«Мұсылмандарды ішінде бидғаты бар кітаптардан сақтандырудың міндеттілігі»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَإِنَّ مِنْهُمْ لَفَرِيقًا يَلْوُونَ أَلْسِنَتَهُم بِالْكِتَابِ لِتَحْسَبُوهُ مِنَ الْكِتَابِ وَمَا هُوَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَقُولُونَ هُوَ مِنْ عِندِ اللَّهِ وَمَا هُوَ مِنْ عِندِ اللَّهِ وَيَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ ﴾
”Расында, олардың арасында, сендер Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін, Кітапты тілдерімен бұрмалайтындары бар. Олар: «Бұл - Аллаһтан», - дейді. Бірақ ол мүлде Аллаһтан емес. Олар біле тұра Аллаһқа өтірік жапсырады” («Әли Имран» сүресі, 78-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ لاَ يَحْزُنكَ الَّذِينَ يُسَارِعُونَ فِي الْكُفْرِ مِنَ الَّذِينَ قَالُواْ آمَنَّا بِأَفْوَاهِهِمْ وَلَمْ تُؤْمِن قُلُوبُهُمْ وَمِنَ الَّذِينَ هَادُواْ سَمَّاعُونَ لِلْكَذِبِ سَمَّاعُونَ لِقَوْمٍ آخَرِينَ لَمْ يَأْتُوكَ يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ مِن بَعْدِ مَوَاضِعِهِ يَقُولُونَ إِنْ أُوتِيتُمْ هَذَا فَخُذُوهُ وَإِن لَّمْ تُؤْتَوْهُ فَاحْذَرُواْ وَمَن يُرِدِ اللَّهُ فِتْنَتَهُ فَلَن تَمْلِكَ لَهُ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا أُوْلَئِكَ الَّذِينَ لَمْ يُرِدِ اللَّهُ أَن يُطَهِّرَ قُلُوبَهُمْ لَهُمْ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ وَلَهُمْ فِي الآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ ﴾
“Әй, Пайғамбар! Ауыздарымен: «Иман келтірдік», - деп, жүректері иман келтірмеген күпірлікте жарысқандар сені кейітпесін. Яһудилердің арасында өтірікке құлақ асуға құштар; сондай-ақ саған келмеген басқа бір адамдарға құлақ салатындары бар. Олар сөздерді орындарымен ауыстырып, бұрмалайды да: «Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!», - дейді. Аллаһ біреудің бұзылуын қаласа, сен оны Аллаһтан қорғай алмайсың. Аллаһ олардың жүректерін тазартуды қаламады. Оларды бұл дүниеде қорлық күтуде, ал Ақыретте оларға зор азап бар” («әл-Мәида» сүресі, 41-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийяға (Аллаһ оны рахым етсін) имам әл-Бухари мен имам Муслимнің «әс-Сахих» жинақтарын, сондай-ақ Құранды көшіріп жазамын деп шешкен сарбаз туралы «Бұл сарбазда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін жинақтау және Құранды көшіріп жазу ниеті бар. Ол бұл жайлы үлкен жоспарлар құруда. Бұл күнә болып табылады ма?» деген сұрақ қойылды. Сондай-ақ Ибн Таймийяға мынандай екінші сұрақ та қойылған болатын: «Тәпсірдің қайсысы Құран мен Сүннетке жақын? Әз-Замахшаридің тәпсірі ме, әл-Қуртубидікі ме, әл-Бағауидікі ме, немесе басқа біреуі ме?» Кейін оған “Егер адам өзі үшін немесе сату үшін «Ихъйа ‘улюм әд-Дин» немесе «Қут әл-Қулюб», немесе «әл-Мантық» сияқты кітаптарды көшіріп жазса, ол осы үшін сауап алады ма?” деген үшінші сұрақ қойылды.
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деп жауап берді: “Бұл кісіде ол шариғи білімді көшіріп жазып істегенінде күнә жоқ. Құранды, хадистерді және дұрыс тәпсірлерді көшіріп жазу Аллаһқа жақындаудың және Оған бағынудың ең ұлы түрлеріне жатады.
Ал адамдарда бар тәпсірлерге келер болсақ, олардың ең сенімдісі бұл Мухаммад ибн Жәрир әт-Табаридің тәпсірі. Өйткені ол өзінің тәпсірінде мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының сенімді иснадтармен жеткен сөздерін келтіреді. Бұл тәпсірде бидғаттар жоқ. Онда Муқатил ибн Суләйман және әл-Кәлби сияқты өтірікші деп айыпталғандардың хабарлары келтірілмейді. Ал жалпы айтқанда, иснадтарымен жеткізілген тәпсірлер көп: Абду-р-Разақтың тәпсірі, ‘Абд ибн Хумайдтың тәпсірі, Уақи‘тің тәпсірі, Ибн Аби Шәйбаның тәпсірі, Ахмад ибн Хәнбалдің тәпсірі, Исхақ ибн Рахауайхтың тәпсірі.
Ал сендер атап кеткен тәпсірлерге келер болсақ, бидғаттар мен әлсіз хадистер әл-Бағауидің тәпсірінде ең аз, ол әс-Са‘ләбидің тәпсірінің ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Имам әл-Бағауи оның ішінен ондағы ойдан тоқылған хадистер мен бидғаттарды алып тастады. Әс-Са‘ләбиге қатысты айтар болсақ, ол бір пікірге соқыр түрде ілесіп, оны атап кеткен жағдайлардан бөлек, онда бидғаттар жоқ еді. Сондай-ақ әл-Уахидидің «әл-Басит», «әл-Уасит», «әл-Уажиз» сияқты тәпсірлері де бар, әрі оларда да үлкен пайда бар. Ал әз-Замахшаридің тәпсіріне келер болсақ, ол бидғатқа толы және му`тазилилердің жолымен құрылған. Онда Аллаһтың сипаттары жоққа шығарылады, мүминдердің Аллаһты көретіні теріске шығарылады, Құранның жаратылғандығы туралы айтылады, Аллаһтың еркі теріске шығарылады және му`тазилилердің негіздерінен болған осы сияқты басқа да нәрселер айтылады.
Ал му`тазилилердің негіздеріне келер болсақ, олар бесеу. Олар оны таухид, әділет, екі орын арасындағы орын, қорқытуды орындау, жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю деп атайды. Таухид дегенде олар Аллаһ Тағаланың сипаттарын теріске шығаруды меңзейді. Әділет дегенде олар тағдырға иман келтірмеуді меңзейді. Олар пенделердің амалдарын Аллаһ жаратқан дегенді жоққа шығарады, Оның қалауын (ирада) жоққа шығарады, Оның құдіреттілігін теріске шығарады. Олардың арасында Аллаһ Тағаланың әу бастағы білімін және Ол Өз білімін Ләуһул-Махфузда жазып қойғанын жоққа шығаратындары бар. Ал олардың «екі орынның арасындағы орын» деген қағидасына келер болсақ, онда олар бұзық (пасық) адам мүмин де емес, кәпір де емес дегенді меңзейді. Олардың «қорқытуды орындау» қағидасына келер болсақ, онда олар, мұны хауариждер айтатыны сияқты, осы үмметтен болған күнәһарлар Тозақта мәңгі қалады дегенді меңзейді. Ал олардың «жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю» қағидасына келер болсақ, онда олар әмірге (билеушіге) қарсы шығу және оған қарсы қарумен шайқасу рұқсат етіледі дегенді меңзейді.
Әз-Замахшаридің кітабы дәл осы негіздерге толы. Осы орайда ол сондай нақысты сөздерді пайдаланады – көп адамдар адасушылық туралы сөз болып жатқанын тіпті байқамайды да. Бұдан тыс бұл тәпсірде ойдан тоқылған хадистер көп және сахабалар мен табиғиндердің сөздері өте аз.
Әл-Қуртубидің тәпсіріне келер болсақ, ол әз-Замахшаридің тафсирінен едәуір жақсырақ. Ол Құран мен Сүннетке жақынырақ және бидғаттардан алысырақ. Бірақ бұл кітапта да сынға алуға болатын нәрселер бар. Алайда бағалауда әділ болу керек және (әр нәрсеге) лайықтысын беру керек.
Ибн ‘Атыйдің тәпсіріне келер болсақ, ол әз-Замахшаридің тәпсірінен жақсырақ. Ол сенімдірек және бидғаттардан алысырақ, десе де онда да кейбір бидғаттар бар. Ал Ибн Жәрирдің тәпсіріне келер болсақ, ол барлығынан да сенімдірек” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 13/387).
Ол сондай-ақ үшінші сұраққа да былай деп жауап берді: “Ал «Қут әл-Қулюб» пен «Ихъйа ‘улюм әд-Дин» кітаптарына келер болсақ, оларда жүрек амалдары туралы айтылады. Сабырлық, шүкіршілік, махаббат, тәуекел, таухид т.б. туралы сөз етіледі. Абу Талиб («Қут әл-Қулюб» кітабының авторы) Абу Хамид әл-Ғазалиге қарағанда ("Ихъйа ‘улюм ад-Дин" кітабының авторы) хадистер мен ғалым сопылардың сөздері туралы жақсырақ біледі. Оның сөзі жақсырақ және бидғаттан алысырақ. Сонымен бірге "Қут әл-Қулюб" кітабында әлсіз және ойдан тоқылған хадистер және көптеген қайтарылатын нәрселер бар. «Ихъйа ‘улюм әд-Дин» кітабына келер болсақ, опат етуші амалдар туралы тарауда тәкаппарлық, көзбояушылық (рия), көре алмаушылық т.б. туралы айтылады, әрі осылардың көбі әл-Харис әл-Мухасибидің «әр-Ри‘айа» кітабынан алынған. Бұл кітапта пайдалы нәрселер де көп, бірақ сонымен бірге пәлсапашылардың таухид, пайғамбарлар, Қиямет Күні туралы айтқан сөздерін келтіру сияқты жаман нәрселер де көп. Дін имамдары Абу Хамидке осы кітабы үшін сөгіс білдірген. Олар «әш-Шифа» кітабы Абу Хамид әл-Ғазалидің кітаптарына (ауруын) жұқтырды деді. Ал «әш-Шифа» — бұл Ибн Синаның (Авиценнаның) пәлсапа бойынша кітабы. Сондай-ақ «Ихъйа ‘улюм әд-Дин» кітабында әлсіз хадистер де бар, сондай-ақ ойдан тоқылған хадистер де көп деді. Онда сопылардың түрлі өтірік әңгімелері мен адасушылықтары бар. Сонымен бірге бұл кітапта сопылардың жүрек амалдарында дұрыс бағыт ұстанатын және сөздері Құран мен Сүннетке сәйкес келетін шейхтарының кейбір дұрыс сөздері де бар” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/552).
Сондай-ақ Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Әл-Бухаридің «әс-Сахихы» мен Муслимнің «әс-Сахихы» туралы айтар болсақ, аспан астында Құраннан кейін олардан сенімдірек болған кітаптар жоқ. Ал олардан кейін осы екі «әс-Сахихты» біріктіретін имам әл-Хумайдидің және ‘Абдул-Хаққ әл-Ишбилидің «әл-Жәм‘у бәйна әс-Сахихайн» кітабы келеді. Содан кейін «Сунан Әби Дауд», «Сунан ән-Нәсаи», «Жәми‘ әт-Тирмизи» деген «әс-Сунан» кітаптары келеді. Сондай-ақ бұл жерге әш-Шәфи‘идің «Муснадын», имам Ахмадтың «Муснадын», Мәликтің «Мууаттасын» жатқызуға болады. Имам Мәликтің «Мууатта» кітабында хадистер, асарлар және басқалары да бар, әрі ол ең ұлы кітаптарға жатады. Имам әш-Шәфи‘и былай деген екен: “Аспан астында Құраннан кейін Мәликтің «Мууаттасынан» артық сахих кітап жоқ”. Ол (осы сөздерімен) Мәлик құрастырғандай қағидамен құрастырылған сенімдірек кітап жоқ дегенді меңзеді. Ертедегі ғалымдар бір тарауда Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалардан және табиғиндерден жеткен нәрселерді біріктіретін. Олардың кезінде қазіргі заманда фиқһ кітаптары деп аталатын өз жеке пікірлері қосылған кітаптар жазылмаған еді” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 18/74).
Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Логика (мантық) бойынша кітаптарға келер болсақ, оларда шариғат бұйырған білімдер жоқ. Бірақ кейбір адамдар өздерінің жеке пікіріне сүйеніп, логиканы (мантық) үйрену ұжымдық парыз (фард әл-кифая) болып табылады деп айтады. Кейбіреулер тіпті басқа ғылымдар логикасыз өмір сүре алмайды деп айтады. Бұл туралы Абу Хамид айтқан болатын. Бірақ бұл ақыл тұрғысынан да, шариғат тұрғысынан да ұлы қателік болып табылады.
Ақылға келер болсақ, ақылды адам әлдебір ғылымдардың негізін салған адамдар олардың негізін грек логикасынсыз салғанын біледі. Шариғатқа қатысты айтар болсақ, Ислам дінінде мүминдерге гректердің логикасын оқып-үйрену міндетін жүктемегені ап-айқын-ақ. Логиканың өзіне келер болсақ, ондағы бір нәрселер дұрыс, ал бір нәрселері өтірік болып табылады. Ондағы дұрыс нәрселерге келер болсақ, олардың басым бөлігі пайдасыз. Ал логикадағы адам мұқтаж болған нәрселерге келер болсақ, табиғи болмысы сау адамдар олар туралы онсыз да біледі. Ақымақ бұл ғылымнан ешқандай пайда алмайды, ал ақылды адамға ол онсыз да керек емес. Ал егер бұл ғылымға надан кіріссе, онда бұның зияны пайдасынан асып түседі» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 9/269).
Отыз алтыншы ереже:
«Қарсы пікірді ұстанатын адамға қатысты үкім шығаруда әділдік танытудың міндеттілігі»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَلاَ تَقْرَبُواْ مَالَ الْيَتِيمِ إِلاَّ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّى يَبْلُغَ أَشُدَّهُ وَأَوْفُواْ الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ لاَ نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلاَّ وُسْعَهَا وَإِذَا قُلْتُمْ فَاعْدِلُواْ وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَى وَبِعَهْدِ اللَّهِ أَوْفُواْ ذَلِكُمْ وَصَّاكُم بِهِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ ﴾
«Жетімнің малына жақындамаңдар; бірақ ол есейгенге дейін оның игілігі үшін (оны басқарсаңдар) бөлек. Өлшеу мен таразыны әділдікпен толтырыңдар. Біз адамға оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Сөйлегендеріңде әділ болыңдар, тіпті бұл туысқандарыңа қатысты болса да. Аллаһпен жасасқан келісім-шартқа адал болыңдар. Осыларды сендерге Аллаһ нұсқады, - бәлкім, үгітті еске аларсыңдар» («әл-Ән‘ам»» сүресі, 152-аят).
Сондай-ақ:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُونُواْ قَوَّامِينَ لِلَّهِ شُهَدَاء بِالْقِسْطِ وَلاَ يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ عَلَى أَلاَّ تَعْدِلُواْ اعْدِلُواْ هُوَ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَى وَاتَّقُواْ اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ ﴾
«Әй, мүминдер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабардар» («әл-Мәида» сүресі, 8-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Егер сен бидғаттың негіздерін біліп алған болсаң, онда хауариждердің сөздерінің негізі олар күнә жасаған адамды күпірлікте айтайтынында және күнә емес нәрсені күнә деп санайтынында екенін түсінесің. Олар егер Сүннет, олардың ойынша, әлдебір нәрселерде Құранға қайшы келсе, онда Сүннетті тастап, Құранға ілесу керек деп санайды. Осы орайда олар өздеріне қайшы келетіндердің барлығын күпірлікте айыптайды. Олар мұсылманды діннен шыққан (муртад) деп атап, оның қанын хәлал деп есептейді де, оған қатысты тіпті кәпірге қатысты рұқсат етпеген етпеген нәрселерді рұқсат етеді. Олар туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар мұсылмандарды өлтіреді де, кәпірлерді тыныш қалдырып қояды», - деп айтқанындай (әл-Бухари, 3344; Муслим, 1064). Дәл сондықтан да олар ‘Усманды, ‘Алиді және олардың жолдастарын күпірлікте айыптады. Өздерінің жексұрын пікірлеріне сүйеніп, олар Сыффин шайқасының қатысушыларын кәпір деп айыптады. Хауариждердің көбісі өздеріне қайшы келетіндерді күпірлікте айыптайды. Олардың пікірі билік етпейтін ислам қалаларын олар діннен шыққан жерлер (дару ридда) деп атайды. Олар бұл қалаларды мүшриктер мен христиандардың қалаларынан да жаман деп санайды. Сондықтан да олар яһудилерге, христиандарға және көпқұдайшыл-мүшриктерге мұсылмандардың кейбір топтарына қарсы көмек көрсетеді. Олар мұсылмандармен жауласып және соғыса отырып, кәпірлермен бірігеді” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 3/356).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) тағы да былай деді: ”Сүннет, білім және иман иелері ақиқат туралы біледі және жаратылыстарға рахымдылық көрсетеді. Олар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілеседі және бидғаттар енгізбейді. Олар ижтиһад жасап қателескен кісіні ақтайды, өйткені мұндай кісіні Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақтады ғой. Олар Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөккендерді сөгеді. Олар ақиқатты ізденуде салғырттық танытқан және соның нәтижесінде өзіне міндет етіп бұйырылған нәрсені тастаған адамды сөгеді. Олар ешбір білімсіз өзінің көңіл қалауының жетегінде кеткен және соның салдарынан харам нәрсе істеген адамға сөгіс айтады. Осы орайда олар осы адамдарға дәлел келтірмей тұрып оларды жазаламайды. Бұл туралы Аллаһ Тағала: «Біз адамдарға елші жібермей, ешқашан оларды жазалаған емеспіз», - деп айтқанындай («әл-Исра» сүресі, 15-аят). Бұл, әсіресе, ғалымдар арасында келіспеушілік бар, ал бұл мәселелердегі білім көп адамдарға түсініксіз болған мәселелерге қатысты” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 27/238).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Бұл үмметке түсінудің нәзік мәселелеріндегі қателіктері кешірілетініне күмән жоқ, тіпті бұл ақида мәселелеріндегі қателіктер болса да. Егер басқаша болғанда, онда осы үмметтегі көптеген құрметке лайықты адамдардың көбі опат болар еді. Аллаһ Тағала шараптың харам екенін білмей оны ішетін адамды кешіреді, өйткені ол надандық билеген елдерде өмір сүреді, тіпті егер бұл адам білім іздемесе де. Ендеше, білім ізденуде ынталы, шамасына сәйкес Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесуге ұмтылатын, бірақ сонымен бірге қателескен адам туралы не айтуға болмақ? Ол Аллаһ оның ізгі амалдарын қабылдауға, ынтасы үшін марапаттауға және қателігі үшін жазаламауға көбірек құқыққа ие. Әрі бұған негіз - Аллаһтың: «Раббымыз! Егер ұмытсақ, не жаңылсақ бізді жазалама» («әл-Бақара» сүресі, 286-аят), - деген сөздері” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 20/165).
Отыз жетінші ереже:
«Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа (ғулю), не кемшілік жіберуге (иржа)»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لاَ تَغْلُواْ فِي دِينِكُمْ غَيْرَ الْحَقِّ وَلاَ تَتَّبِعُواْ أَهْوَاء قَوْمٍ قَدْ ضَلُّواْ مِن قَبْلُ وَأَضَلُّواْ كَثِيرًا وَضَلُّواْ عَن سَوَاء السَّبِيلِ ﴾
“(Мухаммад,): «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрынғы нақ жолдан адасқан әрі өзгелердің көбін адастырған, сондай-ақ тура жолдан тайған қауымның әуес-қалауларына ілеспеңдер», - де” («әл-Мәида» сүресі, 77-аят).
(Ол) сондай-ақ былай деді:
﴿ فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُواْ الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَذَا الأَدْنَى وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِن يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِّثْلُهُ يَأْخُذُوهُ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِم مِّيثَاقُ الْكِتَابِ أَن لاَّ يَقُولُواْ عَلَى اللَّهِ إِلاَّ الْحَقَّ وَدَرَسُواْ مَا فِيهِ وَالدَّارُ الآخِرَةُ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴾
“Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің игіліктеріне жармасатын топ келіп: «Жуықта кешірілеміз», - деді. Оларға осындай игіліктер тағы кездессе, олар қайтадан соларға жармасар еді. Олардан Аллаһ туралы тек шындықты ғана айтуларына Кітапта уәде алынбады ма? Олар ондағы (Кітаптағы) нәрселерді оқып-үйренді. Негізінде, Ақырет мекені тақуалар үшін қайырлырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме?” («әл-Әғраф» сүресі, 169-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Хауариждер, рафидилер, қадарилер, жәхмилер сияқты көптеген бидғаттардың жақтаушылары адасушылық болып табылатын сенімдерге ие. Бірақ бұл адасушылық оларға ақиқат болып көрінеді. Сондықтан да олар осыда өздеріне қайшы келетіндердің барлығын кәпір деп санайды. Осынысымен олар ақиқатқа иман келтірмейтін және адамдарға қысым көрсететін Кітап иелерімен қатты ұқсастық танытады. Осы тәкфиршілердің көбі мәні түсініксіз және дәлелі белгісіз болған нәрселердің негізінде күпірлікте айыптайды. Ал басқа шектен шығушылыққа әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның сенімдерін дұрыс білмейтіндер түсіп кетті: олар кейбір нәрселерді біледі, ал кейбірін білмейді. Ал бір нәрселерді білсе де, оларды жасырып, адамдарға түсіндірмейді. Олар Құран мен Сүннетке қайшы келетін бидғаттар жасауға тыйым салмайды. Олар бидғатшыларды сөкпейді әрі жазаламайды. Олар Құран, Сүннет және ғалымдардың бірауызды келісімі (ижма`) айтатын нәрселер мен бидғаттар мен жікшілдіктің жақтаушылары айтатын нәрселердің арасын ажыратпайды. Бұл жол муржилердің көбісінің, кейбір сопылардың және пәлсапашылардың арасында көбірек (таралған). Ал асығыстықпен күпірлікте айыптауға (яғни тәкфиршілердің жолына) келер болсақ, ол өз әуестіктерінің жетегінде кеткендер мен кәләмнің (пәлсапаның) жақтаушыларында көбірек. Алайда бұл екі жолдың екеуі де (шектен шығушылық пен кемшілік жіберу) Құран мен Сүннеттен ауытқыған болып табылады» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 12/467).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Сондықтан да сен бұл адамдардың оларға тура жол айқын болған кезде теріс бұрылатынын көресің. Олар өздерінің қарындары мен жыныстық мүшелерін қанағаттандырумен, билік пен мал-мүлікті аңсаумен өздерін әуестіктердің жетегіне салып қояды. Өйткені мұндай адамдарда жүректеріне тыныштық беріп, көкіректерін кең ететін білім мен кәміл сенім жоқ қой. Хадисте: «Ақиқатында, мен сендер үшін қарындарың мен жыныстық мүшелеріңе қатысты бұзық құмарлықтардан, және сондай-ақ жолдан тайдыратын азғырушылықтардан ең көп қорқамын» (Ахмад, 4/91; Ибн Аби ‘Асым «әс-Сунна», 14), - делінген. Пайғамбардың жолынан тайып кеткен бұл адамдарда хадисте атап айтылған екі сипат бар. Олар бұзық құмарлықтарына ілеседі, әрі жолдан тайдыратын азғырушылықтарға салынады. Аллаһ Тағала бізге намазда: «Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!», - деп айтуды бұйырды («әл-Фатиха» сүресі, 6-7 аяттар). Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның: «Яһудилер - ашуға ұшырағандар, ал христиандар - адасқандар», - деп айтқаны сенімді түрде жеткізілген" (Ахмад, 4/378; әт-Тирмизи, 2954; Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 3263).
Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары: «Бұзық (азғын) білім иесі мен надан құлшылық етушінің азғыруынан сақ бол!», - деп айтатын. Ендеше, бойында адасушылық та, бұзықтық (азғындық) та біріккен адам туралы не айтуға болмақ?!» (Қз.: «Дар әт-Та‘аруд бәйна әл-Ақль уа ән-Нәқл», 1/165-166).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Бидғат — бұл Құранға, Сүннетке және мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының бірауызды пікіріне қайшы келетін нәрсе, мейлі ол сенім, не ғибадат болсын. Мысалы, хауариждердің, рафидилердің, қадарилердің және жәһмилердің идеялары. Немесе, мысал ретінде, мешіттерде Аллаһқа би мен ән арқылы құлшылық жасайтындарды келтіруге болады. Немесе Аллаһқа сақалды қырып тастау және ғашиш (есірткі) қолдану арқылы құлшылық ететіндерді (келтіруге де болады)» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 18/346).
Отыз сегізінші ереже:
«Салиқалы алдыңғы буынның (мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының) жолына қайшы келетіндер Исламның дұшпандарына Исламға күмән тағуларына есік ашып берді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ لَوْ خَرَجُواْ فِيكُم مَّا زَادُوكُمْ إِلاَّ خَبَالاً ولأَوْضَعُواْ خِلالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ ﴾
«Егер олар сендермен бірге жорыққа шыққанда, сендерге тәртіпсіздіктен басқа еш нәрсе қоспас еді, араларыңда бүлік сеуіп жүгірер еді. Сендердің араларыңда оларға құлақ салатындар да табылады. Аллаһ залымдарды жақсы біледі» («әт-Тәуба» сүресі, 47-аят).
(Ол) сондай-ақ былай деп айтты:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَتَّخِذُواْ الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى أَوْلِيَاء بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاء بَعْضٍ وَمَن يَتَوَلَّهُم مِّنكُمْ فَإِنَّهُ مِنْهُمْ إِنَّ اللَّهَ لاَ يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ ﴾
«Әй, мүминдер! Яһудилер мен христиандарды көмекші және дос тұтпаңдар, өйткені олар бір-біріне көмектеседі. Сендерден кім оларды көмекші және дос тұтса, сонда, күдіксіз, ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Мәида» сүресі, 51-аят).
Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бидғат иелері өздері үшін Исламның дұшпандарының көзқарастарын теріске шығару есіктерін жауып қана қоймай, кәпірлерге, олар Құран мен Сүннетке қарсы соғыса алатындай, басқа есіктерді де ашып берді. Кәпірлер олардың (ашып берген) есіктері арқылы кіреді де, Уахиға қарсы соғысу үшін бірігеді. Осы орайда олар ақыл Уахиға қарама-қайшы келеді деп мәлімдейді. Жалған сенім-көзқарастарды тек Сүннетке толық ілесу болғанда ғана теріске шығару мүмкін болмақ. Ал егер адам әлдебір нәрселерде Сүннетпен келіссе, ал басқа бір нәрселерде оған қайшы келсе, онда оның қарсыласы (оппоненті) оған дәл оның Сүннетке қайшы келетін жағынан келеді. Кім өтірікті жақтаушылардың келтіретін дәлелдеріне назар салса, сол олардың дәлелдері тек қарсыласы Аллаһ Тағала Өзінің Елшісімен жіберген және Кітабында түсірген нәрселерден әлденені қалдырған кезде ғана күшті болатынын көреді. Адамның ақиқаттан қалдырған нәрсесі өтірікті жақтаушының қолындағы ең күшті дәйекке айналады. Аллаһқа шүкір, өтірікті жақтаушыда Сүннетке оның шеңберінен шықпай ілесушіге қарсы ешқандай дәйегі жоқ. Ал егер адам Сүннеттің шеңберінен бір саусақтай мөлшерге болса да шықса, өтіріктің жақтаушылары бірден осыған жабыса келеді. Дәл сондықтан да Сүннет оған кірген адам қауіпсіздікте болатын Аллаһтың қамалы болып табылады. Сүннет тура жол болып табылады, әрі кім онымен жүрсе, сол міндетті түрде мақсатқа жетеді. Сүннет тура жолмен жүрушілерге нұр сыйлайтын айқын дәлел болып табылады» (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 4/1255).
Сондай-ақ Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Ақиқатқа еретін адам өтірікті жақтаушыларға қаншалықты бағынған болса, тек соншалықты ғана осал болады. Ал өтірікті жақтаушыларға келер болсақ, олардың көшбасшылары егер Аллаһтың түсіргені олардың ақылдарына, көзқарастары мен ұстанымдарына қайшы келсе, оны жек көреді. Әрі егер адам оларға әлдебір нәрселерде бағынса, онда Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне ілігеді: «Расында, өздеріне тура жол айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандарды шайтан қызықтыра алдады да, оларға ұзақ өмір уәде етті. Өйткені олар Аллаһтың түсіргенін жек көргендерге: «Сендерге кейбір істе бағынамыз», - деді. Аллаһ олардың сырларын біледі» («Мухаммад» сүресі, 25-26 аяттар)” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 4/1392).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Сүннетті тек ақиқат, шыншылдық және әділет арқылы ғана қорғап қалуға болады. Оны өтірік пен заңсыздық арқылы қорғап қалу мүмкін емес. Ал егер адам бір өтірікті басқа бір өтірік арқылы теріске шығарса, бір бидғатты басқа бір бидғатқа қарсы қойса, онда бұл мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары мен имамдар сөккен нәрсе болып табылады» (Қз.: «Дар әт-Та‘аруд бәйна әл-Ақль уа ән-Нәқл», 7/182).
Отыз тоғызыншы ереже:
Достарыңызбен бөлісу: |