- Базистік дәрмектер:
А) 5-аминосалицил қышқылының туындылары: Сульфасалазин, Месалазин, Салофальк, 5-аминосалицил қышқылы
Б) цитостатиктер: Азатиоприн, Меркаптопурин
С) глюкокортикостероидтар: Гидрокортизон, Преднизолон
Микорклизмалар: балық немесе өсімдік майымен емдік клизмалар жиі әсер етеді. Сонымен қатар микроклизмалар колларгол, антипирин, новокаин ерітіндісімен немесе түймедақ, зығыр ұрығының тұнбасымен жасайды.
Арнайы емес жаралы колиттің асқынуларында және консервативті ем нәтижесіз болғанда хирургиялық ем (колонэктомия) жасалады.
3 деңгей
31 75 жастағы науқас әйел ықшам ауданның дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсыну сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi. Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин, целанид) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. 96, пульсi 84 рет минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик консистенциялы. 1. Синдромдарды анықтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |