Қарттарды емдеу


Қарт адамдарда панкератиттің клиникалық көріністерінің,диагностикасы мен емінің ерекшеліктері



бет27/55
Дата17.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69140
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
geriatria zhauaptar dayyn

27. . Қарт адамдарда панкератиттің клиникалық көріністерінің,диагностикасы мен емінің ерекшеліктері

Клиникалық көрінісі. Холангиогенді панкреатит көбіне әйелдерде, алкогольдік панкреатит еркектерде кездеседі. Созылмалы панкреатит көрінісінің синдромдары: қабыну-деструкциялық, диспепсиялық, бездің экзокриндік және эндокриндік функцияларының шамасыздығы. Қабыну-деструкциялык синдром — без ұлпасының химиялық некрозынан, ісінуінен және кабынуынан дамиды.

• іштің ауыруы; • панкреатикалық гиперферментемия және ферментурия (ферменттердің ауытку феномені); • интоксикация (қызудың кетерілуі, әлсіздік, артралгиялар, тәбеттің нашарлауы); • холедохтың ісінген бездің басымен кысылуынан болатын өтпелі механикалық типті сарғаю; • жедел фазалық қабыну реакцияларының жоғарылауы.

Панкреатиттің диагностикасында ұйкыбез ферменттері активациясының белгілерін тапқан маңызды: • кеуденің төменті аймактарында, кұрсақгың бетіңде диаметрі әртүрлі (1-3 мм) дөңгелек, ашық қызыл түсті микроаневризма болып табыла-тын дақтар («тамшылар» — Тужилиннің белгісі); • шел қабаттың арасындағы майдың некрозынан болатын, көлемі бірнеше мм-ден 3 см-ге дейін, сипағанда ауырсынатын түйіндер;. • Гротт белгісі — кұрсақ қабырғасында ұйкыбездің проекциясыңда шел

қабатының атрофиясы; • без проекциясыңдағы терінің гиперпигментациясы. Іштің пальпациясында аныкталатын белгілер Ұйкыбез басының закымдануына тән белгілер; • Шоффар зонасындағы ауырсыну (кіндіктен өткізген вертикальді және горизонтальді сызықтар аралығындағы оң жақтағы тік бұрыштын биссектрисаеының ішкі жағындағы аймақ), • Дежарден нүктесіндегі ауырсыну — кіндікті оң қолтықасты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары орналасатын нүкте.

Ұйкыбез денесінің зақымдануын көрсететін белгі • Губерфиц-Скульскийдің зонасында ауырсынудың болуы. Бұл зона Шоффар зонасымен бірдей, тек вертикальді сызықтын сол жағында орналасады. Ұйкыбез кұйрығының зақымдануына тән белгілер: • Губергриц нүктесінің ауырсынуы — Дежарден нүктесімен бірдей, бірақ сол жақта орналасады; • Мейо-Робсон нүктесінің ауырсынуы — кіндік пен сол қабырға иінінің ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында орналасатын нүкте. Ұйқыбез денесінің және құйрығының зақымдануында сол қабырға-омыртқалық бұрыштың ауырсыну байқалады. Созылмалы панкреатитте осы белгілермен қатар сол жактық френиқус-симптом және Кач белгісі (сол жақ ІХ-ХІ кеуделік нервтердің иннервациялау аймағында терінің гиперестезиясы) анықталады.

Инструменталдық зерттеулер:

1. Рентгенологиялық белгілер: ұйқы безінің кальцинаттары, екінші бел омыртқасы маңына жылжуы.

2. УДЗ белгілері: көлемнің, эхотығыздылық ұлғаюы, кальцинаттардың болуы, ісіктер немесе киста. Ісікке күдік болса УДЗ КТ толықтырылады.

3. Компьютерлік томография: некроз ошақтары, ұйқыбездің кисталары мен жалған кисталары. Бездің карциномасы кезінде диагностикалық тиімділік 85% жақын, əсіресе қайталамалы зерттеулерде.

Емі:

Дəрі-дəрмексіз ем: Диета №5.



Дəрі-дəрмектік ем:

Жоспарлы консервативті емге келесі шаралар кіреді:

1. Ауыру жəне төмен құрамдағы майлар мен клетчаткалар жоқ бөліктеп тамақтану. Науқасқа ішімдікті пайдалануды тоқтату.

2. Орын алмасулық (панкреатин 50 000-150 000 БІРЛІК*) терапия.

3. Антисекреторлық (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу ішке) немесе протондық помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəу, Пантопразол 40-80 мг/тəу, Рабепразол 40 мг/тəу).

4. Қантты диабетті емдеу (жеңіл пайда болатын гликемияны ескеріп, инсулинді аз дозада тағайындау қажет).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Панкреатин, таблетка, құрамында 4 500 БІР липаза бар капсула.

2. *Фамотидин 20 мг; 40 мг. табл.; амп.

3. *Омепразол 20 мг, табл.

4. *Рабепразол 10 мг, табл.

5. *Пантопразол 40 мг, табл.

6. *Алюминий, магний гидрототығы бар комбинирленген препараттар, 15 мл, ішке қабылдауға суспензия.

7. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.

8. Цефазолин 1 г, фл.

СП асқынуының ауыр дəрежесінде шұғыл жəрдемге кіреді:

1. Ұйқыбездің функционалды белсенділігінің минимумға дейін төмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылы асқазан ішіндегіні аспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу венаіщіне) немесе протондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне).

2. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəне оның аналогтары октреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет).

3. Қан айналымнан қабыну медиаторларын алып тастау (тұзды ерітінділермен инфузиялық терапия).

4. Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттік препараттарды тағайындау.

5. Инфекциялық асқынулармен күресі үшін жəне олардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарының антибиотиктерін немесе стандартты дозада синтетикалық пенициллиндерді тағайындау көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет