АҚША, несие, банктер


§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ШАРТТАРЫ



бет21/22
Дата25.12.2016
өлшемі7,54 Mb.
#5256
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
§2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ШАРТТАРЫ

Халықаралық несиенің шарттары әр түрлі көрсеткіш-тердің күрделі кешенін білдіреді. Халықаралық несиенің шарттарына мыналар ықпал етеді: несиелік ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субьектілерінің сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың интернационалдану дәрежесі және олардың ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы. Дегенмен негізгі көрсеткішке: “баға”, есеп айырысу мерзімі және валютасы жатады.

Несиенің “бағасына” несиеге сатылатын тауарлар баға-сында жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комис-сиондық және басқа да бір мезгілдік ақылар, сыйақылар кі-реді. “Бағаның” негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерле-месі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі зандылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашы-лық коньюнктураларының өзгерісін піұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды.

Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік несие-лік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы үнемі өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан артыл-ған және несиелік жүйелермен жинақталған халықаралық қарыздық капиталдардың өсуі, халықаралық сауда және батыс елдерінің арасындағы телем есеп айырысу қатынасы-ның ұлғаюынан асып отыр.

Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында да болған, бірақ ол уақытта тұрақты сипатқа ие болмады.

Халықаралық несие нарығының жекелеген сфераларын-дағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді. Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға “өзгермелі” бағам режимі жағдайындағы валюта-лық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді. Осының барлығы халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз мөлшерлемесіңің күрделі және ауқым-

Халықаралық 429

ды жүйесін жасайды. Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше процестермен анықталатын икемділігі күшейеді. Қарыз-дық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарында анық байқалады. Қысқа мерзімді займдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне қарай ажыратылады. Олардың икемділігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті бейнеленген. Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды. Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшер-лемелер ұзақ мерзімдіден асып түседі, ол әрине, өтімді ресурстарға деген сұраныстың бірден өсуімен байланысты больш келеді.

Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің біршама икем-ділігі, қысқа мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, әсіресе халықаралық нарықтардың агенттердің мінез құлқында алыпсатарлық және сақтандыру қажеттіліктерінің болуымен байланысты түсіндіріледі. Мұнда қысқа мерзімді несие ақша айналысын, төлем балансын және валюталық бағамдарды реттеуде белсен-ді түрде пайдаланылады.

Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлеме-лерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлеме-лерінің қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру қызығу-шылық тудырады.

Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қоз-ғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несиенің бағасының қалып-тасуына дүниежүзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан, сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын фактор-лар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесі-нің маңызды аспектілері, атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, тәуекелден сақтану тәртібі мен шарттары және т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие на-

430 Ақша, несие, банктер

рығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құры-лымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.

Коммерциялық несиелерге байланысты фирмалық несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің біршама ауытқуы тән. Фирмалық несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің жоғары шегі қымбат тұратын машиналар мен құрал-жабдықтардың экспортына байланысты 10%-дан көп аспайды, ал төменгісі нольге тең болуы мүмкін. Бірақ бұл несиенің тегін берілуін білдірмейді, себебі фирмалық несие бойынша номиналдық пайыз шамасы тауар бағасымен тығыз байланысты келеді.

Басқаша айтқанда, пайыз жартылай немесе толығымен контрактілік бағаға қосылады. Несиенің “бағасының” мұндай қайта бөлінуінің мәні, бір жағынан, экспортердің импортер үшін несиенің жағдайын тиімді жасай отырып қанағаттандыру арқылы мәмілені тартымды етсе, екінші жағынан салық салынуға тиісті табыс мөлшерін жасанды түрде төмендету жолымен пайданы ұлғайтуға ұмтылысын сипаттайды.

Соған сәйкес фирмалық несие бойынша пайыз деңгейі сол несие түрінің “құнын” құруға негіз болатын көрсеткіш болып табылмайды.

Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қор-лардағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несиелер бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси фактор-ларға байланысты анықталады. Батыс елдер бюджет есебінен “арзан” несиелер беруді жеке инвестициялар мен тауарлар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және соның нәтижесіне сыртқы экономикалық экспансияға тиімді жағдай жасайды.

Еуровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - "либор" мөлшер-лемесі, ол нарық коньюнктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағымдағы өтімділік жағдайын көрсетеді.



Халықаралық ... 431

Коммерциялық несие нарығына қарағанда, халықаралық қаржы нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің қозғалысына сұраныс пен ұсыныс деңгейі көбірек әсер етеді. Қазіргі кезде орта және үзақ мерзімді займдарға деген сұраныстың өсуі байқалуда, сондықтан олар бойынша пайыз мөлшері біршама жоғары қарай өсуде. Мұнда, мемлекеттік институттар басты қарыз алушылар ретінде болады. Бұл әрине, әлемнің артта қалған елдерінің дамуына қажетті шығындардың өсуімен, сыртқы қарыз мәселелерінің өріс алуымен байланысты. Енді осы несиелердің ұсынысына келетін болсақ, онда бұл жерде оған деген, яғни халық-аралық нарықтағы қарыздық капиталдардың қайта жинақ-талуымен анықталған ұсыныстың өсуі үнемі байқалуда.

Халықаралық несиенің “бағадан” басқа көрсеткішіне оның мерзімі жатады. Мерзімдеріне байланысты несиелер қысқа мерзімді, орта мерзімді және үзақ мерзімді болып бөлінеді.

Шаруашылық субьектілерді айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді несие беріледі, сон-дықтан да ол біршама өтімді болып табылады. Батыс ел-дерінің сыртқы саудасында болатын акцепт, вексель, ашық шот бойынша сату формасында қысқа мерзімді несиелер пайдаланылады. Коммерциялық мақсатқа пайдаланылумен қатар, қысқа мерзімді несие капитал қызметінің қозғалы-сына қатысы жоқ халықаралық төлем айналымының әр түрлі кажеттіліктеріне қызмет етеді. Несиенің бұл бөлігі қысқа мерзімді несиелеу жүйесінде біршама сезімтал элементті білдіреді.

Қысқа мерзімдіге қарағанда ұзақ мерзімді несие инвести-циялар мен негізгі қорларға жүмсалады. Қазіргі кезде кең ауқымды инвестициялар халықаралық ұзақ мерзімді несие есебінен жабылады. Бұл жерде машиналар мен құрал-жаб-дықтар экспортын (олардың 80%-ы несие есебінен жүзеге асырылады), дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың жаңа формаларын (обьектілерді бірлесіп құру және бірлесіп ірі ауқымды жобаларды игеру), ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жаңа техникаларды енгізу барысын және т.б. несиелеудің маңызы зор. Халықаралық ұзақ мерзімді несиелеудің ролін арттыру ұзақ мерзімді несиелер көлемін ұлғайтудан, сондай-ақ орта мерзімді несиелердің барлық

432 Ақша, несие, банктер

түрлерінің мерзімдерін ұзартудан көрінеді.

Дегенмен де халықаралық несиелердің негізгі бөлігін әдеттегідей қысқа мерзімді мәмілелер құрайды. Мысалы, 1 жылға дейінгі несие шартында нақты ақшамен төлеу, жалпы дүниежүзілік экспорттың 9/10 бөлігінде жүзеге асы-рылады. Еуронарықтарында да сондай қысқа мерзімді несиелердің үлесі басым. Несиенің әр түріне жасалған талдаудан олардың мерзімдерінің өзара байланысты факторларменен анықталатыны белгілі. Бұл бәрінен бұрын несиенің мақсатты тағайындалуы болып табылады. Айталық, шикізат сатып алу барысында 1 жылға дейінгі мерзімде қысқа мерзімдік несиеге сұраныс болса, ал күрделі құрал-жабдықтарды, машиналар мен кемелерді жабдық-тауда мемлекеттің кепілдігімен 5-8 жылға орта мерзімді несиелер, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жұмса-лымды қаржыландыруда 10 жылдан жоғары мерзімге ұзақ мерзімді несиелер пайдаланылады. Мемлекеттің және оның органдарының несие беруге қатысуы, ол несиені ұзақ мерзімге алуға мүмкіндік береді.

Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несиенің мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты, қан-шалықты контракт ірі сомаға жасалса, солғұрлым несие ұзақ мерзімге берілуі мүмкін. Коммерциялық несиелердің мерзіміне сатып алушылардың және сатушының еліндегі экспорттық несиелеуді реттейтін ұлттық заңдылықтар, несиелеу тәжірибелері, осы облыста әрекет ететін халықаралық келісімдер ықпал етеді.

Бірқатар факторлар жиынтығына тәуелді болатын несие-нің мерзімі, оның берілу шартына ең алдымен пайыз мөл-шерлемесіне әсер етеді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері арасында өзара тығыз байланыс болады.

Несиенің мерзімі, сондай-ақ несие беруші жақтан, оның пайдалануына жасалатын бақылау дәрежесін анықтайды. Орта мерзімді несиелер шарты ретінде банктер консор-циумы оларды пайдалану туралы белгілі бір ақпараттарды талап етуі мүмкін. Ұзақ мерзімді несиеде несие беруші қаражаттың жұмсалуы мен қарыздын; қайтарылуына толық бақылау жасайды.

Халықаралық ... 433

Несие мерзімі, пайыз мөлшерлемесі сияқгы экспорттық және қаржылық несиелерді беру құралы болып табылады. Мысалы, кейбір банктер өздерінің операциялар ауқымын кеңейту мақсатында үзақ мерзімді несиелерді береді. Әсіресе бұл мемлекет өзіне тәуекелді алатын экспорттық несиелерге, сондай-ақ орта мерзімді еуровалюталық несиелерге де қатысты.

Несиені берудің маңызды шарты несиенің валютасы болып табылады. Несиенің валютасын анықтау ұлттық валюталардың бағамдарының тұрақсыздығына байланысты оларды қамтамасыз етуде өте маңызды. Халықаралық несие карыз алушы елдің ұлттық валютасында, несие беруші елдің валютасында немесе үшінші бір елдің валютасында беріледі. Есеп айырысу бірліктерінде несие беруде маңызды орын алады.

Тұрақты валюталардағы несиелер “баға” төмен болған-мен де несие берушілер қарызды сондай валютада баргенді қалайды, себебі бұл жерде олар қарыздың қайтарылуында ұтысқа шығады. Несиенің валютасын анықтауда біршама қалыптасқан есеп айырысу тәжірибелерінің де маңызы зор. Мысалы, мұнайды саудалағанда есеп айырысу валютасы ре-тінде АҚШ долларын пайдаланады. Сондықтан оның бағамы уақыт өте келе жоғарылай түскеніне қарамай, мұнайды импортқа алатын елдер осы валютаны қарызға алуға тырысады.

Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында несиенің валютасының маңызы арта түседі. Сондықтан валюта баға-мының динамикасы, қарыз алушылардың орта мерзімді не-сиені не ұзақ мерзімді несиені алу үшін нарықты тандауда шешуші роль ойнайды.

§3. ТӨЛЕМ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ӘДІСТЕРІ

Халықаралық экономикалық қатынастардағы барлық опе-рациялар мынадай қосымша тәуекелдермен байланысты:

- шетелдік сатып алушылардың тауарды



тасымалдау барысындағы уақыт тәуекелі. Егер

сатып алушы тауарды алғанға дейін төлемесе, онда

ақшасын күткен жабдықтаушы үшін, төлейтін уақыт,

ұзақ мерзімге созылуы мүмкін;



  • басқа елдің заңын, ережелері мен дәстүрін жете біл-меуі. Шынында да экспортер шетелдік клиенттің биз-

434 Ақша, несие, банктер

нес дәстүрі мен әдіс-тесілін толық түсінбейтіндігін

мойындап, одан келісім-шартқа сай төлемді уақытында

алатынына сенімсіз болуы мүмкін;



  • өз еліңде экспорттық және импорттық сауданы

шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекеті. Басқаша

айтқанда, экспортердың шетелдік сатып алушысының

төлемінің кешігуіне немесе тыйым салуына әкеліп

соғатын, валюталық реттеуге байланысты қаулы

енгізілуі мүмкін;


  • валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы. Экс-

портер, яғни шетелдік сатып алушыға шетел валюта-

сындағы шот-фактурасын беруші валюталардың ара-

сындағы айырбас бағамына қатысты өзгеріске байла-

нысты көзге көрінбейтін зиян шегу мүмкін.

Халықаралық саудадағы төлемдердің әр түрлі әдістері жоғарыдағы аталған тәуекелдерді есепке ала отырып қарас-тырылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, экспорттық тауар-ларды төлеу барысында үкіметтің қолданылатын тәуекелде-рінен сақтануға болады.

Халықаралық саудада сатып алушы мен сатушы арасын-да келісілген төлем әдістері мен осы төлемдерді іске асыра-тын есеп айырысу әдісінің құралдарын ажыратуы тиіс.

Экспортер мен импортер сауда контрактісін жасау бары-сында төлемнің орны мен есеп айырысу әдістерін келісуі қажет. Ондай төлем әдістеріне мыналар жатады:

- аванстық төлем;

- қайтарылмайтын аккредитив;

- тауарды тиеген соң төлеу;

- құжатты инкасса;

- ашық шот бойынша сауда.

Пайдалынатын төлем әдісі сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім-шартқа және елдердің арасындағы банктік келісімдерге байланысты болып келеді.

Есеп айырысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексель-дер, банктік тратталар; пошталық төлем тапсырмалары; телеграфтық, телекстік төлем тапсырмалары; инструк-циялар; СВИФТ жүйесі; халықаралық ақшалай төлемдер қолданылады.



Халықаралық…… 435

Дегенмен төлемдердің шетел валютасындағы банкно-талар, жол чектері көмегімен орындалмайтындығын айта кеткен жөн.

Экспортер экспортық сауданы қаржыландыру үшін банк-тің көмегін пайдаланады. Несиені экспортерге тауарын жө-нелткеннен соң, оған шетелдік сатып алушыдан ақша келіп түскенге дейінгі аралықта пайдалануға береді. Экспортерді қаржыландырған ісүннің өзінде сатып алушы тауар үшін жоғарыда айтылған есеп айырысу әдісінің бірін пайдалана отырып төлеуге тиісті.

Төлем әдісін қарастырғанда тауарды жөнелту құжаттары ерекше роль атқарады. Ол құжаттарға мыналар жатады: шот-фактура, сақтандыру туралы уақытша куәлік, сақтандыру сертификаттары немесе полисі, коносамент немесе көлік тасымалдау құжаттары. Мұндағы коносамент - тасьшалдауға қабылдаған тауарлар үшін кеме иесінің атынан берілген қол хатты; тауарды көзделген орынға сол қалпында жеткізуге байланысты міндеттемесін, меншік етуге арналған құжатты білдіреді. Тек коносаментті ұстаушы ғана көлік компаниясына тауарды көзделген жерге жеткізуді талап ете алады.

Бұл жерде экспортқа шығарылатын тауарларға деген заңды құқық экспортерден шетелдік сатып алушыға тиісті құжат арқылы өтетіндігін есте сақтау керек. Мұндай келісім халықаралық саудада әр түрлі әдістерді салыстыруда маңызды.

Экспортер үшін біршама сенімді төлем әдісі - бүл тауарды тиеуден бұрын аванс түрінде толық төлемді алу. Мұндай кезде экспортер шетелдік сатып алушының тауары үшін төлеуден бас тарту тәуекелінен аулақ болады. Аванстық төлем сатып алушыға ешқандай да несиені бермей, өзі бұл сауданы несиелеу кезінде қаржыландыруға, сондай-ақ экспорттың сауда үшін ақша қаражатын айналым капита-лына салуға да тиіс емес.

Бірақ бұл жерде экспортер ақшалай қаражаттың тиеуді жүзеге асырғанға дейін төленетіндігіне сенімді болуға тиіс. Бұл жағдайда чек, тратта немесе төлем тапсырмаларының экспортердің елінен тыс жерде төленуінен қауыптену керек. Мұндай жағдайда экспортер банкке чектің (регрессінің) бо-луын талап етеді, бұл дегеніміз, егерде шетелдік сатып алушы бұл чекті төлеуден бас тартатын болса

436 Ақша, несие, банктер

немесе ақшалай қаражатының жеткіліксіздігінен төлей алмаса, банк оны экспортердің төлеуіне береді.

Аванстық төлем экспортер үшін біршама кауіпсіз, бірақ оның сатып алушы үшін кемшілігіне экспортердің тауар-ларды толық түрде жеткізуінің қауіптілігі жатады. Аванс-тық төлемнің жүзеге асырылуы импортер үшін тиісті тапсырысқа сай тауарлардың экспортердың жеткізетініне сенімділігін және үміттілігін білдіреді. Егер экспортер контрактідегі өзінің міндеттемесін орындамаса, онда импортер оның еліндегі сот арқылы занды түрде әрекет етеді.

Сатып алушы аванстық төлемді мына жағдайда толық жүзеге асырады, егер: валюталық реттеу қаулысына байла-нысты сатып алушы елінде 100% аванстық төлемді жасауға рұқсат етілсе; сатушы да, сатып алушы да олардың елдерін-дегі үкіметтің осы тауарлардың импорты мен экспортына шек қоймайтындығына күмәнсіз болса; аванстық төлемді жүзеге асыру үшін сатып алушының жеткілікті мөлшерде өтімді қаражаты болса; тауар құны бизнес ауқымына қара-ғанда аз болып, бұл аванстық төлем сатып алушыға тәуекел әкелмесе.

Экспортер үшін ең сенімді есеп айырысу әдісіне қай-тарылмайтын аккредитив жатады. Егер ол экспортер банкпен немесе экспортер еліндегі бірінші класты банкпен расталған болса, онда экспортер үшін тәуекел төмендейді. Қайтарылатын аккредитив экспортер үшін ешқандай да кепілдеме бермейді және олардан қашқан дұрыс.

Халықаралық есеп айырысу несиелік қатынастарда есеп айырысудың әр түрлі әдістері қолданылады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе чекті қолдану есеп айырысудың әдісін бәсеңдетеді, яғни төлемді алушы чектің трассант банкке келуін күтуге тиіс. Мұнда экспортер өзінің банкісіне бұл төлемді инкассалауға тапсырма береді.

Егер шетелдік сатып алушы экспортерге чек жазып бер-ген болса, онда инкассалау процедурасы келесідей болады: сатып алушы экспортерге чекті пошта арқылы жібереді; экспортер бүл чекті өзінің банкіне береді; бұл банк оны сатып алушының еліндегі сатып алушының банкіне жібереді,ол содан соң чектегі соманы төлеп, экспортер банкіне ауларады; ал экспортер банкі оны экспортерге төлейді.



Халықаралық….. 437

Егер шетелдік сатып алушы чекті доллармен жазатын болса, онда ол алдын ала. өз банкінен оның шотындағы соған сәйкес соманы жергілікті валютада төлеуіне келіседі. Егер чек, сатып алушының елінің валютасында жазылса және банкте экспортердің ондай валютада шетел валюталық банктің шоты болса, онда ол чектің сомасында өзінің шоты-ның кредиттелгенін қалайды, керісінше жағдайда, ол өзінің банкісіндегі чектегі соманы долларға айырбастауына тапсырма береді. Егер импортер шетелдік жабдықтаушыға чек бойынша төлеп жіберсе, онда көбіне керісінше жағдай-дағы көрсетілгендей процедура жүзеге асады.

Шетелдік төлемдерді өңдеу барысындағы банктердің ең басты мәселесі олардың клиенттерінің стерлингтік чектерді пайдалануы, яғни төлемді орындау үшін чекті шетелге жіберумен байланысты. Банк ақырғы нәтижеде ішкі вексельді алып, оны СВИФТ жүйесі пошта не телеграф арқылы жіберіп бұл чек бойынша төлемді аяқтауға кіріседі.

Чек кез келген валютада жазылып беріледі. Сатып алушы үшін чектің сомасы өте көп болмайды. Бұл чек арқылы төлемнің басты артықшылығын сипаттайды. Мұндағы ең басты қолайсыздық, бұл чек бойынша төлем инкассалану мерзімінің ұзақтығына байланысты. Чек сатып алушының елінде төленетіндіктен де, экспортер ақшаның өзінің банкі арқылы шетелден инкассиалағанын тосады.

Ал аудармалы вексель бойынша төлем халықаралық сау-дада есеп айырысудың жалпыға ортақ әдісін білдіреді.

Банк траттасы арқылы жасалған төлем банкі өзінің бір банктік шотының есебінен жазылған чекті білдіреді. Мыса-лы, сол елдің банктік траттасын жазады да, онда оның ше-телдегі банк-корреспонденті шотына төлеу туралы тапсыр-масы көрсетіледі.

Банк траттасы арқылы шетелдік жабдықтаушының қа-рызын төлеу келесі түрде жүргізіледі: мысалы, егер британ фирмасы франциядағы жабдықтаушыға франк пен банктік тратта арқылы төлегісі келсе, онда өзінің британдық банкі-сіне сондай траттаның берілуіне жазбаша талабын береді. Бұл талапта клиент банкке оның атынан "спот" бағамы

438 Ақша, несие, банктер

бойынша франкіні сатып алып, оның шотын дебеттеуін көрсетеді. Егер клиенттің өзінің британдық банкіде француз валютасында банктік шоты бар болса, ол траттаның осы валюталық шотты дебеттеу арқылы берілуін сұрайды.

Британ банкі клиенттің шотын дебеттейді және траттаны клиентіне береді, клиент ол траттаны Франциядағы жаб-дықтаушысына жібереді. Тратта Британ банкінің Фран-циядағы банк-корреспондентіндегі шотқа жазылады. Бұл шот франкте жүргізіледі. Британ банкі француз банкіне сол траттаны бергендігі туралы хабарлап, одан француз сол жабдықтаушы траттаны берген кезде британ банкіндегі өзінің шотын дебеттеуін сұрайды. Бұл сұраным авиапош-тамен хат түрінде жіберіледі. Нәтижесінде француз жаб-дықтаушы француз банкіне траттаны телеуге береді, ал банк төлемді орындаған соң британ банкінің (франкідегі) шотын дебеттейді.

Жоғарыда айтылғандар шетел валютасындағы траттаны төлеуге қатысты. Сонымен бірге фунт стерлингте төлеуі ту-ралы үкімді қамтитын банктік траттада жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда шетелдік жабдықтаушы сол траттаны Фран-циядағы өз банкіне бере отырып ондағы төлемді инкас-салауды сұрайды.

Банктік тратта кең пайдаланылады, алайда бұл төлемнің бәсендеу әдісін сипаттайды, сондықтан оны, егер төлемді тез арада төлеу керек болған жағдайда пайдаланбайды.

Банктік траттаның басты артықшылығы, мұнда экспортер өзіне тиісті төлем сомасын алуға тікелей мүмкіндік алады. Егер ол тратта аванстық төлем үшін жазылған болса, онда оны экспортер өзінің тауарын шетелге шығарудан бұрын алуды күтеді, оның келуі тауардың тез арада жөнелтуін жеделдетеді.

Пошталық аударым (пошталық төлем тапсырмасы)бір банктің екінші (шетелдік) банкке жіберілген, яғни онда көр-сетілген соманы бенефициарға төлеу туралы жазбаша төлем тапсырмасын білдіреді.

Пошталық аударым банктен әуепошта арқылы шетелдік банкке жіберіледі. Банктік траттадағы жағдай сияқты шетел банкінде аударымды жіберушінің атындағы шотта ақша болуға тиіс, сол шоттан бенефициарға қаражат төленеді. Банктік траттадан пошталық аударымның айырма-шылығы, мұнда банк клиентінің шетелдік

Халықаралық ... 439

жабдықтаушыға емес, банктің басқа банкке аударым жасауымен байланысты сипатталады. Қаншалықты пошталық аударым әуепошта арқылы жіберілсе, ол сон-шалықты банктік траттаға қарағанда есеп айырысыу әдісінің тездігін білдіреді. Бірақ оның кешігуі немесе жоғалуы әркез болып қалуы мүмкін.

Телеграфтық аударым: пошталық аударым сияқты проце-дураны қарастырады, төлем тапсырмаларын қарастыра оты-рып, ол әуепоштамен емес, телеграф немесе телекс арқылы жіберіледі. Сондықтан да телеграфтық аударымдар клиент үшін біршама қымбат болғанымен, бірақ олар төлемді жыл-дамдатады.

Ірі сомадағы төлем телеграфтық аударымдар арқылы немесе СВИФТ жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Телеграфтық аударымның да кешігуі немесе поштада түпнұсқалардың жоғалып кету қаупі бар. Мұнда бұл ин-струкциялардың түпнұсқалығын дұрыс тексеру мәселесі орын алады. Пошталық аударымға қарағанда оның түп-нұсқасын тексеру, ондағы қолдарды салыстыру арқылы емес, яғни "бақылау кілтінің " түпнұсқасын, сондай-ақ төлем сомасын тексеру арқылы жүзеге асырылады.

СВИФТ жүйесі халықаралық ақшалай аударымдарға және халықаралық ақшалай экспресс аударымдарға жатады. СВИФТ - телекс арқылы қаржылық есеп айырысуларды халықаралық банктік ұйымдастыру жүйесі. СВИФТ қаты-сушы-банктердің (Бруссельде тіркелген) банктерді басқару тиімділігін арттыру және олардың арасындағы халык-аралық төлем аударымдарды жеделдетуге байланысты компьютерлі халықаралық торабын ұйымдастырушы кооперативтік қоғамды білдіреді. Бұл жетілдіру өзара халықаралық телекоммуникация желілер арқылы байла-нысқан қатысушы-банктердің компьютерлік жүйесін пайдаланғанда ғана орындалады.

Төлем туралы хабар, алушы банктің принтерінде қағазға басылып шығады. СВИФТ жүйесінің кеңеюіне байланысты пошталық және телеграфтық аударымдар қатары қысқару-да, себебі, СВИФТ жүйесінің өзіндік есеп айырысу әдістері бар. СВИФТ жүйесінің хабары - пошталық аударымдарға балама төлемдерді сипаттайды.

440 Ақша, несие, банктер

СВИФТ жүйесінің хабарлары халықаралық ақшалай экс-пресс аударым деп аталады. СВИФТ жүйесінің әдеттегі және мерзімді хабарының арасындағы айырмашылық есеп айырысудың орындалуының жүзеге асу жылдамдығына байланысты.

Демек, егер инструкция беретін банк те, төлем жасаушы банкте СВИФТ жүйесінің мүшесі болса, онда пошталық ау-дарым туралы хабарлар СВИФТ жүйесінің хабарлары сияқты жіберіледі, ал телеграфтық аударымдар түріндегі хабарлар СВИФТ жүйесінің маңызды хабары ретінде ауда-рылады. Пошталық немесе телеграфтық аударым түріндегі хабарлар, егер банк СВИФТ жүйесінің мүшесі саналмаған жағдайда ғана пайдалануы мүмкін.

СВИФТ жүйесі арқылы пошталық немесе телеграфтық аударымдарды төлеу кез келген шетел валютасында орын-далады. Шетелдегі бенефициарға өзінің клиенті (импортер) атынан төлемді жіберуге оқталған банктің әрекетін қарас-тырайық.

Клиент банкке шетелдегі аталған бенефициарға төлеуге тиісті белгілі бір сомасы көрсетілген жазбаша инструк-циясын береді, ал банк бұл төлем инструкциясын пошталық немесе телеграфтық аударым (халықаралық ақшалай ауда-рым немесе халықаралық ақшалай экспресс аударым) арқылы жіберуге тиіс. Бұл инструкцияда бенефициардың аты-жөні және мекен-жайы, сондай-ақ бенефициардың банкі көрсетіледі.

Аталған клиент өз банкіне өзінің шотын оның төлем со-масында дебеттеуіне тапсырма береді. Егер төлем шетел валютасында орындалуға тиіс болып, бірақ клиенттің ондай валютада шоты болмаса, онда ол өз банкісіне сондай шетел валютасын сатуды және өзінің шотын дебеттеуін сұрайды. Банк клиенттің шотын төлем сомасына қоса, валюталық айырбас үшін комиссиондық ақыны бірге дебеттейді. Ол сондай-ақ, басқа да шотты кредиттейді, бүл ностро шотын білдіреді.

Сонан соң, банк төлемнің инструкцияларын пошталық немесе телеграфтық аударымдар арқылы не СВИФТ жүйесі арқылы жібереді. Шетелдегі бенефициарға төлем шетелдік банкке ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады. Кейіннен шетел банкі төлемнің келіп



Халықаралық... 441

түскендігін шетелдік бенефициарға хабарлайды.

Шетел банкі инструкцияны алады. СВИФТ жүйесінің хабары қабылданатын банктегі принтер арқылы қағазға басылып шығарылады. Сонымен бұл инструкцияның түпнұсқалығы тексеріледі. Кейіннен инструкция берген банктің шотында төлем сомасының мелшерінде ақшалай қаражаты жеткіліктіме соны да тексереді.

Егер төлем шетел валютасында жіберілген болса, онда шетел банкі инструкцияны пошта, телеграф немесе СВИФТ жүйесі бойынша жіберген банктің шетел валютасындағы шотын дебеттейді. Егер төлем, мысалы, фунт стерлингте орындалған болса, онда британ банк төлем инструкциясын жіберуден бүрын өзінің шетел банкіндегі стерлингтік шо-тын кредиттеуге тиіс. Шетел банкі бенефициарға төлемін жеткізеді.

Халықаралық есеп айырысуларда халықаралық ақшалай аударымда да қолданылады. Ол пошта агенттігі немесе халықаралық банк арқылы бір елден екіншісіне аз мөл-шердегі ақшалай соманы аудару құралы болып табылады. Қаншалықты аударымның аз сомада көрсетілуі, халық-аралық ақшалай тапсырмаларды экспортердің өтініші бойынша аванстық төлемдерді жүзеге асыруға дәл келетінін сипаттайды.

Чек және банктік тратта сияқты есеп айырысу әдістері салыстырмалы түрде бәсендеу әдістерге жатады. Пошталық немесе халықаралық ақшалай аударымдар жылдам орын-далады, ал телеграфтық аударымдар немесе халықаралық ақшалай аударымдар одан да жылдам орындалады, себебі тратта экспортерге бенефициарға жіберу үшін беріледі, со-ндықтан да оның бенефициарға жіберілу үшін аударым барысында біршама кешігулер болады.

Халықаралық ақшалай аударым СВИФТ жүйесінің ха-барлары арқылы жүзеге асады. СВИФТ жүйесінің ин-струкциялар мен хабарларды бір банктен басқа шетелдегі банкке жіберуге арналған компьютерлік коммуникациялық торабы бар. Мұнда қарапайым пошта, телекс қызметі немесе "қоғамдық" телеграф каналдары бойынша жіберу әдістері пайдаланылмайды. Егер жабдықтаушының еліндегі банк СВИФТ ұйымының мүшесі болып

442 Ақша, несие, банктер

саналса, бұл жүйе бойынша халықаралық ақшалай аударым жасалуы мүмкін.

Телеграфтық аударым - бұл өте жылдам есеп айырысу әдісіне жатады, себебі төлем тапсырмасы жабдықтаушының еліндегі банкке телекс немесе телеграфтық хабарлар арқылы жіберіледі. Халықаралық ақшалай экспресс аударым телеграфтық аударымға ұқсас, бірақ мұндағы төлем тапсырмасы СВИФТ торабы арқылы, СВИФТ жүйесінің маңызды хабарламасы түрінде жіберілетін болады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар

  1. Экспорттық несиелер дегеніміз не, олардың қандай

ерекшеліктері бар?

  1. Фирмалық несие деген не, фирмалық несиелеудегі

банктердің ролі қандай?

3. Басқа несиелерге қарағанда фирмалық несие

берудің ерекшеліктері қандай?

4. Импорттық және экспорттық операциялар-

ды банктік несиелеу механизмі қандай?

5. Факторинг, форфейтинг, лизинг операцияларына

банктер қалай қатысады?


  1. Халықаралық жеке қаржы несиелері мен займдары

деген не?

7. Қарапайым және консорциальды ролловерлік

несиелер нені білдіреді? '

8. Еурооблигациялық займдар деген не, олардың

қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

9. Халықаралық клирингтер мен "своп " несиелері

деген не?

10. "Форвардқа қарсы форвард" несиенің ерекшелігі

неде?

11. Халықаралық несиенің шарты, мерзімі және ва-



люталары қандай?

12. Төлем мен есеп айырысу себептері арасындағы

айырмашылық неде?

13. Чекті пайдалану көмегімен шетелдік қарыз

бойынша есеп айырысу кемшіліктері қандай?

14. СВИФТ жүйесі хабарларыиың екі типі қандай?

15. Банк-корресповдент деген не?

Халықаралық валюта-несие.. 443

XII тарау

Халықаралық

валюта-несиелік

институттары

1. Халықаралық валюталық қор……….............444

2. Дүниежүзілік банк………………...........................449

3. Еуропа қайта құру және даму банкісі.............456

4. Азия даму банкі…………………............................458


  1. Ислам даму банкі………............................ ……..459

444 Ақша, несие, банктер

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-НЕСИЕЛІК

ИНСТИТУТТАРЫ

Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:

• Халықаралық валюталық қор.

• Еуропалық қайта құру және даму банкісі.

• Азия даму банкі.

• Халықаралық қайта күру және даму банкісі.

§1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚОР

1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қа-былданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет бол-са, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.

ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөлік-тен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлемін-дегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.

Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел



Халықаралық валюта-несие... 445

экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген,

1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 ж. 174 ел - 140 млрд. $ төлеген.

ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония - 7%, әрі қарай - Германия, Франция, Ұлыбритания - 5-6%.

ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы - губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама гу-бернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:

- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;

- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей

елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;



  • жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға

мүше-елдерді тексеру.

Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері ар-қылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар кеңесі арқылы мүше-елдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Құрама Штаттар, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19 мүше-ел ішінен бір атқарушы

446 Ақша, несие, банктер

директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.

Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:


  • займ тек қана мүше-елдің экономикалық өсуіне кө-

мектесетін өнімді мақсаттарға беріледі;

- займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;

- займ беру шешімі экономикалық себептерге негіз-

делуі тиіс.

ХВҚ -ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сай-лайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы - еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді.

ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жа-сайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды.

Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің төлем баланстары мен валюталық ба-ғамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың рұқсатынсыз оны

Халықаралық валюта-несие... 447

10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып отыр.

Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады.

ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резерв-тік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз "шартсыз" түрі, яғни ХВҚ-ға мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз.

ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез кел-ген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушы-ларының қаншалықты тырысқанымен СДР “әлем валюта-сы” бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халык-аралық валюталык резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ қүнына тең 21,4-млрд. СДР бар.

Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сома-дан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болғандық-тан да несиелік ресурстарға деген сұраныстың өсу ке-

448 Ақша, несие, банктер

зеңінде квоталар өздерінің мүшелерш колма-қол қаражат-тарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.

Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтон-дағы оқу институты - ЭДИ (экономикалық даму институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-ның мүше-елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады.

90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қа-тар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық құрылым-дарды кұру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдер-ге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:

1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойын-ша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсы-ныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.

Халықаралық валюта-несие... 449

2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекет-терге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.

3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.

ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономика-ны басқарудың негізгі әдістері, 4-кестеде берілген.

§2. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК

Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіп-тің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, эко-номикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жүмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.



450 Ақша, несие, банктер

 



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет