«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін оқып-үйренуге ынталандырады әрі Сүннетті тастаудан және Сүннетті елемеуден сақтандырады»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنتَ فِيهِمْ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ ﴾
«Сен олардың ішінде болғанға дейін Аллаһ оларды азаптамайды. Олар кешірім тілеп тұрғандарына дейін Аллаһ оларды азаптамайды» («әл-Әнфал» сүресі, 33-аят).
Сәһл бин Са‘дтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Адамдар (ораза ұстағандарынан) кейін ауыз ашуға асығуды тоқтатпайынша игіліктен қол үзбейді» (әл-Бухари, 1957; Муслим, 1098).
Имам әл-Бухари өзінің «әс-Сахих» кітабындағы тарауды «Білім қалай алып қойылады» деп атап, онда былай деді: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен не бар екенін қара да, оларды жазып ал. Расында, мен діни білімдер бойынша сабақтар жойылып, әрі ғалымдар өмірден өтіп кетеді ме деп қорқамын. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен басқа еш нәрсені қабылдама! Білім таратыңдар және білмейтінді оқыту үшін жиналыңдар, өйткені, ақиқатында, білім құпияға айналмайынша өлмейді» (Қз.: «Сахих әл-Бухари», 1/49).
Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Сүннет — бұл Аллаһ Тағаланың қамалы! Кім оған кірсе, сол қауіпсіздікте болады! Сүннет тіпті адамның амалдары жеткіліксіз болса да онымен бірге болады. Бидғатшылар мен екіжүзділердің жарықтары өшетін күні Сүннеттің нұры адамның жолын жарық етеді. Бидғатшылардың беттері қараятын күні Сүннетті ұстанушылардың жүздері ақ болады. Аллаһ Тағала: «Бір беттер ағаратын және басқалары қараятын сол бір күні», - деді («Әли Имран» сүресі, 106-аят). Ибн ‘Аббас былай деді: «Сүннет пен біртұтастықты ұстанушылардың беттері ағарып, бидғат пен бөлінуді ұстанушылардың беттері қараяды». Сүннет — бұл пендені бақытқа, тура жолға және жетістікке алып келетін өмір мен нұр. Аллаһ Тағала былай деді: «Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық берсек, ол қараңғылықтарда қалып, одан шыға алмайтын біреуге тең болады ма?» («әл-Әнғам» сүресі, 122-аят). Елшілерге (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынудан шыққан адамдар он қараңғылықтарда болады: 1 — өз мінезінің қараңғылығы; 2 — надандықтың қараңғылығы; 3 — әуестіктің (көңіл қалауының) қараңғылығы; 4 — сөздің қараңғылығы; 5 — амалдардың қараңғылығы; 6 — кірудің қараңғылығы; 7 — шығудың қараңғылығы; 8 — қабірдің қараңғылығы; 9 — Қиямет күнінің қараңғылығы; 10 — мәңгілік мекеннің қараңғылығы” (Қз.: «Ижтима‘ әл-Жуйуш әл-Исләмийа», 9-аят).
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكَ فَاعْلَمْ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهْوَاءهُمْ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ اتَّبَعَ هَوَاهُ بِغَيْرِ هُدًى مِّنَ اللَّه ﴾
«Егер олар саған жауап бермесе, онда олар, шын мәнінде, өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Аллаһтан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен ары адасқан кім бар?» («әл-Қасас» сүресі, 50-аят).
Аллаһ Тағала адамдарды екі топқа бөлді:
1 — Елшілерге ілесетіндер;
2 — Өз көңіл қалауларына (әуестіктеріне) ілесетіндер.
Кім өзіне Сүннет ап-айқын бола тұра, Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құлақ аспаса, сол өзінің көңіл қалауына ілесті.
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلاَ تَتَّبِعُواْ السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُم بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴾
«Күдіксіз, Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады. Сендерге осыларды Аллаһ нұсқады, бәлкім, сақтанарсыңдар» («әл-Әнғам» сүресі, 153-аят).
Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бұл — Аллаһ Тағала сонымен жүруді өсиет еткен тура жол. Бұл – Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары ұстанған жол. Бұл – ең дұрыс жол! Кім осы жолдан ауытқыса, сол бұрыс жолдарға түседі. Тура жолдан ауытқу қорқынышты болуы да, кішігірім болуы да мүмкін, әрі (одан) ауытқығандардың арасында олардың санын тек Аллаһ Тағала ғана білетін көптеген дәреже-санаттар бар. Тура жол – бұл Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары ұстанған нәрсе. Ал тура жолдан ауытқыған (адам) не залым, не қателескен мужтаһид, не надан соқыр ілесуші (муқаллид) болуы мүмкін. Аутқығандардың арасында жазаланатындары, кешірілетіндері, сондай-ақ (ижтиһад жасағаны үшін) бір сауап алатындары да бар» (Қз.: «Иғасату әл-Ләхфан», 1/131).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: “Елшілердің сүннеттерін жасыру барлық үмметтердегі бидғаттардың пайда болуының себебі болып табылады! Опат болу дәл осы арқылы келеді. Сондықтан да: «Сүннеттен бекем ұстануда құтылу бар», - деп айтылады. Ал имам Мәлик (Аллаһ оны рахым етсін): «Сүннет Нухтың кемесі секілді. Кім оған мінсе, сол құтылды, ал кім мінбесе, сол опат болды!», - деп айтқан. Бұл – ақиқат! Өйткені Нухтың кемесіне елшілерге сеніп, оларға ілескендер мінді ғой. Ал егер адам оған отырмаған болса, онда ол елшілерді өтірікшілер деп санады. Сүннетке ілесу – бұл Аллаһ Тағаладан келген жолдауға ілесу. Кім осы жолдауға ілессе, сол Нухтың кемесіне көтерілгендермен тең. Ал осы жолдаудан теріс бұрылса, сол Нухқа (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ілесуден бас тартқандар сияқты” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 4/137).
Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Бұл мәселедегі маңызды міндет Сүннет пен бидғаттың арасын ажырату болып табылады. Сүнет – бұл Үкім Шығарушы бұйырған нәрсе, ал бидғат – бұл дінде бекітілмеген нәрсе. Ақиқатында, бұл тақырыпта: оның негіздерінде де, тармақтарында да – адамдар арасында көптеген қобалжулар пайда болды. Әр топ өзінің жолын Сүннет, ал қалған жолдарды бидғат дейді. Әрбір топ басқа бір топтың ілесушілерін бидғатшылар деп атайды. Осы себепті де ауқымын бір Аллаһ қана білетін жауыздық тарады» (Қз.: «әл-Истиқама», 1/13).
Жиырма төртінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а шариғаттың үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі»
Осы үш мақсатқа қол жеткізуге ең тура және ең дұрыс жолмен Қасиетті Құран жетелейді.
1 — Зиянды қайтару — шариғатта зиянды қайтару алты нәрседен болады:
а) дін — Құранда дінді сақтау қажеттігіне нұсқау бар әрі онда осы мақсатқа жетудің ең тура және ең әділ жолына нұсқалады. Аллаһ Тағала былай деп айтады:
﴿ وَقَاتِلُوهُمْ حَتَّى لاَ تَكُونَ فِتْنَةٌ وَيَكُونَ الدِّينُ لِلَّهِ ﴾
«Олармен бүлік (фитна) қалмай, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 193-аят).
Сондай-ақ (Ол):
﴿ وَيَكُونَ الدِّينُ كُلُّهُ لِلَّه ﴾
«...Әрі дін толығымен Аллаһқа тән болғанға дейін...», - деді («әл-Әнфәл» сүресі, 39-аят).
(Аллаһ) сондай-ақ былай деді:
﴿ تُقَاتِلُونَهُمْ أَوْ يُسْلِمُونَ ﴾
«Сендер олармен соғысасыңдар, не олар Исламды қабылдайды» («әл-Фатх» сүресі, 16-аят).
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған адамдармен олар Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп айтпайынша соғысу бұйырылды» (әл-Бухари, 25; Муслим, 22). Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім дінін ауыстырса, соны өлтіріңдер», - деді (әл-Бухари, 3017).
ә) өмір — дәл сондықтан да Аллаһ Тағала өлтірілген адам үшін есе қайтаруды (қысас) орнатты. Аллаһ Тағала былай деп айтады:
﴿ وَلَكُمْ فِي الْقِصَاصِ حَيَاةٌ يَاْ أُولِيْ الأَلْبَاب ﴾
«Әй, ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар» («әл-Бақара» сүресі, 179-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِصَاصُ فِي الْقَتْلَى ﴾
«Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді» («әл-Бақара» сүресі, 178-аят).
Ол тағы да былай деді:
﴿ وَمَن قُتِلَ مَظْلُومًا فَقَدْ جَعَلْنَا لِوَلِيِّهِ سُلْطَانًا ﴾
«Ал біреу жазықсыз өлтірілсе, онда Біз өліктің иесіне толық билік беріп қойғанбыз» («әл-Исра» сүресі, 33-аят).
б) ақыл — Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنصَابُ وَالأَزْلامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ (90) إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاء فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّهِ وَعَنِ الصَّلاةِ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ ﴾
«Әй, мүминдер! Мас ететін ішімдіктер (хамр), құмар ойындары (майсир), тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын жебелер – шайтанның істерінен болған лас нәрсе. Одан аулақ болыңдар, бәлкім, құтыларсыңдар. Расында, шайтан мас ететін ішімдіктер мен құмар ойындарының көмегімен араларыңа дұшпандық әрі кек салып, сендерді Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» («әл-Мәида» сүресі, 90-91-аяттар)..
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мас ететін заттың барлығы – харам», - деген (әл-Бухари, 4343; Муслим, 1733). Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үлкен мөлшерде мас ететін зат кіші мөлшерде де харам» (Абу Дауд, 3681; әт-Тирмизи, 1865; Ибн Мәжаһ, 3392). Дәл адамдардың ақыл-санасын сақтау үшін де Аллаһ Тағала спирттік ішімдіктерді ішетін адамға жаза тағайындады.
в) адамның тегі — дәл сондықтан да зинақорлық харам етілген. Әрі дәл осы себепті де басқа адамдар (жазадан) қорқып, бұл күнәні істемеуі үшін, Аллаһ Тағала зинақорға жаза тағайындады. Дәл сол себепті де Аллаһ Тағала күйеуінен ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған әйел үшін күту мерзімін (`идда) тағайындады. Мұның барлығы әйелдің жатырында бір еркектің ұрығы басқа еркектің ұрығымен араласпауы үшін, яғни текті сақтау үшін. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَلاَ تَقْرَبُواْ الزِّنَى إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاء سَبِيلاً ﴾
«Зинаға жоламаңдар, өйткені ол анық арсыздық және жаман жол» («әл-Исра» сүресі, 32-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ الزَّانِيَةُ وَالزَّانِي فَاجْلِدُوا كُلَّ وَاحِدٍ مِّنْهُمَا مِائَةَ جَلْدَةٍ ﴾
«Зинақор әйел мен зинақор еркекті әрқайсысын жүз реттен дүре соғыңдар» («ән-Нур» сүресі, 2-аят). Аллаһ Тағала текті сақтау үшін ‘идданы (былай деп) міндетті етті:
﴿ وَالْمُطَلَّقَاتُ يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ ثَلاثَةَ قُرُوءٍ ﴾
«Талақ болған әйелдер үш етеккір мерзімін күтеді» («әл-Бақара» сүресі, 228-аят).
(Аллаһ) сондай-ақ (былай деп бұйырды):
﴿ وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا يَتَرَبَّصْنَ بِأَنفُسِهِنَّ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا ﴾
«Сендерден әлдебіреулерің қайтыс болып, (артында) әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн (`идда) күтеді» («әл-Бақара» сүресі, 234-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ ер кісіге өзге біреудің сепкен ұрығын өз суымен суғаруға, яғни басқа бір еркектен жүкті әйелмен жыныстық қатынасқа баруға тыйым салды. Ол былай деді:
﴿ وَأُوْلاتُ الأَحْمَالِ أَجَلُهُنَّ أَن يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ ﴾
«Жүкті әйелдердің күту мерзімі (`иддасы) олар босанғанға дейін» («әт-Талақ» сүресі, 4-аят).
г) ар-намыс — мұсылман адамға өз бауыры туралы оны ренжітетін нәрсе айтуына тыйым салынған. Сондай-ақ Аллаһ Тағала мұсылман адамды негізсіз зинақорлықта айыптағанға сексен дүре соғуды бұйырды. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَلا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًا ﴾
«Бір-біріңді ғайбаттамаңдар» («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ осы күнәның жиіркенішті екенін көрсетіп, былай деді:
﴿ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوه ﴾
«Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көреді ме? Әрине, оны жек көресіңдер» («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
)وَلا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلا تَنَابَزُوا بِالأَلْقَابِ بِئْسَ الاِسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الإِيمَانِ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُولَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ ﴾
«Бір-біріңді міндеп-ренжітпеңдер және бір-біріңе жаман (қорлайтын) ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін бұзақы атанған нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне, солар залым болады» («Хужурат» сүресі, 11-аят).
Сондай-ақ Аллаһ Тағала мұсылман кісіні дәлелсіз зинақорлықта айыптаған адам үшін былай деп жаза тағайындады:
﴿ وَالَّذِينَ يَرْمُونَ الْمُحْصَنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَأْتُوا بِأَرْبَعَةِ شُهَدَاء فَاجْلِدُوهُمْ ثَمَانِينَ جَلْدَةً وَلا تَقْبَلُوا لَهُمْ شَهَادَةً أَبَدًا وَأُولَئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ (4) إِلاَّ الَّذِينَ تَابُوا ﴾
«Абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандарды, егер олар төрт куәгер келтіре алмаса, сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер, өйткені олар, тәубе еткендерінен басқалары – бұзықтар (пасықтар)» («ән-Нур» сүресі, 4-5-аяттар).
ғ) мал-мүлік — сондықтан да өзгенің мал-мүлкін қақысыз иемденуге тыйым салынған. Дәл мал-мүлікті сақтау үшін де ұрының қолын шабу жазасы тағайындалған. Аллаһ Тағала былай деп айтады:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلاَّ أَن تَكُونَ تِجَارَةً عَن تَرَاضٍ مِّنكُمْ ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Өзара малдарыңды қақысысыз жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа» («ән-Ниса» сүресі, 29-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
وَلاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ وَتُدْلُواْ بِهَا إِلَى الْحُكَّامِ لِتَأْكُلُواْ فَرِيقًا مِّنْ أَمْوَالِ النَّاسِ بِالإِثْمِ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴾
«Өзара малдарыңды қақысыз жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра күнә жасап, адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін, соттарды пара беріп сатып алмаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 188-аят).
(Аллаһ) сондай-ақ (былай деп те айтты):
﴿ وَالسَّارِقُ وَالسَّارِقَةُ فَاقْطَعُواْ أَيْدِيَهُمَا جَزَاء بِمَا كَسَبَا نَكَالاً مِّنَ اللَّه ﴾
«Ер және әйел ұрының қылмыстары үшін қолдарын кесіңдер. Аллаһтан жаза осы» («әл-Мәида» сүресі, 38-аят).
2 — Пайданы қамту — Құран адам баласының алдына өмірдің барлық салаларында пайдаға қол жеткізудің есіктерін ашып береді. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلاةُ فَانتَشِرُوا فِي الأَرْضِ وَابْتَغُوا مِن فَضْلِ اللَّهِ ﴾
«Ал намаз аяқталған кезде, жер бетіне тарап, Аллаһтың мәрхаметінен несібе іздеңдер» («әл-Жуму‘а» сүресі, 10-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَن تَبْتَغُواْ فَضْلاً مِّن رَّبِّكُمْ ﴾
«Сендер Раббыларыңның мәрхаметінен несібе іздегендеріңде күнә жоқ» («әл-Бақара» сүресі, 198-аят).
Сондай-ақ былай деп те:
﴿ وَآخَرُونَ يَضْرِبُونَ فِي الأَرْضِ يَبْتَغُونَ مِن فَضْلِ اللَّه ﴾
«...Басқаларың Аллаһтың мәрхаметінен несібе іздеп, жер бетін кезесіңдер...» («әл-Муззаммил» сүресі, 20-аят). Игі (жомарт) шариғат адамдарға, олар пайдаға қол жеткізулері үшін, өзара (сауда, жалгерлік, серіктестік т.с.с.) қарым-қатынастар жасауға рұқсат етті.
3 — Мінез-құлықты көркейту — бұған Құранда да, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде де ынталандыру өте көп. Сондықтан да ‘Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы қандай болғандығы туралы сұрақ қойылғанда, ол: «Оның мінезі – Құран болатын», - деп жауап берді (Муслим, 746). Өйткені Құран өзіне ең көркем адамгершілік сипаттардың барлығын түгел қамтыған. Сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы:
﴿ وَإِنَّكَ لَعَلَى خُلُقٍ عَظِيمٍ ﴾
«Шын мәнінде, сен ұлы мінезге иесің», - деген («әл-Қаләм» сүресі, 4-аят).
Жиырма бесінші ереже:
«Өтіріктің таралуына және адамдардың өтірікті қабылдауына әкеп соғатын кейбір себептерді түсіндіру»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَقَالَ الَّذِينَ لاَ يَعْلَمُونَ لَوْلاَ يُكَلِّمُنَا اللَّهُ أَوْ تَأْتِيَنَا آيَةٌ كَذَلِكَ قَالَ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّثْلَ قَوْلِهِمْ تَشَابَهَتْ قُلُوبُهُمْ قَدْ بَيَّنَّا الآيَاتِ لِقَوْمٍ يُوقِنُونَ ﴾
“Білімсіздер: «Не үшін Аллаһ бізбен сөйлеспейді? Не үшін аят-белгілер бізге келмейді?», - дейді. Бұлардан бұрынғылар тура осындай сөздерді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында, нақ иланатын елге Біз аяттарды ашық баян етіп қойғанбыз!” («әл-Бақара» сүресі, 118-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ أَتَوَاصَوْا بِهِ بَلْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ ﴾
«Олар бұл жөнінде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым» («әз-Зәрийят» сүресі, 53-аят).
Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) өтіріктің таралуының себептері туралы былай деген: “«Бірінші себеп: өтірікті ойдан тоқитын адам оны әдемі сөздер арқылы ұсынады, оны көркем етіп сәндейді, шешендік пен көркем сөздерге орап-бүркейді. Ақыл-есі әлсіз болғандар осы өтірікті қабылдауға ұмтылады әрі оны өте әдемі етіп көреді. Олар осы сенімдерді өте тез қабылдап алады да, соларға еліктей бастайды. Әрі бұл әлдебір адамға сапасыз тауар ұсынғанда, ал адам осы тауардың шынайы болмысы туралы білмей алданытын жағдай сияқты. Бұл әдіске өтірік таратуды қалайтындардың барлығы жүгінеді. Әрі ешкім өтірікті сәндемей және оны надандарға ақиқат деп көрсетпей тарата алмайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Осылайша, Біз әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпандарды белгіледік. Олар бір-біріне әдемі алданыш сөздерін сыбырлайды. Егер Раббың қаласа, олар мұны істемес еді. Оларды өздерінің ойдан шығарған нәрселерімен бірге қойып қой» («әл-Әнғам» сүресі, 112-аят). Аллаһ Тағала өтірік таратушылардың өз сөздерін сәндейтіндерін, ал ақылы әлсіз надандар (оларға) алданатынын атап айтты. Бұл надандар осы өтірікті тыңдай бастайды да, оған иланады және разы болады. Өйткені бұл өтірік тыңдарман оған алданатындай әдемі етіп бүркелген. Осы аят туралы ой тоқтатшы, өйткені ол өзіне ұлы мағынаны қамтыған! Онда өтіріктің нағыз негізі түсіндірілген. Аят қауіптенуге тиіс нәрсеге назар бұрады. Әрі егер сен өтіріктің жолын қуушылардың сөздеріне қарасаң, онда олардың түсінігі жоқ адамдардың арасында (ал адамдардың көбі дәл осындай) жылдам тарайтынын көресің. Әрі жағдай бұзақы-пасықтар бұзықтықтың ең үлкен түрлерін тыңдарман тіпті оларға жиіркеніш сезінбейтіндей әрі кейін соларға иілетіндей атаулармен атауына дейін жетті.
Екінші себеп: өтірікті таратушы адам адамдардың жүректерін ақиқаттан кері бұрып, оны келемеждеп-кемсітіп көрсете бастайды. Ол ақиқат үшін адамдарды одан барынша алыстата алатын ең жексұрын атауларды таңдап алады. Барлық бидғатшылар мен адасушылар дәл осылай істейді. Басым жағдайда олар осындай жолмен адамдарды ақиқаттан бет бұрғызады және өтірікке шықарады. Сондықтан да олар әһлю-с-Суннаға хашәуилер, насыбилер, мужәсима, мушәбиха деген сияқты басқа да аттарды тағып қойды.
Үшінші себеп: Бидғатшы өзінің өтірігін надандардың жүрегіне тәтті ету үшін, өз түсінігі мен бидғатын міндетті түрде ұлы адамдардың біріне теліп (жапсырып) қояды. Адамдар сондай – олар ұлы адамдардың сөздерін ұлықтайды, оларды шын көңілмен қабылдайды әрі оларға иланады. Айтушының дәрежесі олардың жүрегінде қаншалықты жоғары болса, олар оның сөздерін де соншалықты құптап қабылдайды. Олар осы адамның сөздерін Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен де жоғары қоюға дейін жетіп жатады. Олар: «Бұл адамдар Аллаһ пен Оның Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізден көбірек біледі», - дейді.
Егер сен осы себеп туралы ойланатын болсаң, онда ол адам жанының (нәпсілердің) басым бөлігін жеңетінін көресің. Адамдар Аллаһтан келген дәлелдері болмастан, дәйектерге ие болмай, осы сөздерді айтқан біреу туралы өзінің жақсы пікіріне ғана сүйенеді. Олар мұны елшілердің дініне өз ата-бабаларының дінін қарсы қойғандардан мирас етіп алған. Ол адамдар өздерінің ата-бабалары туралы жақсы ойда болатын, оларды ұлықтайтын, сондықтан да солардың сөздерін елшілер алып келген (ақиқаттан) жоғары қойды. Олардың жүректерінде ата-бабаларының орны жоғары болғаны соншалықты – олар соларға қарсы шыға алмайтын, әрі ата-бабаларын кәпір және адасқан деп айта алмайтын. Әрбір соқыр ілесушінің өзі ұлықтайтын кісісіне қатысты жағдайы осындай, әрі Қиямет Күніне дейін осылай болмақ.
Төртінші себеп: қандай да бір салада, қандай да бір жеке бір ғылымда көрнекті болған бір кісі жалған түсінікті қабылдап алуы мүмкін. Адамдар арасында сөздері мен мәртебесі кең танылған, белгілі бір салада көрнекті болған бұл адам әлдебір бидғатты қабылдап алады. Кейін надандар осыны есітіп және ол туралы жақсы ойлап, егер ол осы бидғатты қабылдап, оны өзінің мәзһабы етіп алған болса, онда олар өздерін де осылай істеуге тиіс деп есептейді. Олар өздері үшін ол құп көрген нәрсені құп көреді. Олар: «Егер ол өзінің талантының арқасында өз саласында сондай үлкен жетістіктерге қол жеткізген болса, онда бұл талант оған дұрыс сенімдерді таңдауға да септігін тигізеді», - деп жатады.
Бұл көптеген қауымдардың опат болуына себеп болған қасірет, әрі олардың саны қанша болғанын бір Аллаһ қана біледі. Мысалы, надан адамдар математика мен медицинада жетістікке қол жеткізген, өз ақылын пайдаланып осы ғылымдарда ерекше биіктерге көтерілген пәлсапашыларды көріп жатады. Бұл надандар олар туралы: «Егер олар осы ғылымдарда осындай биіктіктерге жеткен болса, онда діни білімдерде де тура осылай болмақ. Олардың діндегі мәртебесі де математикадағы және медицинадағы мәртебесіндей жоғары», - дейді.
Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ! Бұл қасірет қаншама қауымдарды опат етті! Ол қаншама елдерді қиратты! Қаншама игіліктерден жұрдай етті! Қаншама қайғы-қасіреттер әкелді! Қаншама адамдарды елшілерді өтірікшілер деп айтуға мәжбүрледі! Бірақ бұл адасқандар Аллаһ Тағала дінде мүлде надан болған адамға басқа бір таң қаларлық ғылымдарда түсінік беруі мүмкін екенін білмейді. Сондықтан тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де: «Сендер өздеріңнің дүниелік істерің туралы менен жақсырақ білесіңдер», - деген екен (Муслим, 2363). Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шындықты айтты! Расында, математика, геометрия, музыка ғылымдары, жағрафия, суды өлшеу ғылымы, құбырлар жүргізу туралы ғылым, құрылыс, егіншілік, дәрігерлік, поэзия – осы ғылымдарды білетін адам бұл нәрселерде өте шебер болуы мүмкін. Бірақ Аллаһ, Оның періштелері, Оның Кітаптары, Оның пайғамбарлары, Қиямет Күні және осының барлығының егжей-тегжейліктері туралы білімге қатысты айтар болсақ, онда ол елшілерде! Аллаһ Тағала былай деді: «Бұл Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді. Олар дүние тіршілігі туралы тек айқын нәрсені ғана біледі әрі Ақыреттен қаперсіз» («әр-Рум» сүресі, 6-7 аяттар).
Кейібір мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары былай дейтін: «Дүниелік ғылымдарды жетік үйренгені соншалық – дирхамды тырнағымен үйкеп, оның салмағын бірден айта алатын, бірақ өз діні туралы еш нәрсе айта алмайтын адамдар бар!» Аллаһ Тағала бұл адамдардың білімі туралы былай деді: «Өйткені оларға елшілері айқын аят-мұғжизалармен келгенде, олар өздеріндегі білімге мардымсынды да, келемеждеген нәрселері бастарына жетті» («әл-Ғафир» сүресі, 83-аят). Аллаһ Тағала пенделерін ақылдары жететін нәрселері бойынша бір-бірінен ерекшеленетіндей етті. Ақыл адамға ол өзін соған бағыштаған белгілі бір салада пайда беруі мүмкін, бірақ ол айналысатын нәрседен едәуір жеңілірек болған басқа салаларда пайда бермеуі де мүмкін. Адамға өз-өзін соған бағыштаған салада басқа салада берілмеген сондай бір ынта мен талант берілуі мүмкін. Біз адамның бір ғылымның қыр-сырына дейін білетінін, бірақ басқа ғылымдағы қарапайым нәрселерді білмейтінін жиі көріп жатамыз. Ендеше, ақылмен жетуге болмайтын пайғамбарлардың білімі туралы не айтуға болмақ? Бұл білімді өз бетімен (дербес түрде) игеру мүмкін емес, десе де ақыл бұл білімді (игеру) мүмкін емес деп санамайды. Керісінше, адам осы білімді алған кезде, ақыл оның ақиқат екендігімен келіседі, әрі оны қабылдауға ұмтылады. Адамдар игере алатын білім мен олар игере алмайтын білімнің арақатынасы сәбидің білімі мен ересек адамдардың білімінің арақатынасы сияқты.
Бесінші себеп: өтірікті таратушылар адамдардың көңілін сирек кездесетін күрделі мәселелермен аулайды, ал ақылдың (болмысы) сондай – ол әдеттегіден тыс ерекше бір нәрсені түсінген кезде, содан ләззат алады. Мұндай ақыл тіпті кездестіруді армандамаған жабайы аңды атып алған аңшы сияқты. (Адам) жанының (нәпсісінің) кейіпі, міне, осындай! Олар ерекше мәселелерді қызық көріп, соларға елігеді, ал содан соң соларға қарай илана түседі. Егер белгілі бір білім көп болса әрі оған әрбір кісі (бай да, кедей де) қол жеткізе алса, онда жанның (нәпсінің) оған деген (құштарлығы) суиды, тіпті ол білім ол үшін пайдалы әрі жақсырақ болса да. Алайда мұндай білім көп, әрі оларға ие болғандардың саны да көп, ал жан (нәпсі) сол арқылы өзгелерден ерекшелене алатын бір нәрсені қалайды. Кейін осы ерсі теориялар мен ғылымдарға адамдардың құлақтарына өтірік таратушылар тастайтын әртүрлі күрделі атаулар қосылады. Адамдардың жандары (нәпсілері) осы ерсі ғылымдарды оқып үйренуге ұмтылады да, олардың мән-мағыналарын ұғынуға талпыныс жасайды. Әрі осы ғылымдар Аллаһ пен Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген нәрсеге деген иман туралы білімге ие болмаған біреудің жүрегіне кездессе, олар оны билеп алады. Әрі бұл туралы: «Аллаһпен ант етемін, егер әуестік соған ғашық болған адамға сіңіп үлгерген болса, онда адамдардың оған көмектесуі өте қиын болады», - деп айтылғандай, мұндай жүректі құтқару діни дәрігерлерге өте қиынға соғады. Осындай ерсі нәрселерге деген құштарлықтың себебінен адамдар соларды талқылай бастайды, таң қаларлық жаратылыстарды, жұмбақтарды, бас қатырғыштарды талқылай бастайды, тіпті қарапайым нәрселер олар үшін бұдан пайдалырақ болса да.
Алтыншы себеп: өтіріктің жақтаушылары өз өтіріктерін ұсынудан бұрын міндетті түрде осы өтіріктің алғышарттарын тарату арқылы өздеріне қажетті негіз әзірлейді. Бұл адамның алдымен жерге қазықтар қағып шығып, содан соң ғана шатыр тігетіні сияқты.
Олар Құран мен Сүннетті олардың айқын (анық) мағынасына сәйкес түсінетін адамдарды сөгеді, олардың намысын қорлайды, надан деп атайды т.с.с.
Олар: «Құран мен Сүннеттің дәлелдері білім мен мығым сенім бермейді, әрі білім мен мығым сенімге тек ақылдың дәлелдері мен логика ережелері арқылы ғана қол жеткізіледі», - деп айтады.
Олар: «Егер ақыл шариғи мәтіндерге қайшы келсе, онда ақылға басымдық беріледі», - дейді.
Бұл олардың өтірікті тарату үшін негіз ретінде салатын бастапқы принциптері” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 2/451 және әрі қарай).
Жиырма алтыншы ереже:
Достарыңызбен бөлісу: |