Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


﴿ وَلَوْ شَاء رَبُّكَ لَجَعَلَ النَّاسَ أُمَّةً وَاحِدَةً وَلاَ يَزَالُونَ مُخْتَلِفِينَ



бет22/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

﴿ وَلَوْ شَاء رَبُّكَ لَجَعَلَ النَّاسَ أُمَّةً وَاحِدَةً وَلاَ يَزَالُونَ مُخْتَلِفِينَ (118) إِلاَّ مَن رَّحِمَ رَبُّكَ وَلِذَلِكَ خَلَقَهُمْ وَتَمَّتْ كَلِمَةُ رَبِّكَ لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ ﴾

(Мухаммад,) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда олар, Раббыңның мәрхаметіне бөленгендерден басқалары, үнемі келіспеушілікке түсуін тоқтатпайды. Ол оларды сол үшін жаратты. Раббыңның: «Әрине, Тозақты жындар және адамдармен – барлығымен бірге толтырамын», - деген сөзі орындалады” («Худ» сүресі, 118-119 аяттар).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):

﴿ وَمِن قَوْمِ مُوسَى أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ ﴾

«Мусаның қаумында да тура жолға салатын және әділдікті орнататын бір топ бар» («әл-Әғраф» сүресі, 159-аят).

Әрі (былай деді):



﴿ وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ ﴾

«Жаратылыстарымыздың ішінде тура жолға салатын және әділдікті орнататын үммет бар» («әл-Әғраф» сүресі, 181-аят).

Тағы да (былай деді):



﴿ كَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ كَانُواْ أَشَدَّ مِنكُمْ قُوَّةً وَأَكْثَرَ أَمْوَالاً وَأَوْلادًا فَاسْتَمْتَعُواْ بِخَلاقِهِمْ فَاسْتَمْتَعْتُم بِخَلاقِكُمْ كَمَا اسْتَمْتَعَ الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ بِخَلاقِهِمْ وَخُضْتُمْ كَالَّذِي خَاضُواْ أُوْلَئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَأُولَئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ ﴾

«Олар сендерден бұрынғылар сияқты. Олар сендерден күшті еді, әрі олардың малдары мен балалары да көбірек болатын. Олар дүниеде өздеріне берілген несібелерінен масайрады. Бұрынғылар өз несібелерінен масайрағандай, сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар. Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер. Олардың бұл дүниедегі де, Ақыреттегі де амалдары жойылып кетті. Міне, солар – зиянға ұшырағандар» («әт-Тәуба» сүресі, 69-аят).

Ал Пайғамбар болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Яһудилер 71 топқа бөлінді. Олардың біреуінен басқасының барлығы Отта! Христиандар 72 топқа бөлінді! Олардың біреуінен басқасы Отта! Бұл үммет те 73 топқа бөлінеді. Олардың біреуінен басқасының барлығы Отта!», - деді. Сахабалар: «Бұл құтылған топ кімдер?!», - деп сұрады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – бүгін мен және менің сахабаларым нені ұстанса, соны ұстанатындар», - деп жауап берді. Басқа бір риуаятта: «Бұл – әл-жәма’а», - деп айтылған (Ахмад 4/102, Абу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, әд-Дарими 2/241, әл-Хаким 1/128. Хадистің екі риуаяты да сахих). Үмметтердің топтарға бөлінуі Аллаһ Тағаланың Болмыстағы (орнатқан) әдетіне жатады.

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бұл дүние мен Ақыреттің бақыты – елшілерге ілесуде. Бұл бақытқа баршадан көбірек елшілер қалдырған хабарларды білетіндер және басқаларға қарағанда көбірек сол хабарларға ілесетіндер құқықты екені жалпыға мәлім. Бұл – олардың сөздері мен іс-амалдарын білетіндер және соларға ілесетіндер. Дәл солар әр уақытта және әр жерде бақытты! Міне, солар - әрбір діндегі құтылған топ. Олар – осы үмметтегі Сүннет пен хадис иелері» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 4/26).

Ибн Таймийя сондай-ақ былай деді: «Олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері мен іс-амалдары туралы басқа адамдарға қарағанда көбірек біледі. Олар одан жеткен сахих және сахих емес хабарлардың арасын басқалардың барлығына қарағанда жақсырақ ажыратады. Олар оның Сүннетін түсінеді және оның мағынасы туралы біледі. Олар соған сеніп, соған сәйкес амал етіп және соны жақсы көріп, соған ілеседі. Олар Сүннетті жақсы көретіндерді жақсы көреді және Сүннетті жек көретіндермен жауласады. Олар дінге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген (шариғатта) нұсқауы болмаған әлдебір негіздерді орнатпайды. Керісінше, олар тек Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жіберілген (шариғатты) ғана өз сенімдерінің негізі етеді» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 3/347).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) тағы да былай деді: «Дәл сондықтан да сен му‘тазилилердің, муржилердің және өзге бидғаттарды жақтаушылардың Құранды өздерінің ой-тұжырымдарының және бұрыс түсініктерінің негізінде тәпсірлейтінін көресің. Дәл сондықтан да сен олардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне және сахабалардан, табиғиндерден және мұсылмандардың имамдарынан жеткен хабарларға сүйенбейтінін көресің. Олар Сүннетке де сүйенбейді және мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының бірауызды келісілген пікіріне де сүйенбейді. Олар тек ақылға және араб тіліне сүйенеді. Сен олардың хадистер мен мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының хабарларының үстіне құрылған Құран тәпсірлеріне сүйенгенін көрмейсің. Олар тек өздерінің жетекшілері жазған әдебиет пен пәлсапа кітаптарына сүйенеді. Осы сондай-ақ құдайсыздардың да жолы. Олар тек әдебиет, пәлсапа және араб тілі бойынша кітаптарда келген нәрселерді ғана алады. Ал Құран, хадис және мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан жеткен асарлар бойынша кітаптарға келер болсақ, олар мұндай кітаптарға көңіл бөлмейді. Олар Пайғамбарлардың мәтіндерінен теріс бұрылады. Өйткені, олардың ойлары бойынша, Пайғамбарлардың мәтіндері білім таратпайды» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 7/119).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) хадис иелері туралы сондай-ақ былай деді: «Сен хадис иелерінің хадистер арқылы өз нәпсілерін тазартатынын көресің! Олар өз әуестіктеріне емес, ақиқатқа ілесуге ұмтылады! Олар хадистерге қатысты әділдік пен туралық жолын ұстанады. Олар хадистерді жақсы көреді және олардан ләззат алады. Олар хадистердің көп болуын және хадиске ілесушілердің көп болуын жақсы көреді. Олар, хадистердің тәттілігін сезе алмайтындардан айрықша, хадистерге сәйкес амал етуге ұмтылады. Ал хадистердің тәттілігін тек дін арқылы мал-мүлік пен билікке ұмтылатындар ғана сезінбейді» (Қз.: «Минһаж әс-Сунна», 8/210).


Қорытынды
بسم الله الرحمن الرحيم

و صلى الله على نبينا محمد و على آله و صحبه و سلم

Мен өзіме және сізге, уа, менің бауырым, Аллаһтан қорқуды өсиет етемін! Егер сіз Аллаһтан қорқатын болсаңыз, бұл сізді кез-келген уайым-қайғыдан құтқарады. Ал егер сіз адамдардан қорқатын болсаңыз, олар ешбір нәрседе сізді Аллаһтан құтқара алмайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оған бір шығар жол пайда қылады және ол тіпті ойламаған жерден ризық береді» («әт-Таләқ» сүресі, 2-3 аяттар). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оның істерін жеңілдетеді» («әт-Таләқ» сүресі, 4-аят).

Мен сізге Аллаһ Тағалаға деген мойынсұнушылықты (басқа нәрселерден) артық көруді әрі Оған деген мойынсұнбаушылықты тастауды өсиет етемін. Мен сізге бүтіндей Оған ұмтылуды, басыңызға түскен әрбір қасіретте Оған ғана жүгінуді өсиет етемін. Мен сізге адамдарға сүйенуді тоқтатуды және әрбір мұқтаждығыңызда оларға жүгінуді қоюыңызды өсиет етемін! Сіздің жүгінуіңіз тек Аллаһқа ғана болсын, Оған ғана тәуекел етіңіз! Өйткені Аллаһ Тағала: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады», - деді ғой («әт-Таләқ» сүресі, 3-аят).

Бүкіл жаратылыстар, тіпті олардың барлығы бірге қосылса да, дәрменсіз және Аллаһқа бағынышты екенін біліңіз! Тіпті өзіне де көмектесе алмайтын біреу қалайша біреуге пайда келтіруі мүмкін?! Сондықтан да кейбір мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары: «Жаратылғанның жаратылғанға көмек тілеп жүгінуі қамауда отырған біреудің қамаудағы екінші біреуге көмек тілеп жүгінгені сияқты», - деп айтатын.

Отбасыңыз, мал-мүлкіңіз, балаларыңыз сізді Аллаһтан көңілізді бұрып кетуінен абай болыңыз, әйтпесе өміріңіз зиянды болады. Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүминдер! Сендерді малдарың, балаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлдекім бұны істесе, міне, солар зиян тартушылар» («әл-Мунафиқун» сүресі, 9-аят).

Сізді Аллаһқа Оның Кітабын оқу және ол туралы ой-пікір жасау арқылы, Оның сізге әмір еткен бұйрықтары мен тыйымдарын түсіну арқылы Оны зікір етуіңіз жақындатсын. Ендеше, Оның бұйрықтарын орындаңыз да, Оның тыйымдарынан тыйылыңыз!

Өзіңіздің барлық істеріңіз бен сөздеріңізде, кез-келген себеппен және кез-келген жағдайда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесіңіз! Кіші мәселелерде де, үлкен мәселелерде де Сүннетке қайшы келуден сақ болыңыз. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» («ән-Нур» сүресі, 63-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Егер оған бойсұнсаңдар, тура жолға ілесесіңдер» («ән-Нур» сүресі, 54-аят).

Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаруға қатысты ізгі алдыңғы ұрпақтардың (мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының) жолын ұстаныңыз. Әрі мұны өзіңізден бастаңыз! Өйткені Аллаһ Тағала Шу‘айбтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) былай дегенін хабарлады: «Сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын» («Худ» сүресі, 88-аят).

Өзіңізді үнемі жақсы адамдармен бірге болуға үйретіңіз және жаман жолдастардан алшақтаңыз! Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім қайсыбір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан», - деп айтты ғой (Ахмад, 2/50; Абу Дауд, 4031). (Ол) сондай-ақ: «Адам кімдерді жақсы көрсе, солармен бірге болады», - деді.

Осы дүниенің сән-салтанатымен нәуетек болған адамдарға сирек баруға тырысыңыз! Өйткені оларға бару және олардың байлықтарын көру сіздің көзіңізге Аллаһтың нығметтерінің ұлықтығын кішірейтіп көрсетеді. Расында, Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүние тіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесі қйырлы да тұрақты», - деп айтты («Та Ха» сүресі, 131-аят).

Жолдастарыңыз бұл дүниенің зуһдтары, ізгілері және Ақырет мекеніне ұмтылушылар болсын! Олар – өздерінің бұл жалған дүниедегі үлесін Аллаһтың разылығы мен Ақырет үшін тастағандар. Расында, Аллаһ Тағала былай деді: «Кім өткінші дүниені қаласа, Біз сол сәтте-ақ қалаған кісімізге қалағанымызды береміз. Сонсоң оны Жәһаннамға саламыз. Ол оған қорланған әрі мәрхаметке зақ болған түрде кіреді. Ал кім мүмин болған түрде Ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне, солардың тырысулары алғыс-сыймен марапатталады» («әл-Исра» сүресі, 18-аят).

Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өзіңнен төмен болғандарға қара, әрі өзіңнен жоғары болғандарға қарама! Бұл саған Аллаһ сені бөлеген нығметтерді кемсітпеуге көмектеседі» (Муслим, 2963).

Дүние тіршілігіндегі әлдебір нәрсе үшін қайғырмаңыз! Расында, Яхья ибн Му‘аздың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүние жоқ нәрсе болып табылады, сондықтан да ол тіпті азғантай уақыт қайғыруға да лайықты емес! Ендеше, бүкіл өміріңді жұтып қойған қайғы туралы не айтуға болмақ?!» (Қз.: «‘Уйуб ән-Нәфс», 1/45).

Өз нәпсіңізден кез-келген уқытта сол кезде не істеу бәрінен жақсырақ болса, соны істеуді талап етіңіз! Расында, Сәхл ибн ‘Абдуллаһ былай деген екен: «Уақыт сендегі бар ең қымбат нәрсе болып табылады, сондықтан да осы уақытты ең маңызды істерге арна» (Қз.: «‘Уйуб ән-Нәфс», 1/45).

Сізге қатысты болмаған істерді, сөздерді, қозғалыстар мен ұмтылыстарды тастаңыз! Расында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Адамның Исламды жақсы танытуынан – бұл оның өзіне қатысты болмаған нәрседен бас тартуы» (әт-Тирмизи, 2317; Ибн Мәжаһ, 3976).

Бүкіл амалдар мен ғибадат рәсімдерінде ықыластылықты ұстаныңыз, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Олар тек Аллаһқа бар ықыласымен тура жолды ұстанған (ханиф) күйде құлшылық етуге бұйырылды» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят). Амалыңыз ықыласты болсын, сонда ол сізге аз мөлшерде де жеткілікті болады!

Өз нәпсіңізден барлық іс-амалдарыңызда шыншылдық пен ықыластылықты талап етіңіз! Расында, шыншылдығы болмаған кез-келген амал ұшып жойылған тозаңға айналады! Аллаһ Тағала былай деді: «Мүминдердің арасында Аллаһқа берген уәделерінде шыншыл болғандары бар» («әл-Әхзаб» сүресі, 23-аят). Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шыншылдық ізгілікке алып келеді», - деген (әл-Бухари, 6094; Муслим, 2607).

Өзіңіздің бұрынғы істеген күнәларыңыз туралы үнемі ойланыңыз! Өкініңіз, тәубе етіңіз және Аллаһтан кешірім тілеңіз! Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өкіну – бұл тәубе ету», - деген.

Ата-анаңызға мойынсұныңыз, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің қақысын олардың қақысымен бірге атап кетті! Аллаһ Тағала былай деді: «Маған және ата-анаңа шүкір ет, өйткені қайтар орын – Мен жақ» («Луқман» сүресі, 14-аят).

Бірде (бір кісі) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың Елшісі, адамдардың ішінде мен оған жақсылық істеуге кім бәрінен лайықтырақ?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Анаң», - деп жауап берді. (Әлгі) адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Анаң», - деп жауап берді. (Әлгі) кісі: «Ал одан кейін ше?», - деп (тағы) сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Анаң», - деді. Ал әлгі адам қайтадан: «Одан кейін ше?», - деп сұрағанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әкең», - деп жауап берді.

Туысқандық байланысты үзбей ұстаныңыз, өйткені оны үзбей ұстау өмірді ұзартады! Туысқандық байланысты үзу ең үлкен күнәларға жатады. Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Туысқандық байланыс (рахим) Аллаһтың әр-Рахман есімінің туындысы болып табылады. Аллаһ оған былай дейді: «Кім сені үзбей ұстаса, соны мен де қолдаймын, ал кім сені үзсе, сонымен Мен де (байланысымды) үземін»” (әл-Бухари, 5988).

Бауырларыңызға, жолдастарыңызға, қызметшілеріңізге және билігіңізде болғандарға қатысты көркем мінез танытыңыз. Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Қиямет Күні Мизан) Таразыда ең ауыр нәрсе көркем мінез болады», - деген (Ахмад, 6/442).

Көршілермен жақсы қарым-қатынаста болыңыз және оларға жақсылық жасаңыз! Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған Жәбірейіл көршіге жақсы қарым-қатынас жасауды тоқтамай өсиет еткені соншалықты – мен тіпті олар мирасқорлардың қатарына кіргізіледі ме деп ойлап қалдым», - деп айтты (әл-Бухари, 6015; Муслим, 2624).

Көмек сұрағандарға көмек беріңіз! Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ Өзінің құлына ол өз бауырына көмектескенге дейін көмектесе береді», - деген (Муслим, 2669).

Кешірім сұрағанның кешірімін қабыл етіңіз, мейлі ол шыншыл болса да, мейлі өтірік айтса да. Ақиқатында, Аллаһ Тағала Өзінің пайғамбары Юсуфты (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ол өз бауырларының кешірім сұрауын қабыл еткендігі үшін мақтады. Юсуф (оған Аллаһтың сәлемі болсын) оларға: «Бүгін мен сендерді кінәламаймын. Аллаһ сендерді кешірсін», - деді («Юсуф» сүресі, 92-аят).

Мұсылманның жамылғысын жұлмаңыз! Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өз мұсылман бауырының кемшіліктерін жасырса, Аллаһ соның бұл дүниеде де, Ақыретте де кемшіліктерін жасырады» (Ибн Мәжаһ, 2546).

Өзгелер сізбен байланысын үзсе де, сіз олармен байланысыңызды үзбеңіз, жамандыққа жақсылықпен, зұлымдыққа сабырлық және кешіріммен қайырыңыз! Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «(Сенімен байланысты) үзетіндермен байланысты үзбе, саған жәбір тигізетіндерді кешір, әрі саған жаман қарым-қатынас жасайтындарға жақсы қарым-қатынас жаса» (Ахмад, 4/148. Хадис сахих. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 891).

Дүниелік істерде көреалмаушылық-қызғаныштан сақтаныңыз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-біріңді күндемеңдер», - деген (Муслим, 2556).

Үлкендерге құрмет көрсетіңіз, әрі кішілерге мейірімді болыңыз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біздің кішілерімізге мейрімді болмаған және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес», - деп айтқан (Ахмад, 2/207. Хадис сахих. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 2196).

Ұялшақ болыңыз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ұялу иманнан», - деген (әл-Бухари, 24; Муслим, 36). (Ол) сондай-ақ: «Ұялшақтықта жақсылықтан басқа еш нәрсе жоқ», - деп те айтқан (Муслим, 37).

Кедей-міскіндерге қатысты сыпайы болыңыз, оларға жұмсақтық пен мейірімділік танытыңыз, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Таңертең және күн батқанда Раббыларына жалбарынып, Оның Дидарына ұмтылғандарды қума», - деді («әл-Әнғам» сүресі, 52-аят).

Егер сіз әлдебіреумен кеңесіп, содан соң бір нәрсені істеуге ниет етсеңіз, онда тек Жалғыз Аллаһқа ғана тәуекел етіңіз! Жаратылыстарға деген ынтықтығыңызды үзіп тастаңыз, өйткені Аллаһ Тағала: «Ал қашан шешім қабылдасаң, Аллаһқа тәуекел ет», - деп айтады («Әли ‘Имран» сүресі, 159-аят).

Тәуекел ету дегеніміз – бұл сіз өз істеріңізді Аллаһ Тағалаға тапсыруыңыз және Ол сіз үшін жасаған таңдауға разы болуыңыз. Ақиқатында, Ол сіз үшін жетіп асады!

Өзіңізді, құлағыңызды өтірікті, ғайбатты, жаланы және бос сөзді тыңдаудан қорғаңыз! Ақиқатында, Аллаһ Тағала: «Расында, құлақ, көз және жүрек – олардың барлығы одан сұралады», - деді («әл-Исра» сүресі, 36-аят).

Харам және күмәнді нәрсені жеуден сақ болыңыз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Отқа бәрінен көбірек хараммен қоректенген дене лайықтырақ болады», - деген (әт-Тирмизи, 614).

Жалғыз болған кезіңізде, бүкіл істеріңіз бен барлық жағдайларда Аллаһ Тағаланың сіздің үстіңізден бақылау жасайтынын сезініңіз. Ақиқатында, Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ сендерді бақылайды», - деді («ән-Ниса» сүресі, 1-аят).

Үнемі Аллаһты зікір етіңіз! Өйткені егер сіз Аллаһты зікір етсеңіз, Ол да сізді есіне алады. Ол былай деді: «Мені еске алыңдар, сонда Мен де сендерді еске аламын» («әл-Бақара» сүресі, 152-аят). Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Аллаһ Тағала: «Кімнің Мені зікір етуі оны Маған өтініш білдіруден тосса, соған Мен сұрайтындарға беретінімнің ең жақсысын беремін», - деп айтады” (әт-Тирмизи, 292).

Аз күліңіз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көп күлу жүректі өлтіреді», - деген (әт-Тирмизи, 2305).

Өліміңізді таяу деп деп есептеңіз, әрі алыс болашаққа үміттер құрмаңыз. Ақиқатында, бұл сізге игі істер істеуге көмектеседі! Аллаһ Тағала былай деді: «Оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелерімен айналыссын» («әл-Хижр» сүресі, 3-аят).

Адамдарға қатысты ықыласты болыңыз! Ақиқатында, Жәрир ибн ‘Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір мұсылманға қатысты ықыласты боламын деп уәде етіп ант бердім» (Муслим, 56).

Әрі сізге осыда Аллаһ Тағала көмектеспесе, сіз осыдан еш нәрсеге қол жеткізе алмайтыныңызды біліңіз!

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және солардың жолына ықыласты түрде ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!



1 Аудармашының ескертпесі: Зуһд – (аскет – рус.) араб тілінен енген кірме сөз. Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының «зуһд» сөзіне берген кейбір түсіндірмелері келесідей:

Суфиян әс-Саури былай деген: «Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған) киім кию емес, (бұл -) үлкен үміттердің болмауы». Уаки’ “әз-Зуһд” 1/222.


Уаһб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымына қатысты былай деген: «Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/140.
Абу Идрис әл-Хәуләни былай деген: “(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды қайтаруға қарағанда осы үшін көбірек (Ақыретте) сый алуды қалауыңда». Ахмад “әз-Зуһд” 96.
Имам Ахмад былай деген: “Зуһд – бұл болашаққа деген үлкен үмміттердің болмауы және басқа адамдарға тиісті нәрселерден бас тарту”. Қз.: “Жәми’уль-‘улюми уәл-хикам” 297.


2 Абу Умаманың хадисі туралы сөз болады. Қз.: «Жәми‘у байан әл-‘илми уа фадлихи», 2/229.

3 Шейх Абдуллаһ әл-Убайлән бұл жерде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисті меңзеуде: «Аллаһ мені адамдарға жіберген басшылық пен білім жерге жауған нөсер жаңбыр сияқты. Бұл жердің бір бөлігі шұрайлы еді де, өзіне суды сіңдіріп алды, әрі онда көптеген әртүрлі өсімдіктер мен шөптер өсіп шықты. Оның басқа бір бөлігі қатты еді әрі өзінің бетінде суды ұстап қалды да, Аллаһ оны адамдарға пайдалы етіп, олар оны ішуге, малын және жерін суғаруға пайдаланды. Жаңбыр сондай-ақ жердің тегістік болған бөлігіне де түсті; ол суды ұстап та қалмады, әрі оған еш нәрсе де өспеді. Жердің осы бөліктері Аллаһтың дінін біліп игерген, Аллаһ мені жіберген нәрседен пайда алған, өздері білім алып, оны басқаларға да үлестірген, әрі сондай-ақ осыған өзі де жүгінбеген және мен сонымен адамдарға жіберілген Аллаһтың басшылығын қабылдамаған адамдар сияқты» (әл-Бухари, 79; Муслим, 2282).

4 Бұл жерде шейх әл-Фаузан кітап оқуға болмайды дегенді меңземейді, өйткені кітап оқуға мүлде болмайтын болғанда, ғалымдар кітаптар мен жолдаулар жазбайтын еді, немесе кітаптарды тек ғалымдар оқысын деп жазар еді, алайда шейх адам білім талап етуді жеке өзі кітап оқудан бастауға және білім алуын өздігінше дербес түрде, білім иелерімен байланыспастан, кітаптардан алуға болмайды дегенді меңзеп тұр, өйткені мұндай жағдайда ол діннің негіздерін игерместен, кітаптарды дұрыс түсіне алмайды. – Аудармашыдан.

5 Ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Мухаммад, әділетті бол!», - деді.

6 Аудармашының ескертпесі: «зуһд» – (аскет – рус.) араб тілінен енген кірме сөз. Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының «зуһд» сөзіне берген кейбір түсіндірмелері келесідей:

Суфиян әс-Саури былай деген: «Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған) киім кию емес, (ол -) үлкен арман-үміттердің болмауы». Уаки’ “әз-Зуһд” 1/222.


Уаһб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымына қатысты былай деген: «Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 8/140.
Абу Идрис әл-Хәуләни былай деген: “(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды қайтаруға қарағанда осы үшін көбірек (Ақыретте) сый алуды қалауыңда». Ахмад “әз-Зуһд” 96.
Имам Ахмад былай деген: “Зуһд – бұл болашаққа деген үлкен үмміттердің болмауы және басқа адамдарға тиісті нәрселерден бас тарту”. Қз.: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам” 297.

7 Шейх Фаузан Әнастың былай деп айтқаны жеткізілген хадисті меңзеп тұр: “Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйлерінің жанына үш адам келіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа қалай құлшылық ететіні туралы сұрай бастады. Оларға бұл туралы айтып берген кезде, олар, бәлкім, бұны көп емес деп санап: «Бізге Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда!.. Оның өткен күнәлары да, болашақ күнәлары да кешірілген!», - деді. Кейін олардың біреуі: «Маған келсек, мен әр түн сайын тоқтамай намаз оқимын», - деп айтты. Басқасы: «Мен үзбей ораза ұстаймын», - деді. Үшінші болса: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын әрі ешқашан үйленбеймін», - деді. Ал біраз уақыт өткен соң олардың жанына Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Пәлен және пәлен нәрселерді айтқан сендер екенсіңдер ғой?! Аллаһпен ант етемін, мен сендерден көбірек Аллаһтан қорқамын, әрі сендерден көбірек Одан сақсынамын, алайда мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, мен (түндерде) намаз да оқимын, ұйықтаймын да, сондай-ақ мен әйелдермен де некелесемін, ал кім менің Сүннетіме (ілескісі) келмесе, оның маған қатысы жоқ!”, - деді”. Әл-Бухари 5063, Муслим 1401.

8 Шейх Фаузан Жундуб ибн Абдуллаһтың Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған:

Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh -> 28%20-%20manhagh erejeleri
manhagh -> Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу