29 . Қарт адамдарда бейспецификалы жаралы колиттің клиникалық көрінісі, диагностикасы, емінің ерекшеліктері.
Бейспецификалы жаралы колит – тік және тоқ ішек кілегей қабығының жаралы деструкциялық зақымдануына және соның салдарынан ішектің стенозына, тесілуіне, қан кетуге, сепсиске т.б. себептерге алып келуі мүмкін созылмалы ауру. Бұл ауру әдетте жас шақта, 20-40 жас аралығында пайда болады және әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі. Егде және қарт жаста сирек кездеседі.
Арнайы емес жаралы колит жіктелуі:
Орналасуына байланысты:
Арнайы емес жаралы проктит және проктосигмоидит;
Арнайы емес жаралы сол бөлікті колит;
Арнайы емес жаралы тотальді колит;
Арнайы емес жаралы регионарлы колит.
Ағымына байланысты:
Жедел арнайы емес жаралы колит
Созылмалы арнайы емес жаралы колит
Рецидив беруші арнайы емес жаралы колит
Ауырлығына байланысты:
Жеңіл түрі — күніне 5 реттен көп қоймалжың қан мен шырыш араласқан нәжіс, қанағаттарлық жағдай, жоғары температура, тахикардия, анемияның болмауы. Орташа түрі — күніне 5-8 рет болатын қан мен шырыш араласқан нәжіс, аздаған дене қызуы, анемия байқалады, жағдайы қанағаттарлық. Ауыр түрі — ауыр диарея (күніне >8 рет); Қан, шырыш және ірің араласқан нәжіс, дене температурасы 380С-ден жоғары, анемия, жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр.
Клиникалық көрінісі: Іштің қан, ірің, кілегей аралас өтуі; Тенезмдер – дәретке жиі-жиі отырғысы келу, отырғанда болмашы қан, кілегей, ірің бөлінеді (тік ішектің шырт түкіруі) Бұл тік ішектің аса белсенді қабынуының белгісі. Іштің ауруы (көбіне сол жақ бөлікте) тоқ ішектің зақымданған проекциясына сәйкес. Кейде ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді, дене салмағын жоғалту , дәрет көбінесе түнгі уақытта байқалады. Интоксикациялық синдром: дәрменсіздік, адинамия пайда болады; дене қызуы көтеріледі, тәбет, салмақ төмендейді, жүрек айниды. Қарттарды көбінде астенизацияның белгілері байқалады: депрессия, ашушаңдық, жылағыштық т.б. Қарттарда аурудың пайда болуы баяу ағымды жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |