Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет15/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِّنَ الأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُواْ بِهِ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَى أُولِي الأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنبِطُونَهُ مِنْهُمْ وَلَوْلاَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لاَتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلاَّ قَلِيلاً ﴾

«Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің ішіндегі ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын оны зерттей алатындар білер еді. Егер сендерге Алаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» («ән-Ниса» сүресі, 83-аят).

(Ол) сондай-ақ былай деді:



﴿ ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ لَمْ يَكُ مُغَيِّرًا نِّعْمَةً أَنْعَمَهَا عَلَى قَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنفُسِهِمْ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴾

«Міне, Аллаһ бір қауымға берген нығметін олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында, Аллаһ Толық Естуші, Аса Білуші» («әл-Әнфал» сүресі, 53-аят).

(Аллаһ Тағала) тағы да былай деді:



﴿ أَوَلَمَّا أَصَابَتْكُم مُّصِيبَةٌ قَدْ أَصَبْتُم مِّثْلَيْهَا قُلْتُمْ أَنَّى هَذَا قُلْ هُوَ مِنْ عِندِ أَنفُسِكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ ﴾

«Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. (Мухаммад,) оларға: «Ол өз пиғылдарыңнан», - деп айт. Шәксіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жетуші» («Әли Имран» сүресі, 165-аят).

Әрі (Ол былай деп те айтты):



﴿ وَيَا قَوْمِ لاَ يَجْرِمَنَّكُمْ شِقَاقِي أَن يُصِيبَكُم مِّثْلُ مَا أَصَابَ قَوْمَ نُوحٍ أَوْ قَوْمَ هُودٍ أَوْ قَوْمَ صَالِحٍ وَمَا قَوْمُ لُوطٍ مِّنكُم بِبَعِيدٍ ﴾

«Әй, халқым! Маған қарсы келулерің сендерге Нух қауымының, не Һуд қауымының, немесе Салих қауымынының бастарына түскен нәрселерді келтірмесін! Сондай-ақ Лұт елі де сендерден алыс емес» («Худ» сүресі, 89-аят).

Сондай-ақ (былай деп те):



﴿ لَّيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ مَن يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلاَ يَجِدْ لَهُ مِن دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلاَ نَصِيرًا ﴾

«(Әй, мүшриктер!) Бұған сендердің армандарың арқылы да, Кітап иелерінің армандары арқылы да қол жеткізуге болмайды. Кім жамандық істесе, сонысы үшін жазасын алады әрі өзі үшін Аллаһтың орнына қамқоршы да, жәрдемші де таба алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 123-аят).

Тағы былай деп:



﴿ وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا شَيَاطِينَ الإِنسِ وَالْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ زُخْرُفَ الْقَوْلِ غُرُورًا وَلَوْ شَاء رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ ﴾

«Осылайша, Біз әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан белгіледік. Олар алдап, бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Егер Раббың қаламағанда, олар бұлай жасамас еді. Оларды өз ойларынан шығарған (өтірік) сөздерімен бірге қалдыра сал» («әл-Әнғам» сүресі, 112-аят).

Және былай деп:



﴿ وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ أَكَابِرَ مُجْرِمِيهَا لِيَمْكُرُواْ فِيهَا وَمَا يَمْكُرُونَ إِلاَّ بِأَنفُسِهِمْ وَمَا يَشْعُرُونَ ﴾

«Сөйтіп әр кентте, онда айлакерлік қылулары үшін, оның бұзықтарын бастық қылдық. Алайда олар өздеріне ғана айлакерлік жасайды, бірақ мұны өздері аңғармайды» («әл-Әнғам» сүресі, 123-аят).

(Аллаһ Тағала) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَكَذَلِكَ نُوَلِّي بَعْضَ الظَّالِمِينَ بَعْضًا بِمَا كَانُواْ يَكْسِبُونَ ﴾

«Осылайша, залымдардың істегендері себепті, бірін-біріне үстем қыламыз» («әл-Әнғам» сүресі, 129-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ إِنَّ الَّذِينَ اتَّخَذُواْ الْعِجْلَ سَيَنَالُهُمْ غَضَبٌ مِّن رَّبِّهِمْ وَذِلَّةٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَكَذَلِكَ نَجْزِي الْمُفْتَرِينَ ﴾

«Күдіксіз, сондай бұзауға құлшылық жасағандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, олар дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Ойдан өтірік шығарушыларды осылайша жазалаймыз» («әл-Әғраф» сүресі, 152-аят).

Әрі былай деп айтты:



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ عَلَيْكُمْ أَنفُسَكُمْ لاَ يَضُرُّكُم مَّن ضَلَّ إِذَا اهْتَدَيْتُمْ إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ﴾

«Әй, мүміндер! Өздеріңді түзетіңдер. Егер тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарың Аллаһқа ораласыңдар. Сонда Аллаһ сендерге не істегендеріңнен хабар береді» («әл-Мәида» сүресі, 105-аят).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Аллаһ Тағала: «Өздеріңді түзетіңдер. Егер тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды», - деді («әл-Мәида» сүресі, 105-аят). Бұл аят жақсылыққа бұйыруды және жамандықтан тыюды тастау керек дегенді білдірмейді. Бұл танымал хадисте келгендей, (бірде) Абу Бакр әс-Сыддиқ (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінберінің үстінде тұрып былай деді: «Әй адамдар, сендер осы аятты оқисындар, бірақ оны дұрыс түсінбейсіңдер. Ақиқатында, мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Егер адамдар айыпты нәрсені көріп, соны түзетпесе, онда Аллаһ көпке созбай олардың барлығына келіп тиетін жаза жібереді» (Ахмад, 1/2, 5, 9)». Сондай-ақ Абу Са‘ләба әл-Хушаниден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисі: «Егер сен (адамдар) соған бағынатын ашкөздікті және (адамдар) соның жетегінде кететін құмарлықты, әрі әрбір пікір иесі өз пікіріне разы екенін көрсең, онда өз жаныңды ойлауың қажет», - деген хадисі де (Хадис әлсіз. Қз.: «Силсилә әд-Да‘ифа», 1025). Әрі мұны Абу Са‘идтің хадисі түсіндіріп береді. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер сендердің біреуің айыпты нәрсені көрсе, мұны өз қолымен өзгертсін (түзетсін), ал егер қолымен (түзетуге) шамасы жетпесе, онда тілімен (түзетсін), ал егер тілімен (түзетуге) шамасы келмесе, онда жүрегімен (түзетсін), әрі бұл иманның ең әлсіз көрінісі» (Муслим, 49).



Күнәһарлар күшке ие болып, ізгі-салиқалы адамдарға құлақ салуды қойса, олар өздеріне айыпты нәрселер (істеуге) тыйым салатын кісілерге зиян тигізсе, онда адамдардың мойнынан тілмен сөгіс білдіру міндеті түсіп, тек жүрекпен сөгіс білдіру (міндеті) ғана қалады. Алайда бұл аяттан алынатын ұлы пайдалар бар:

Біріншіден, аят мүмин адамның кәпірлерден және екіжүзділерден қорықпауы керек екендігіне, өйткені егер ол тура жолға ілескен болса, онда олар оған зиян тигізе алмайтынына нұсқайды.

Екіншіден, мүмин кісі адасушылыққа түскендер үшін қайғырмауы және кейімеуі қажет. Ақиқатында, егер ол тура жолға түскен болса, олардың күнәлары оған зиян тигізбейді. Ал өзіңе зиян тигізе алмайтын нәрсе үшін қайғыру босқа қайғыру болып табылады. Бұған Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «(Мухаммад,) ендеше, сабыр ет! Сабыр етуің – Аллаһтан ғана (мәрхамет). Оларға кейіме де, олардың істеген мекерліктеріне тарылма!» («ән-Нәхл» сүресі, 127-аят).

Үшіншіден, мүмин адам оларға қарай аумауы және оларға берілген білік пен мал-мүлікке қызығып-еліктемеуі керек. Аллаһ Тағала былай деді: «Кәпірлердің кейбіреулеріне Біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа» («әл-Хижр» сүресі, 88-аят). Аллаһ Тағала олар үшін қайғыруға және олардың қолындағы нәрселерге ұмтылуға тыйым салды. Аллаһ Тағала олардан қорқуға тыйым салды.

Төртіншіден, күнәһарларға шариғат бекіткеннен артық нәрсемен қастандық жасауға болмайды. Бұл оларға деген жек көрушілікке, оларға сөгіс білдіруге, оларға әлдебір нәрселерді тыйым салуға, бойкот жасауға, жазалауға және т.с.с. қатысты. Аллаһ Тағала бұл аятта: «Өздеріңді түзеңдер», - деді. Ал басқа аятта Ол: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер», - деп айтты («әл-Мәида» сүресі, 8-аят). (Ол) сондай-ақ былай деді: «Сендерге қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят). Әрі былай деді: «Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят).

Расында, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюшылардың көбі не надандықтың себебінен, не әділетсіздіктің себебінен Аллаһ Тағаланың шегін бұзып жатады. Әрі бұл жерде олардың кәпірлерді сөгеді ме, екіжүзділерді ме, әлде күнәһарларды ма – мұның айырмашылығы жоқ.

Бесіншіден, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю шариғаттың негізінде жасалады. Бұл білімнің, жұмсақтықтың, сабырлықтың, дұрыс ниеттің және орташылдықтың негізінде жасалады.

Міне, бұл – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыятындар осы аяттан алуларына болатын бес нәрсе.

Бұл аятта тағы бір мән-мағына бар. Адам білім талап етуде және амал жасауда ең бірінші кезекте өзін ойлауы керек. Ол өзіне қатысы болмаған нәрселерден теріс бұрылуы қажет. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамның Исламды жақсы танытуынан – бұл оның өзіне қатысты болмаған нәрседен бас тартуы», - деген ғой (әт-Тирмизи, 2317; Ибн Мәжаһ, 3976). Бұл, әсіресе, адамның әлдебіреудің діндарлығы немесе дүние тіршілігі туралы білуге шектен тыс ұмтылуы. Әсіресе, егер ол біреу туралы көреалмаушылық себепті немесе жетекші болуды қалап сөйлейтін болса. Не бұл адам – залым, не ол – айналысатын ешқандай тірлігі жоқ ақымақ. Әрі қаншалықты жиі шайтан осыны адамға ол жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюмен айналысып жатқандай етіп, Аллаһтың жолында жиһад жасап жүргендей етіп көрсетеді, ал шын мәнінде бұл озбырлық пен қастандық болып табылады. Аят туралы ой қозға, сонда сен онда адам үшін көптеген пайдалы нәрселер табасың!

Егер сен үммет ішінде ғалымдар, қарапайым құлшылық етушілер, әмірлер мен көшбасшылар арасында орын алған келіспеушіліктерге көз салсаң, бұл не бұрыс түсінудің негізінде орын алатынын, немесе мүлде осынсыз орын алатынын көре аласың. Мысалы, жәхмилер Сүннетті ұстанушыларға, әсіресе, имам Ахмадқа Аллаһ Тағаланың сипаттары мәселелерінде және Құран мәселелерінде қастандық жасады. Осылайша, бидғатшылар сүннет имамдарына өте жиі қастандық жасайтын. Мысалы, насыбилер ‘Али мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отбасына қастандық жасады. Немесе Аллаһты жаратылыстарға ұқсататындар (мушабиһа) Аллаһты (жаратылыстарға) ұқсатудан тазартатындарға қастандық жасады. Немесе сүнниттердің кейбіреулері бір-біріне қастандық жасап жатады. Немесе сүннетті ұстанушылар бидғатшыларға қатысты артық кетіп жатады. Бұл артық кетушілік туралы Аллаһтың мына сөздерінде айтылады: «Раббымыз! Біздің ісімізде жіберген күнәларымыз бен артық кетушіліктерімізді кешіре гөр» («Әли-Имран» сүресі, 147-аят). Басқа жағынан бұған адамдардың ақиқатқа қатысты, оларға жақсылыққа шақырып жамандықтан тыюдан не бұйырылған болса, соған қатысты кемшілік жіберулері қарама-қарсы тұрады. Кейбір мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары мынандай керемет сөздер айтқан: «Аллаһ не бұйырса да, шайтан міндетті түрде бұған екі нәрсені қарама-қарсы қояды: не шектен шығушылық, не кемшілік жіберу».

Күнәлар мен қылмыстар жасауға көмектесетін (шектен шығушыға) игі және тақуа іс-амалдар жасауға көмектеспейтін (кемшілік жіберуші) қарама-қарсы келеді. Немесе өзіне парыз етілгенді орындап, бірақ сонымен бірге көптеген харам нәрселерді де істей беретін (шектен шығушыға) көп харам нәрселерді істемейтін, бірақ сонымен бірге өзіне парыз етілген кейбір нәрселерді орындамайтын (кемшілік жіберуші) қарама-қарсы келеді. Аллаһ Тағала бізді тура жолға салсын! Одан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 14/479)..
Отыз екінші ереже:
«Үмметті бидғаттардың имамдарынан сақтандырудың міндеттілігі»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ ﴾

«Біз жаратқан адамдардың ішінде ақиқат жолына бастап, әділетті орнататын бір топ бар» («әл-Әғраф» сүресі, 181-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ لَوْلاَ يَنْهَاهُمُ الرَّبَّانِيُّونَ وَالأَحْبَارُ عَن قَوْلِهِمُ الإِثْمَ وَأَكْلِهِمُ السُّحْتَ لَبِئْسَ مَا كَانُواْ يَصْنَعُونَ ﴾

«Егер олардың діндар ғалымдары оларды күнәлі сөздерінен, харам жеулерінен тыйса еді! Ақиқатында, олардың істеп жатқандары нендей жаман!» («әл-Мәида» сүресі, 63-аят).

(Ол) тағы да былай деп айтты:



﴿ قَالُواْ يَا صَالِحُ قَدْ كُنتَ فِينَا مَرْجُوًّا قَبْلَ هَذَا أَتَنْهَانَا أَن نَّعْبُدَ مَا يَعْبُدُ آبَاؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِي شَكٍّ مِّمَّا تَدْعُونَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ ﴾

Олар: «Әй, Салих! Сен бұдан бұрын біздің үміт артатынымыз едің. Аталарымыздың табынғанынан бізді тыясың ба? Расында, сенің бізді шақырған нәрсеңе қатысты бізді күңгірт күдік жеп жатыр», - деді” («Худ» сүресі, 62-аят).

Әрі былай деп те:

﴿ كَانُواْ لاَ يَتَنَاهَوْنَ عَن مُّنكَرٍ فَعَلُوهُ لَبِئْسَ مَا كَانُواْ يَفْعَلُونَ ﴾

«Олар бір-бірін істеген жамандықтарынан тыймайтын еді. Расында, олардың істегендері нендей жаман!» («әл-Мәида» сүресі, 79-аят).

Және былай деп:



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّ كَثِيرًا مِّنَ الأَحْبَارِ وَالرُّهْبَانِ لَيَأْكُلُونَ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ اللَّهِ وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلاَ يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ ﴾

«Әй, мүминдер! Расында (яһудилер мен христиандардың) ғалымдары мен машайыхтарының көбі адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Аллаһтың жолынан тосады. (Мухаммад,) сондай алтын-күмісті жиып, оны Аллаһ жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле» («әт-Тәуба» сүресі, 34-аят).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Құран мен Сүннетке қайшы келетін сөздерді айтатын, Құран мен Сүннетке қайшы келетін ғибадаттарды жасайтын бидғаттардың имамдары да тура сондай. Мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша олардан мұсылман үмметін сақтандыру міндетті (уәжіп) болып табылады. Тіпті имам Ахмадтан: «Ораза ұстайтын, намаз оқитын, иғтикаф жасайтын адам мен бидғатты жақтаушылардардан сақтандыратын адам бар (делік). Сіз үшін осылардың қайсысы сүйіктірек?», - деп сұрағанда, имам Ахмад (Аллаһ оны рахым етсін): «Егер ол ораза ұстаса, намаз оқыса, иғтикаф жасаса, онда бұл оның өзі үшін. Ал егер адам бидғаттарды жақтаушылардан сақтандырса, бұда барша мұсылмандар үшін пайда бар, сол үшін ол жақсырақ», - деп жауап берді. Екінші адам барлық мұсылмандарға олардың дінінде пайда келтіреді, әрі оның бұл ісі Аллаһтың жолындағы жиһадқа жатады. Өйткені Аллаһтың жолын, Оның дінін, Оның шариғатын осы дұшпандардың орынсыз шабуылдарынан тазарту барша мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша ұжымдық парыз (фард әл-кифая) болып табылады. Егер Аллаһ осы адамдардың (бидғатшылардың) жамандығын қайтаратын адамдарды бекітпегенде, онда дін бұзылар еді. Бидғатшылар мұсылмандардың жерін дұшпан басып алғаннан да бетер зиян тигізеді. Өйткені кәпірлер мұсылман жерлерін басып алғанда, мұсылмандардың жүректерін бұзудан бастамайды. Ал бұл бидғатшылар дәл адамдардың жүректерін бұзудан бастайды.

Діннің дұшпандары екі топқа бөлінеді: кәпірлер мен екіжүзділер. Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы екі топтың екеуімен де соғысуды бұйырып (былай деді): «Кәпірлер мен екіжүзділерге қарсы күрес, әрі оларға қатал бол» («әт-Тәуба» сүресі, 73-аят). Егер дінге, Аллаһтың Кітабына қайшы келетін бидғат енгізетін, кейін адамдарды оларға бұл мәселе түсініксіз болатындай етіп алдайтын екіжүзділер бар болса, онда бізге дейінгі Кітап иелерінің діні бұзылған сияқты біздің де дініміз бұзылуы мүмкін, өйткені олар дінге жаңалық енгізушілерді сөкпейтін еді. Ал егер бидғатшылар екіжүзділер болмаса, онда олар екіжүзділерді тыңдайтындар және олар тарапынан адасушылыққа салынғандар болып табылады. Олардың сөздері Құран мен Сүннетке қайшы келеді, бірақ олар өздерінің сөздерін ақиқат деп санайды. Бұл бидғатшылар екіжүзділердің бидғаттарына шақырушыларға айналады. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Егер олар (екіжүзділер) сендермен бірге жорыққа шыққанда, сендерге тәртіпсіздіктен басқа еш нәрсе қоспас еді, араларыңда бүлік сеуіп жүгірер еді. Сендердің араларыңда оларға құлақ салатындар да табылады» («әт-Тәуба» сүресі, 47-аят).

Сондықтан да адамдарға міндетті түрде бидғатшылардың адасушылығын түсіндіру қажет. Олар таратып жатқан бүлік өте қорқынышты. Оларда иман бар (болғандықтан), бұл сізді олармен мұсылмандар ретінде қарым-қатынас жасауға міндеттейді. Бірақ басқа жағынан, олар екіжүзділер ойлап тапқан бидғаттарды енгізді, ал бұл бидғат дінді бұзады. Сондықтан да міндетті түрде бұл бидғаттардан сақтандыру қажет, тіпті бұл жеке тұлғалардың атын атауға алып келсе де” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 28/231).


Отыз үшінші ереже:
«Бидғатқа ілесушілер түр-түрге бөлінеді»

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бірінші түрі: ешқандай білімі жоқ, надан, соқыр ілесуші. Мұндайды күпірлікте және бұзақылықта айытамайды. Егер ол тура жолды оқып-үйренуге қабілетсіз болса, онда мұндайдың куәлігі қабыл етіледі. Оның үкімі, шығар жолды табуға қабілетсіз және тура жолды тапайтын әлжуаз еркектердің, әйелдер мен балалардың үкіміндей. Бұларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ – Ғафу Етуші, Кешірімді.



Екінші түрі: бұлар – сұрауға, тура жол іздеуге және ақиқатты тануға мүмкіндігі барлар. Бірақ олар мұны істемейді, өйткені дүние тіршілігімен, билік мәселелерімен т.б. айналысудан босамайды. Мұндай адам салғырттық жасап жүр, әрі қорқытуға лайықты. Ол күнәһар болып табылады, өйткені міндетті болған нәрсені тастап қойған (Аллаһтан шама жеткенше қорқу міндетті болып талады). Оның үкімі діннің міндетті бұйрықтарын тастайтындардың үкіміндей. Егер бұл адамның (бойында) бидғаты мен әуестік-құмарлығы Сүннет пен тура жолдан көбірек болса, онда оның (сот мәжілісіндегі) куәлігі қабыл етілмейді. Ал егер (оның бойында) Сүннет пен тура жол басым болса, онда куәлігі қабылданады.

Үшінші түрі: бұлар – сұрайтындар, іздейтіндер және оларға ақиқат айқын болатындар, бірақ ол оны біреуге соқыр түрде ілескендігі, фанатизмі, тура жолға ілесушілерге деген жек көрушілігі себепті тәрк етеді (қабылдамайды). Бұл адам ең аз дегенде бұзақы болып табылады. Ал оны күпірлікте айыптауға келер болсақ, онда бұл жерде ижтиһад жасау және нақты жағдаяттарды егжей-тегжейлі қарап шығу орынды болады. Егер ол бидғатқа ашық шақыратын болса, онда оның (сот мәжілісіндегі) куәлігі тәрк етіледі, оның пәтуалары қабылданбайды. Мысалы, егер бидғатшылар билік пен күшке ие болса, яғни соттар, муфтилер және куәгерлер бидғатшылар болса, онда әһлю-с-Сунна олардың куәлігін қабылдауға міндетті. (Өйткені) егер осы жағдайда олардың куәліктері мен сот үкімдерін қабылдамай тәрк етсе, бұл үлкен зиянға келтіреді.

Имам Малик (Аллаһ оны рахым етсін) бидғатшылардың (мысалы, қадарилердің) куәліктері сотта қабылданбайды, тіпті егер олар намаз оқыса да және жүзін Қыбла тарапқа қаратса да деп айтқан» (Қз.: «әт-Турук әл-Хукумия», 1/255).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Құран мен Сүннетке қайшы келетін бидғатшылар не жай надандықта (жәһл әл-бәсит), не күрделі надандықта (жәһл әл-муракаб) болады. Біріншілері туралы былай деп айтылған: «Немесе олардың мысалы - терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған. Бір қараңғылықтың үстінде екіншісі. Егер ол қолын шығарса, оны көре алмайды. Кімге Аллаһ жарық сыйламаса, оған жарық жоқ!» («ән-Нур» сүресі, 40-аят). Екіншілері туралы былай делінген: «(Олардың амалдары) шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе таба алмайды. Ол өз жанында Аллаһты табады. Ол оның есебін толық береді. Аллаһтың есебі жылдам» («ән-Нур» сүресі, 39-аят).

Біріншілері (яғни жай надандықта болғандар) ақиқат туралы білмейді және оған көмектеспейді. Ал екіншілері (күрделі надандықта болғандар) шындығында надан бола тұра, өздерін білімге иеміз деп ойлайды” (Қз.: «Дар әт-Та‘аруд бәйна әл-Ақль уа ән-Нәқл», 7/285).

Көптеген адамдар үммет жетпіс үш ағымға бөлінеді деген хадис туралы сөз болғанда, онда үмметтің басым бөлігіне От қауіпі төніп тұр деп айтылғандықтан, оны әлсіз деп атайды. (Олар) бұл Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен осы үммет Жәннаттың басым бөлігін құрайды деген хадистерге қайшы келеді деседі.

Мен бұған жауап беремін, ал көмек Аллаһтан: осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеген ғалымдардан ешкім қарапайым адамдар ешқандай шарт-ескертпесіз осы хадистің (үкіміне) түседі деп айтпаған. Барлық ғалымдар бұл хадис мұсылмандардың қатарынан болған тура жолдан тайған білім иелеріне қатысты дегенді растайды. Тура сол сияқты жеңіске жетуші қауым және құтылған топ – бұл ғалымдар екеніне де барша келіскен. Бұл имам Ахмадтан, имам әл-Бухариден және басқалардан жеткізілген. Ал қарапайым адамдарға келер болсақ, онда, бұл туралы жоғарыда Ибн әл-Қайиимнің (Аллаһ оны рахым етсін) сөздерінде айтылғандай, бұл жерде әрбір нақты жағдайды жан-жақты қарастыру қажет. (Ибн ул-Каййим атап айтқан) бірінші топ бүгінгі күні негізінен қарапайым адамдардан құралады. Олар мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына (Аллаһ оларға разы болсын) не барлық мәселелерде, не олардың кейбірінде қайшы келеді.

Ал өздерін аттарымен де, ақидасымен де, манһажымен де мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына жатқызбайтын қазіргі заманның дағуаттары іс жүзінде Отқа (түсу) қауіпі төнген опат болған топтар болып табылады. Ал Аллаһ жақсырақ біледі!



Отыз төртінші ереже:
«Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَمِنَ النَّاسِ مَن يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَى مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَام ﴾

«Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңарқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем» («әл-Бақара» сүресі, 204-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ لَوْ خَرَجُواْ فِيكُم مَّا زَادُوكُمْ إِلاَّ خَبَالاً ولأَوْضَعُواْ خِلالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ ﴾

«Егер олар сендермен бірге жорыққа шыққанда, сендерге тәртіпсіздіктен басқа еш нәрсе қоспас еді, араларыңда бүлік сеуіп жүгірер еді. Сендердің араларыңда оларға құлақ салатындар да табылады. Аллаһ залымдарды жақсы біледі» («әт-Тәуба» сүресі, 47-аят).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бидғатшыларды және олардың дұшпандығын тойтару ұжымдық парыз (фард ул-кифая) болып табылады және бұған барлық мұсылмандар келіседі. Әрі егер осы адамдардан келетін зиянды жою үшін Аллаһ тағайындаған адамдар болмаса, дін бұзылатын еді және осыдан келетін зиян жауығушы дұшпанның басып алуынан келетін зияннан да көбірек болатын еді. Өйткені олар жерді басып алса да, жүректерді және олардың ішінде өмір сүретін дінді бұза алмайды; мұндай бұзу тек (басып алудың) салдары ғана болуы мүмкін. Ал бұлар (бидғаттың жақтаушылары) жүректерді әуелінен бұзады» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 28/232).
Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадистерде оларға қарсы соғысуды бұйырғанын ескеру қажет. Бидғаттың жақтаушылары туралы былай деп жеткізілген: «Олар – аспан астында өлтірілгендердің ең жамандары, ал өлтірілгендердің ең жақсысы – солар өлтірген (адам)» (әт-Тирмизи, 3000; Ибн Мәжаһ, 176). Мұсылмандарға олардан артық зиян тигізетін ешкім жоқ. Яһудилер де, христиандар да олармен осыда тең келе алмайды. Бидғатшылар өздерімен келіспейтін әрбір мұсылманды өлтіру үшін ынта-ыждағат танытады. Олар мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкін, олардың балаларын өлтіруді хәлал етті. Олар мұсылмандарды кәпір дейді әрі осыны дін деп есептейді. Мұның барлығы ұлы надандық пен адасушылыққа салатын надандықтың себебінен!” (Қз.: «Минһажу-с-Сунна», 5/248).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Сондықтан да бидғатты жақтаушылардың көбі күшке ие болғанда, мұсылмандарды өлтіруді және оларды күпірлікте айыптауды хәлал етіп, кәпірлерге ұқсап кетеді. Хауариждер, му`тазилилер, жәхмилер және солар сияқтылар осылай істеді. Олардың арасында хауариждер мен зәйдилер сияқты, мұсылмандарға қарсы көтеріліп, жекеленген топтар құратындары бар. Бидғатшылардың арасында барлық қарсыластарын не билік арқылы, не айлакерлік арқылы жоюға ұмтылатындары бар. Ал олар күшсіз болса, онда екіжүзділерге ұқсап қалады. Өйткені бидғат күпірліктен өсіп шығады ғой. Ақиқатында, көпқұдайшыл-мүшриктер мен Кітап иелері күшке ие болса, мұсылмандармен соғыса бастайды. Ал күшсіз қалғанда олар екіжүзділік танытады. Ал мүминге келер болсақ, оған күші болғанда шамасына сәйкес дінді орнату бұйырылған. Ал мүмин адам күшсіз болса, ол басына түсетін қиыншылықтарға сабыр етеді.



Әһлю-с-Сунна бидғаттарды жақтаушылармен қарым-қатынасында мүлде керісінше істейді. Сүннетті жақтаушыларда күш болғанда, олар бидғатшыларға қарсы шектен шықпайды, оларды күпірлікте айыптамайды, оларды өлтірмейді. Олар бидғатшыларға қатысты Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған әділ әдістерді қолданады. Мысалы, ‘Умар ибн ‘Абду-л-‘Азиз хауариждер мен қадарилерге қатысты осылай істеді. Негізінде, бидғатты жақтаушыларға қатысты бойкот және оларға өз идеяларын таратуға тыйым салатын әдістер қолданылады. Мысалы, Сүннетті жақтаушылар олармен сөйлесуді және бірге отыруды қояды. Бұл бидғаттың өшуіне жетелейтін жол болып табылады. Ал егер Сүннет иелерінде күш болмаса, онда олар бидғатшылармен жасайтын қарым-қатынасында екіжүзділік танытпайты. Сүннет иелері Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарымен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген ақиқат үшін сабыр етеді» (Қз.: «Фатауа әл-Кубра», 5/209).
Отыз бесінші ереже:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет