглобинмен қанығуы гөмендейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет