Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет19/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а ерекше Рахымдының (Аллаһтың) құқықтарын орындау, міне, осы басты мақсат болып табылатынына, ал адамдардың құқықтарына келер болсақ, олар Аллаһтың құқықтарынан кейін жүретініне мығым сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإِنسَ إِلاَّ لِيَعْبُدُونِ (56) مَا أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ (57) إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ ﴾

«Мен жындар мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым. Олардан бір ризық-несібе тілемеймін, әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын. Шүбәсіз, Аллаһ Ризықтандырушы және Мықты күшке Ие» («әз-Зәрийят» сүресі, 56-58 аяттар).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْقُرَى آمَنُواْ وَاتَّقَوْا لَفَتَحْنَا عَلَيْهِم بَرَكَاتٍ مِّنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ وَلَكِن كَذَّبُواْ فَأَخَذْنَاهُم بِمَا كَانُواْ يَكْسِبُونَ ﴾

«Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине, оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар мұны жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық» («әл-Әғраф» сүресі, 96-аят).

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (бірде): «Әй, Му’аз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?», - деп айтқаны жеткізіледі. Му‘аз: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап берді. Сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кім Аллаһқа ешкімді серік қоспаса, (Аллаһ) соларды азаптамауы», - деді (әл-Бухари, 6267; Муслим, 30).



Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Кейбір пәлсапашылар: «Діннің мақсаты тек дүниелік мақсатқа қол жеткізу болып табылады», - дейді. Бірақ діннің мақсаты - бұл туралы кейбір пәлсапашы топтар айтатындай, адамдардың арасында дүниелік істерде әділет орнату түріндегі тек дүниелік мақсаттарға ғана қол жеткізу емес. Олар барлық пайғамбарлық (миссиялардың) мақсаты адамдарға дүние тіршілігінде қажетті заң-қағидаларды орнату болып табылады деп айтады. Олар: «Адамдар олардың дүние тіршілігін реттейтін әділетті заңға мұқтаж», - дейді. Бірақ мұндай мақсатты тек Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман келтірмеген діндер ғана көздейді. Бұл Нух қауымының, Намруд патшаның немесе Шыңғысханның жағдайы сияқты. Өйткені, расында, Адам ұрпақтарынан болған әрбір топ міндеттіліктерді орындауға және тыйым салынған нәрселерді тастауға мұқтаж, әрі соның нәтижесінде олардың дүние тіршілігі де қамтамасыз етіледі ғой. Бұл халықтар өздері үшін басқа халықтарды басып алуға және өздеріне бағындыруға көмектесетін заңдарды орнатуы да мүмкін. Залым патшалар, мысалы, Шыңғысхан осылай істейді. Егер діннің және оның заңдарының мақсаты тек дүниелік пайдаға қол жеткізу болса, онда осы дінді ұстанатын адамдардың Ақырет өмірінде үлесі жоқ. Олар бұл заңдарды, мұны Перғауын мен Шыңғысхан істегендей, басқа адамдарды қанау үшін құрастырған болуы да мүмкін. Мұндай адамдар Ақырет өмірінде ең күшті жазаға тартылатын болады. Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммад) Біз сенетін ел үшін саған Муса мен Перғауынның қиссасын өте айқын оқимыз. Рас, Перғауын жер бетінде тәккапарланып, оның тұрғындарын топтарға бөлді. Олардың бір тобының ұлдарын өлтіріп және әйелдерін тірі қалдырып, әлсіз етті. Ақиқатында, ол бұзақылық таратушылардан еді» («әл-Қасас» сүресі, 3-4 аяттар).

Аллаһ Тағала Перғауын туралы көптеген аяттарда баян етеді. Перғауын мен оның халқы патшалардың дінін ұстанатын. Бұл туралы Юсуфтың оқиғасында (былай деп) айтылады: «Өйткені Аллаһ қаламайынша, патшаның заңына сәйкес, ол (Юсуф) бауырын алып қала алмас еді» («Юсуф» сүресі, 76-аят). Бұл аятта Юсуфтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) заманында билік құрған перғауын туралы сөз болуда, ал бұл Мусаның кезіндегі Перғауыннан бұрын болатын. Өйткені перғауын – бұл копттардың (әулетінен) шыққан Мысыр билеушілері үшін қолданылатын ортақ атау. Бұл – тура Цезарь (рим патшаларының ортақ атауы), Хосроу (иран патшаларының ортақ атауы), Негус (эфиопия патшаларының ортақ атауы) сияқты.

Бірақ бұл бидғатшы-пәлсапашылар шариғат, заңдар және дін тек дүние тіршілігінің мүделлері үшін орнатылған деп мәлімдейді. Дәл сондықтан да олар адамдарға таухидті ұстануды бұйырмайды. Дәл сондықтан да олар Ақырет үшін амал жасауға шақырмайды. Олар адамдарға көпқұдайшылық жасауға тыйым салмайды. Олар үшін тек әділеттілікті, шыншылдықты, келісімшарттарды орындау т.с.с. нәрселер ғана маңызды. Яғни олар дүние тіршілігі соларсыз болуы мүмкін емес болған нәрселерге ғана шақырады” (Қз.: «Қа‘ида фи-л-Махабба», 47-бет).

Қырық бесінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а адамдар туралы үкімді олардың айқын амалдарының негізінде жасайды да, адамдардың жүректері туралы үкімді Аллаһқа қалдырады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ سَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ إِذَا انقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُواْ عَنْهُمْ فَأَعْرِضُواْ عَنْهُمْ إِنَّهُمْ رِجْسٌ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ جَزَاء بِمَا كَانُواْ يَكْسِبُونَ ﴾

«Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, сендер олар(ды айыптау)дан бет бұруларың үшін, Аллаһтың атымен ант етеді. Ендеше, олардан бой тартыңдар. Өйткені олар лас. Олардың орны Тозақ. Істегендерінің жазасы осындай болмақ» («әт-Тәуба» сүресі, 95-аят).

Умм Сәләмадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, мен тек адаммын, ал сендер маған тартыстарыңмен келесіңдер. Сендердің әлдебіреуің өзгеге қарағанда өз дәйектеулерінде сенерліктей болуы әрі мен сол кезде естіген нәрселерімнің бір бөлігінің негізінде оның пайдасына шешім шығаруым мүмкін. Алайда мен шын мәнісінде оның бауырына тиісті болған нәрсені оған үкім шығарып берген адам менің оған Тозақ отының бір бөлігін үлес етіп беріп жатқанымды білсін!» (әл-Бухари, 2680; Муслим, 1713). Бұл бүкіл қазылардың (соттардың) имамының және Адам ұрпақтарының мырзасының сөздері.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені де жеткізіледі: «Оны байқап жүріңдер14: егер ол көзі қара, бөксесі үлкен және аяқтары жуан бала туса, демек, ол – Шәрик бин Сахмнан болғаны». Ал ол (әйел) шындығында да осындай бала туған кезде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер бұл туралы Аллаһтың Кітабында айтылып қойылмағанда15, мен оны қатал жазалайтын едім», - деді (әл-Бухари, 4747; Муслим, 1496).

Усама ибн Зәйдтің (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) былай деп баяндағаны жеткізіледі: «Өз кезінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біздің бір тобымызды жорыққа аттандырды және біз таңертеңгісін жухайна тайпасының мекені болған Хурукатқа шабуыл жасадық. Мен олардың ішінен бір адамды қуып жеткенде, ол: «Лә иләһа иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ»), - деп дауыстай салды, ал мен болса оған найзамды шаншып алдым. Осы (оқиға) мені мазалай бергендіктен, мен бүкіл болғанды Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бердім, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сонда сен оны ол: «Лә иләһа иллә-Ллаһ», - деп айтқаннан кейін өтірдің бе?!», - деп дауыстап жіберді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі, ол бұл сөздерді тек менің қаруымнан қорыққандығынан айтты ғой!», - дедім. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол мұны (шын) жүрегімен айтқан-айтпағанын білу үшін, сен оның жүрегін тіліп көрдің бе?», - деп сұрады да, осы сөздерді мен: «Қап, мен Исламды бүгін ғана қабылдағанымда ғой», - деп өкінгеніме дейін қайталай берді16». Са‘д ибн Аби Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) Усаманы меңзеп: «Аллаһпен ант етемін, мен де Зул-бутайн өлтірмейтін еді деген мұсылманды өлтірмеймін», - деді. (Сол кезде) бір адам: «Аллаһ Тағала: «Бүлік жойылмайша және дін (ғибадат) толығымен Аллаһқа тән болмайынша олармен соғысыңдар» («әл-Әнфәл» сүресі, 39-аят), - деп айтпады ма?», - деп сұрады. Бұған Са‘д: «Біз бүлік болмауы үшін соғыстық, ал сен және сенің серіктерің бүлік пайда болуы үшін соғысқыларың келіп тұр!», - деп жауап берді (Муслим, 96).

‘Умар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Ақиқатында, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде адамдар уахидің негізінде сұралатын. Бірақ уахидің түсірілуі тоқтады, ал енді біз сендерден біз көріп тұрған амалдарыңа сәйкес сұраймыз. Кім өзін біздің алдымызда жақсы жағынан көрсетсе, соған сенім артамыз және өзімізге жақындатамыз, әрі оның жүрегінің түбінде не бар екенін қозғамаймыз, өйткені олардан бұл туралы есепті тек Аллаһ қана талап ете алады! Ал кім біздің алдымызда өзін жаман жағынан көрсетсе, біз оларға сенім де артпаймыз, әрі сенбейміз де, тіпті олар: «Жамандық жасау ойымызда да жоқ», - деп айтса да!” (әл-Бухари, 2641).
Қырық алтыншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мүминдерді тура жолдан тайдыратын азғырулардан сақтандырады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ أَحَسِبَ النَّاسُ أَن يُتْرَكُوا أَن يَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لا يُفْتَنُونَ ﴾

Адамдар: «Иман келтірдік», - деумен сыналмай қойып қойыламыз деп ойлайды ма?” («әл-Анкабут» сүресі, 2-аят).

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Хузайфа ибн әл-Йаманның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жүректер бір сабақшасына екіншісі байланатын қамыстан тоқылған төсеніш секілді бірінен соң бірі келетін азғырулармен сыналады. Әрі сол (азғыруларға) бататын жүректе қара нүкте пайда болады. Ал оларды ұнатпайтын жүрекке келер болсақ, онда ақ нүкте пайда болады. Сөйтіп, белгілі уақыттан соң екі түрлі жүректер пайда болады: олардың біреулері аппақ және теп-тегіс тас секілді болады да, аспан мен жер бар болып тұрғанға дейін мұндай жүрекке бірде-бір азғырушылық зиян тигізе алмайды; ал басқалары төңкерілген құмыра секілді қап-қара және күл реңді (асуаду мурбадд) түске боялған болады, әрі мұндай жүрек шариғат тарапынан жақсы деп саналатын нәрсені білмейтін болады немесе жаман нәрселерді қайтармайтын болады да, тек өзінің қалауларына ғана батады» (Муслим, 144).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азғырулардың жүрекке ізбе-із келуін сабақшалары бір-біріне қосылып тоқылатын қамыс төсенішпен салыстырды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүректерді олардың азғырушыларға деген әсеріне сәйкес екі топқа бөлді. Біріншісі – (құрғақ) кеуек суды өзіне сіңдіріп алатын сияқты осы азғыруларды өзіне сіңіріп алатын жүрек. Мұндай жүрекке қара нүкте қойылады. Әрі ол қап-қара болмайынша және төңкерілмейінше өзіне осы азғыруларды сіңіре береді. Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...төңкерілген құмыра секілді...», - деп айтқан. Ал жүрек қап-қара болған және төңкерілен кезде оған екі опат етуші және қауіпті дерт келіп жетеді.



Бірінші дерт жүректің жақсылық пен жамандықтың арасын ажырату қабілетінен айырылып қалатынында көрінеді. Жүрек жақсылық туралы білмейді және жамандықтан қайтармайтын болады. Нәтижесінде, бұл ауру жүректі соншалықты – ол жамандықты жақсылық деп, ал жақсылықты жамандық деп, Сүннетті бидғат деп, ал бидғатты Сүннет деп санайтындай зақымдауы мүмкін.

Екінші дерт жүректің әуестікті Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрселердің үстінен үкім етіп қоюында. Жүрек өз әуестігіне ілесе кетеді де, оған бағына бастайды.

Ал ақ жүрекке келер болсақ, онда иманның жарығы жарқырайды және оның шырағы нұр шашып тұрады. Егер мұндай жүрекке азғырулар келсе, ол оларды тәрк етеді.

Азғырулар жүрек дертінің себептеріне айналады! Бұл –құмарлықтардың (шахуаттардың) азғырулары мен күмәндардың (шубухаттардың) азғыруы. Бұл – ауытқушылықтар мен адасушылықтардың азғырулары. Бұл – мойынсұнбаушылықтар мен бидғаттардың азғырулары. Бұл – заңсыздық пен надандықтың азғырулығы. Әуестік-құмарлықтар (шахуаттар) адамдардың ниет және қалауларының бұзылуына әкеледі. Ал күмән-шүбәлар (шубухаттар) білім мен сенімдердің бұзылуына келтіреді.

Сахабалар (Аллаһ олардың барлығына разы болсын) жүректерді төрт топқа бөлді. Бұл туралы Хузәйфа ибн әл-Йаманнан былай деп жеткізіледі: «Жүректер төрт топқа бөлінеді. Біріншісі – еркін (азат) жүрек, ал оның ішінде шам-шырақ жарқырайды. Міне, мүминнің жүрегі – осы! Екіншісі – қабықпен қапталған жүрек, яғни кәпірдің жүрегі. Үшіншісі – төңкерілген жүрек, яғни алдын біліп, содан соң жоққа шығара бастаған, алдын көріп, сосын соқыр болған екіжүздінің жүрегі. Төртіншісі – оған екі нәрсе, яғни иман мен екіжүзділік әсер ететін жүрек. Әрі мұндай жүректің жағдайы онда не басым болатынына байланысты болады» (Ибн Әби Шейба «Мусаннаф», 6/168. Шейх әл-Әлбани Ибн Тәймийяның «әл-Иман» (1/106) кітабына тахқиқ жасағанда, Хузайфаның хабарын сахих деп айтты).

1 — «Еркін жүрек» — ол Аллаһ Тағаладан және Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқаның барлығынан азат жүрек. Ол еркін және ақиқаттан өзге басқа барлық нәрседен қорғалған. Ал оның ішінде шам-шырақ нұр шашып тұрады! Бұл – иманның шырағы! Мұндай жүрек кез-келген өтіріктің күмәндарынан және (тура жолдан) тайдыратын күмәндардан азат. Ондағы шам-шырақ білім мен иманның нұры арқылы жарқырап тұр.

2 — «Қабықпен қапталған жүрек» — яғни кәпірдің жүрегі. Өйткені кәпірдің жүрегі білім мен иманның жарығын өткізбейтін қабықтармен және қабаттармен қапталған. Яһудилер: «Біздің жүректеріміз жамылғымен бүркелген» («әл-Бақара» сүресі, 88-аят), - деп айтқандай, Аллаһ Тағала олардың жүректерін, олар ақиқатты тәрк еткендері және оны қабылдаудан менменсінгендері үшін, осы қабаттармен бүркеді. Олардың жүректерінде қабық, құлақтарында кереңдік, ал көздерінде соқырлық. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «(Мухаммад,) сен қашан Құран оқысаң, сені мен Ақыретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз. Олар Құранды түсіне алмауы үшін, Біз олардың жүректерін жабылғымен бүркедік, әрі құлақтарын есту қабілетінен айырдық» («әл-Исра» сүресі, 45-46 аяттар).

3 — «Төңкерілген жүрек» — яғни екіжүздінің жүрегі. Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге екіжүзділер жайында екі топқа бөлінетіндей не болды? Аллаһ оларды істегендері себепті кері тастады» («ән-Ниса» сүресі, 88-аят). Аллаһ Тағала оларды істегендері себепті кері, яғни өздері ұстанып жүрген өтіріктеріне қайтарды. Бұл – жүректердің ішіндегі ең жаманы және олардың арасындағы ең жиіркеніштісі! Өйткені олар өтірікті ақиқат деп санайды, әрі өтіріктің жақтаушыларымен дос болады. Ол (жүрек) ақиқатты өтірік деп санайды, әрі ақиқатты ұстанатындармен жауласады.

4 — «Оған екі нәрсе, яғни иман мен екіжүзділік әсер ететін жүрек» — яғни онда иман бекіп-нығаймаған жүрек. Мұндай жүректе әлі иман шам-шырағы жарқырамайды. Ол әлі де болса өзін Аллаһ Тағала Өзінің Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген тап-таза ақиқат үшін босата алмайды. Кейде мұндай жүрек иманға қарағанда күпірлікке жақындау болуы, ал кейде күпірлікке қарағанда иманға жақындау болуы мүмкін. Мұндай жүректің хал-ахуалы онда не басым болса, соған тәуелді болады” (Қз.: «Иғасат әл-Ләхфан», 1/13 және әрі қарай).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Аллаһтың Кітабында «фитна» деген сөзбен сынақ меңзеледі. Сынақ екі түрлі болуы мүмкін: адамды (тура жолдан) тайдырған сынақ, және сондай-ақ адам одан құтылған сынақ. Сынақтың бірінші түріне келер болсақ, онда Аллаһ былай деді: «Олармен ешбір бүлік қалмағанға дейін ... соғысыңдар» («әл-Әнфәл» сүресі, 39-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Шүбәсіз, олар азғырушылыққа (фитнаға) түсті» («әт-Тәуба» сүресі, 49-аят). Ал сынақтардың екінші түріне келер болсақ, онда Аллаһ Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) былай деді: «Біз сені ауыр сынаққа алдық» («Та Ха» сүресі, 40-аят).

Сондай-ақ кейде «фитна» сөзі сынақтың осы екі түріне де қоса нұсқайды. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Алиф. Лям. Мим. Адамдар: «Иман келтірдік», - деумен сыналмай қойып қойыламыз деп ойлайды ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ, әлбетте, шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі» («әл-Анкабут» сүресі, 1-3 аяттар). Сондай-ақ Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сол арқылы қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың», - деп айтқан сөзі де («әл-Әғраф» сүресі, 155-аят).



«Фитна» сөзі кейде бұдан да кең мағынада қолданылады. Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде: «Шын мәнінде, мал-мүліктерің мен балаларың бір сынақ (фитна)» («әт-Тәғабун» сүресі, 15-аят). Муқатил былай деді: «Олар сынақ әрі (адамның көңілін) Ақыреттен (басқа жаққа) алаңдататын нәрсе болып табылады». Ибн ‘Аббас былай деді: «Сондықтан да оларға Аллаһқа мойынсұнбаушылықта бағынбаңдар», - деді. Ал әз-Зәжаж былай деді: «Аллаһ Тағала мал-мүлік пен балалар адамдарды азғыра алатын нәрсе екенін хабарлады. Бұл барлық балаларға қатысты. Өйткені адам өз баласымен сүйсінгені соншалықты – ол тіпті оның себебімен Аллаһқа мойынсұнбауы, харам нәрсе істеуі, үлкен күнәға түсуі де мүмкін, егер оны осы нәрселерден Аллаһ сақтап қалмаса ғана».

Бұл туралы Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілетін, бірде ол құтпа айтып тұрған кезде оның жанына қызыл көйлектер киген әл-Хасан мен әл-Хусайн келген хабарда айтылатындай. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (мінберден) түсіп, оларды көтеріп мінберге отырғызды да, содан соң былай деді: «Шын мәнінде, мал-мүліктерің мен балаларың бір сынақ (фитна)», - деген Аллаһ хақты айтты. Мен бұл екі баланы көріп, өз-өзімді ұстай алмадым” (Ахмад, 5/354; әт-Тирмизи, 3774 және басқалар).

Ибн Мәс‘уд (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Сендерден ешкім «Уа, Аллаһ, мен Саған азғырушылықтан (фитнадан) сиынамын», - деп айтпасын. Өйткені сендердің араларыңда азғырушылықтары болмағандарың жоқ қой, өйткені Аллаһ былай деді: «Шын мәнінде, мал-мүліктерің мен балаларың бір сынақ (фитна)». Сондықтан да кім Аллаһқа (азғырулардан) пана сұрап сиынса, адамды адасушылыққа салатын азғырулардан сиынсын» (Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде (13/475) келтірген).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Негізінде, біріңді біріңе сынақ (фитна) қылдық» («әл-Фурқан» сүресі, 20-аят). Бұл барлық жаратылыстарға қатысты! Аллаһ олардың біреулерін басқалары арқылы сынады. Аллаһ Тағала елшілерді оларды кімге жіберген болса, солармен сынады. Өйткені елшілер оларды ақиқатқа шақыруға, олар тарапынан келетін жәбірлерге сабыр етуге, Құдайдың жолдауын жеткізуге байланысты қиыншылықтарға төзуге тиіс еді. Сонымен бірге Аллаһ Тағала елшілері арқылы Ол осы елшілерді кімге жіберген болса, соларды да сынады. Олар осы елшілерге бағынуы, оларға көмектесуі, оларға сенуі керек еді. Аллаһ Тағала ғалымдарды надандармен сынады. Ғалымдар оларды оқытып, оларға кеңес-насихат беріп, оларды оқытуда сабырлық танытады ма екен деп. Сонымен бірге Аллаһ Тағала надандарды ғалымдармен сынады. Олар сол (ғалымдарға) бағынады ма және оларға ілеседі ме деп. Аллаһ Тағала патшаларды қоластындағыларымен, ал қоластындағыларды патшалармен сынады. Аллаһ Тағала байларды кедейлермен, ал кедейлерді байлармен сынады. Аллаһ Тағала әлсіздерді күштілер арқылы, ал күштілерді әлсіздер арқылы сынады. Аллаһ Тағала құл иелерін құлдармен, ал құлдарды иелерімен сынады. Аллаһ Тағала күйеуді әйелімен, ал әйелді күйеуімен сынады. Аллаһ Тағала ерлерді әйелдермен, ал әйелдерді ерлермен сынады. Аллаһ Тағала мүминдерді кәпірлермен, ал кәпірлерді мүминдермен сынады.

Мысалы, кедей: «Мен не үшін байлар сияқты емеспін?», - деп айтуы мүмкін, ал әлсіз адам: «Мен неліктен күштілердей емеспін?», - дейді. Ал басына қайғы түскен адам: «Не үшін мен есендікте өмір сүретіндер сияқты емеспін?», - деп айтады. Ал кәпірлер: «Аллаһтың елшілеріне берілген нәрсе бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз», - деп айтады («әл-Ән‘ам» сүресі, 124-аят).

Муқатил былай деді: «Көпқұдайшыл-мүшриктердің кедей мухажирлер арқылы сыналуы туралы аяттар түсірілген еді. Сөз Биләл, Хәббаб, Сухайб, Абу Зарр, ибн Мәс‘уд, ‘Аммар сияқты мухажирлер туралы болуда. Кәпір құрайштықтар: «Мухамммадқа ергендерге қараңдаршы. Олар – біздің бостандық берген құлдарымыз әрі арамыздағы ең жексұрын (адамдар)», - деп айтты. Ал сол кезде Аллаһ былай деді: «Құлдарымнан кейбіреулері: «Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең Жақсысысың», - дейтін еді. Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Тіпті олардың үстінен күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. Рас, бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер» («әл-Муминун» сүресі, 109-111 аяттар). Аллаһ Тағала оларға сабыр еткендері үшін сый-сауап сыйлағаны туралы хабарлады. Бұл туралы басқа аятта былай деп айтылған: «Негізінде, біріңді біріңе сынақ (фитна) қылдық: сабыр етесіңдер ме?» («әл-Фурқан» сүресі, 20-аят).

Әз-Зәжаж былай деді: “«...сабыр етесіңдер ме?» — яғни «Сендер осы сынаққа шыдай аласыңдар ма? Өйткені, сендер сабырлыларға не әзірленгенін білесіндер ғой»".

Аллаһ Тағала аятта сынақ пен сабырды біріктірді, яғни оларды бірге атап өтті. Сондай-ақ (Ол) басқа аятта да: «Негізінен Раббың осының барлығынан соң сыналғаннан кейін (Аллаһтың жолында) қоныс аударғандарды, соғысқандарды және сабыр еткендерді кешіреді және рахым етеді», - деп айтты («ән-Нәхл» сүресі, 110-аят).

Сынақ (фитна) арқылы кім шыншыл, ал кім өтірік айтқаны анық болады. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ, әлбетте, шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі» («әл-Анкабут» сүресі, 3-аят).



Сынақтар (фитна) адамдарды шыншылдар мен өтірікшілерге, мүминдер мен екіжүзділерге, ізгілер мен жамандарға жіктейді. Кім сынақ кезінде сабырлық танытатын болса, онда мұндай адам үшін сынақ нығметке айналады. Ал кім сабыр етпесе, сол бұдан да жаман сынаққа батады.

Сынақ (фитна) міндетті түрде бұл дүниеде де, Ақыретте де болады. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол күні олар Отпен сыналады. Өздерің асықтырған сынақтарыңды татыңдар» («әз-Зарият» сүресі, 13-14 аяттар) (Қз.: «Иғасат әл-Ләхфан», 2/154 және әрі қарай).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Сынақ (фитна) екі түрлі болады. Біріншіден, күмәндар арқылы болатын сынақ (фитна әш-шубухат), әрі бұл сынақтың ең жаманы. Екіншіден, құмарлықтар арқылы болатын сынақ (фитна әш-шахауат). Олардың екеуі де бір адамда біріккен болуы да мүмкін.



1 — «Күмәндар арқылы болатын сынақ» (фитна әш-шубухат) — ол түсінудің әлсіздігінен және білімнің аздығынан пайда болады. Әсіресе, егер бұған жаман ниет пен әуестік (құмарлық) араласатын болса. Мұндай жағдайда бұл ұлы сынаққа және үлкен қасіретке айналады. Мұндай адамды дұрыс басшылық емес, әуестік басқарады. Әрі мұның барлығы түсінудің әлсіздігінен және Аллаһ Тағала Өзінің Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген нәрсе туралы білімнің аздығынан болады. Мұндай адамдар туралы Аллаһ: «Олар тек жорамалдарға және көңіл қалауларына ілеседі», - деді («ән-Нәжм» сүресі, 23-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ әуестіктің ілесушілері Аллаһтың жолынан қайтып кететіні туралы да хабарлады: «Әй, Дәуіт! Сені жер жүзінде халифа еттік. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, әрі кесірлі әуестіктерге ерме. Әйтпесе, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Шәксіз, Аллаһтың жолынан адасқандарға есеп Күнін үмытқандары үшін қатты азап бар» («Сод» сүресі, 26-аят).

Дәл осы сынақ күпірлік пен екіжүзділікке алып келеді. Бұл – екіжүзділердің сынағы! Бұл – бидғатты жақтаушылардың бидғатының дәрежесіне сәйкес болатын сынағы. Олар үшін ақиқат пен өтірік, тура жол мен адасушылық сияқты ұғымдар араласып кеткен.



Сені бұл сынақтан Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) толық (сөзсіз) ілесуден басқа еш нәрсе құтқара алмайды. Оны діннің ұлы мәселелерінде де, қарапайым мәселелерінде де үкім шығарушы ету керек. Оны айқын істерде де, жасырын істерде де, сенімдерде де, амалдарда да үкім шығарушы ету керек. Иманның ақиқаттарын және ислам шариғатын содан қабылдау қажет. Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол Аллаһтың сипаттарына, іс-амалдарына және есімдеріне қатысты бекіткен нәрселерді қабыл ету керек. Сондай-ақ ол теріске шығарған нәрселерді теріске шығару керек. Тура сол сияқты, Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) парыз намаздары, олардың уақыттары мен саны туралы қаулыларды қабылдау қажет. Одан зекет, оны қанша мөлшерде және кімге төлеу керектігі туралы қаулыларды қабылдау қажет. Одан жүніп болғаннан кейін дәрет және ғұсыл алу міндеттілігін, сондай-ақ Рамазан айында ораза ұстау (парызын) қабыл ету керек. Оны тек діннің кейбір істерінде ғана Елші етіп, ал басқаларында тәрк етуге болмайды. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) — барлық мәселелерде Елші. Үммет білім мен амал мәселелерінде оған мұқтаж. Одан басқа ешкімнен қабыл етілмейді. Бүкіл тура жол оның сөздері мен амалдарының төңірегінде айналады. Ал осы шеңбердің сыртына шығатынның барлығы адасушылық болып табылады.

Сынақтың бұл түрі кейде бұрыс түсінудің себебінен, кейде өтірік хадистерді жеткізудің себебінен пайда болады. Кейде ол (сынақ) ақиқат адам үшін жасырын болып қалғандығы себепті де пайда болып жатады. Кейде ол адам соған еретін жаман ниет пен құмарлықтың себебінен де пайда болады;

2 — «Құмарлықтар арқылы болатын сынақ» (фитна әш-шахауат) — Аллаһ Тағала Өзінің Сөздерінде сынақтың екі түрін атап айтты: «Олар сендерден бұрынғылар сияқты. Олар сендерден күшті еді, әрі олардың малдары мен балалары да көбірек еді. Олар дүниеде өздеріне берілген несібелерінен масайрады. Бұрынғылар өз несібелерінен масайрағандай, сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар. Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер. Олардың бұл дүниедегі де, Ақыреттегі де амалдары жойылып кетті. Міне, солар - зиянға ұшырағандар» («әт-Тәуба» сүресі, 69-аят).

Аллаһ Тағала жүректер мен діндердің бұзылуы адамдардың өз несібелерімен масайрауға ұмтылатындығы және бос сандыраққа, яғни өтірікке сүңгитіндігі себепті пайда болатынына нұсқады. Өйткені діннің бұзылуы не өтірік сенімдердің, не сахих білімге қайшы келетін амалдарды жасау себебінен орын алады ғой. Біріншісі күмәндардың үстіне құрылған бұзақылық болып табылады, ал екіншісі – әуестіктердің үстіне құрылған бұзақылық.

Сондықтан да мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары: «Адамдардың екі түрінен: өзін сүйсіндірген құмарлығына ілесушіден және осы дүниемен соқыр болған дүниенің жетегінде кеткеннен – сақ болыңдар», - деп айтатын” (Қз.: «Иғасат әл-Ләхфан», 2/160 және басқалар).

Сондай-ақ Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Осы жерде одан тек білетін адам ғана құтыла алатын шайтанның өте нәзік айласы бар! Шайтан адамға жамандықтың қайнар көзінде жақсылық болып табылатын әлдебір нәрсені бар етіп көрсетеді. Шайтан адамды осы жақсылықты иемденуге шақырады. Ал адам осы жақсылықты іздеп жамандықтың қайнар көзіне келген кезде, шайтан оған күмәндар тастайды» (Қз.: «‘Уддат әс-Сабирин», 50).


Қырық жетінші ереже:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет