АҚША, несие, банктер



бет18/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валю-талық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық кызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валю-талық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:



  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорт-

тарында елдердің билік ету позициясы;

  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік

мекемелердің дамыған торабы;

  • басқа елдерде оған деген сүранысты қамтамасыз ете-

тін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін ай-

налымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлтгық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлтгық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық пари-тет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық кауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

376 Ақша, несие, банктер

Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданы- лады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін, валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына бай-

ланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсия-ланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

- "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халық-

аралық есеп айырысуларда және валюталық

нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен

қолданылатын;



  • валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған

елдердің валюталары;

- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің

конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізівде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валюта-мен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жеке-леген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипат-

Халықаралық валюталық қатынастар 377

тайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің эле-менті болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валю-талық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-да-ғы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережеле-рінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынта-ландыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасы-ның және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.



Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың ша-руашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валюта -лық шектеу енгізілді.

378 Ақша, несие, банктер

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты кұрылды.



Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңцерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Брет-тон-Вудстағы (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары

және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық ал-

тын девиздік стандарттың жүйесі белгіленді. Бүл жер-

де алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда

сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік

ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралык есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

- валюталық саясат және валюталық шектеу халықа-

ралық келісім-шарттарға бағынды;



  • валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долла-

рымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Ха-

лыкаралық валюталық қордың рүқсатымен іске асты;



  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді (±0,75% -

паритеттен ауытқуға болады).

60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік ва-люталық жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:



  • СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық

стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйе-

сіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды

(валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі - 40%,

ресми валюталық резервтерде - 60%-ға жуық). Бірақ

Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге

валюталық паритеттерін кез келген валютада бел-

гілеуге құқық берілді, соның негінде көп валюталы

стандартқа өту зандастырылды;

- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым

салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тас-

талып, доллардын алтынға айырбасталуы тоқтатылды;


  • валюталық бағамдар режимін тандауға құқық берілді

(1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар

жүйесі енгізілді);



  • ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталык жүйенің дағдарысқа

ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыс-тыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру, ал-ғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдык біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені кұру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономи-калық қауымдастык елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақса-тында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарынын айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта

380 Ақша, несие, банктер

бірлігіне негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық құнының есебі 2-кестеде берілген.

Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері байынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін +-6% және басқа жағдайларда +- 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.

2-кесте

ЭКЮ-дің нарықтық құны

 

 



Ескерту:


USD/DM - 1,6798, ЕСU/DМ бағамының есебі:

1,216364 • 1,6798 =2,04325.



Халықаралық валюталық қатынастар 381

Одақты қүрудың мақсаты - ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның щекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағы-на кіру критерийлері анықталды:

- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің

орташа инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;

- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;


және девальвациялануға ұшырамауы тиіс,

  • ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің

орташа деңгейінің 2%-нан аспауға тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық опера-цияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.



Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

382 Ақша, несие, банктер



Халықаралық валюталық қатынастар 383


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет