1. Синдромдарды анықтаңыз: өкпелік симптом, ауырсыну синдромы, өкпеден тыс симптом, астеновегетативті синдром
2. Диагнозды құрастырыңыз.
Диагноз: Оң жақ өкпенің орталық обыры. Бронхтардың ортаңғы бөлігінің зақымдануымен
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері: кеуде торының рентгені, КТ, бронхоскопия, лимфа түйіндерінің биопсиясы
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу: хирургиялық (лобэктомия, билобэктомия, пульмонэктомия), сәулелік, химиотерапия
35 Науқас 73 жаста, ер кісі, зейнеткер. Анамнезінен 20 жыл мұнай өнеркәсібінде жұмыс істеген. Ауруханаға түскен кездегі шағымдары: кеуде тұсының оң жақ бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуі. Бастапқы кезде кешке қарай күшейіп қатты мазалайтын құрғақ жөтел, 2 айдан кейін ірің араласқан көбікті қақырық бөліне бастаған.Кейін ентікпе, әлсіздік, тез шаршағыштық пайда болды.
Сұрастырғанда науқастың 15 жастан темекі тартқаны және соңғы 20 жылда күніне 3 пачка темекі тартатыны анықталды.
Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозғылт. Науқастың жақ асты, қолтық асты, бұғана үсті лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда тығыздалған, ауырсынусыз. Тыныс жиілігі 30 рет мин, кеуде сарайының оң жағы тыныс алудан калыңқы. Оң өкпенің ортаңғы бөлігінде перкуссиялық дыбыс қысқарған, әлсіреген везикулалық тыныс негізінде әр түрлі көпіршікті сырылдар. Пульсі минутына 100 рет, ырғақты, АҚ 100/60 мм сын. бағ. Қан анализінде: Эр-3,3х8х1012/л, гемоглобин-80 г/л., лейк. 14,8x109, ЭТЖ 50 мм/сағ. Қақырығында эластикалық талшықтар.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпесінің ортаңғы бөлігінде өкпе түбіріне жақын өлшемі 5x3 см шекарасы тегіс емес көлеңке және осы көлеңкеден сол өкпеге қарай жұлдыз сияқты таяқшалар, оң жақта өкпе түбіріндегі лимфа бездерінің ағаруы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |