Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Интербелсенді тәсілдердің сабақ кезеңдерінде қолдануы



бет18/21
Дата26.06.2018
өлшемі1,84 Mb.
#44344
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Интербелсенді тәсілдердің сабақ кезеңдерінде қолдануы



Кезеңдер


Қолдануға тиімді тәсілдер



І – кезең.
Мотивация

немесе Қызығушылықты



ояту


Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан,жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ




ІІ - кезең.
Білім құрастыру

немесе


Мағынаны

ажырату



Ой қозғау, Графикалық органайзерлер, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, INSERT, Жигсо, Жигсо-2, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу




ІІІ - кезең.
Түсінікті дамыту

немесе


Ой-толғаныс




Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан,жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталастар (Торлы талқылау, Академиялық дау-дамай, Бұрыштар), Топтық зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер, Аквариум, Бестармақ, Жеңілдетілген анықтама/ түсіндірме, Галереяны шарлау, Қос шеңбер.




VІІ. Интербелсенді әдістердің түрлері
Бүгінде интербелсенді оқу/оқыту әдістерін жіктеудің көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүрлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық сипаттары бойынша, т.б. Біз интербелсенді әдістерді түрге бөлудің негізіне М.Новиктің жіктеуін жатқыздық.
Кесте №50

Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі

(М.Новик бойынша)



Имитациялық_емес'>Тектері


Түрлері


Имитациялық емес


Проблемалық лекциялар

Проблемалық семинарлар

Тақырыптық топтық пікірталастар

Ой қозғау (breinstorming)

Дөңгелек үстел

Педагогикалық ойын жаттығулары

Стажировка

Имитациялық

а) Ойын түрінде емес


Нақты ситуацияларды талдау (кейс-стади)

Имитациялық жаттығулар

Тренингтер


ә) Ойын түрінде

Рөлдік ойындар



Іскерлік ойындар

1) Оқу ойындары

- блиц-ойындар

- мини-ойындар

- компьютерде өткізілетін ойын сабақтары


2) Өндірістік ойындар

- проблемалық-іскерлік ойындар

3) Зерттеу ойындары

- проблемалық-іскерлік ойындар

Ойын түрінде жобалау



Сонымен интербелсенді оқудың/оқытудың келесідей әдістеріне тоқталуды жөн көрдік: жоғарыда көрсетілген интербелсенді лекциялар мен семинар сабақтары (практикалық сабақтар), пікірталастар, рөлдік және іскерлік ойындар, case-study, тренингтер, компьютерлік оқу/оқыту.


1. Пікірталас
Пікірталас – студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.

Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен олардың қарама-қайшылықтары, олар туғызатын қақтығыс пен даудамай жатады – бұл диалектика заңдылығы. Бұл заңдылық әсіресе қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды.

Пікірталас - оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені студенттер қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға үйренеді.

Студенттер пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас студенттік аудиторияға өмірдің шынайы проблемаларын әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.


Лирикалық шегініс

Баяғыда Үргеніш ханы Сырым батырды мұқату мақсатында кенеттен оған мынандай сауал қойған екен: «Дау мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не?»

Сонда Сырым жұлып алғандай: «Дау мұраты – біту, сауда мұраты – ұту, қыз мұраты – кету!» деп жауап қатқан екен.

Пікірталастың мақсаты жеңу емей, ортақ бір мәмілеге келу, қарастырылған проблеманы шешу. Пікірталаста қатысушылар жаңалық ашуға ұмтылмайды, олар өздері үшін маңызды бір пікір қабылдайды. Ал бұл пікір басқа пікірлер мен көзқарастардың тоғысуы мен қақтығысынан пайда болады. Алғашында қандай да болмасын сипатта болған үйренушілердің пікірі талас пен сайыста келтірілген өзге тұжырымдардың ықпалымен өзгереді, яғни олардың қасиеттерін белгілі бір дәрежеде қабылдайды, өзіне сіңіреді.



Пікірталастың басты мақсаты - әр үйренушінің қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге тоқтауы. Мұндай проблеманың ғылымда, теория мен практикада нақты шешімі бар болғандықтан, оны үйренушілер аудиторияда тек өздері үшін ғана қабылдайды.

Әрине, оқытушы үшін бұл проблеманың шешімі әу бастан белгілі, алайда ұстаз студенттерді шешім қабылдауға әкелетін ізденіс процесімен таныстыруды мақсат тұтады, оларды аяққы нәтижеге бағыттап, сол мәреге жетуге бағыттайды. Пікірталастың өту барысы оқытушы тарапынан алдын-ала жоспарлануы ықтимал, алайда оның нәтижесі алдын-ала белгіленуі міндетті емес, өйткені пікір алмасу процесінде әр үйренушінің қандай тоқтамға келетіндігі беймәлім, уақытынан бұрын жоспарлануы мүмкін емес нәрсе.

Пікірталас студентке бұрнағы тәжірибесін тиімді пайдалану мен қарастырылатын тақырыпты толық игеру мүмкіншілігін береді. Оқытушы пікірталаста ақиқатты дайын күйде бермейді. Мәселенің дұрыс-бұрыстығы жөнінде студенттердің өздері дәлелдер жинау мен келтіру, оларды жақтау арқылы, қарсы пікірлерді сараптау мен талдау арқылы, оларға қарсы уәж айту арқылы өзіндік дербес пікір қалыптастырады. Студенттер мұнда басқа пікірлермен санасып, өздерінің икемділігі мен бейімшілдігін көрсетеді. Топтық пікірталастар кері байланыс жасауға жақсы мүмкіндік беріп, студенттердің мотивациясы мен қызығушылығын арттырады.

Оқытушы пікірталастың келесідей ережелерін қадағалауды талап етуі керек:

1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек пікірлер, көзқарастар мен пайымдаулар ғана сыналуы тиіс.

2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету.

3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.

4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды.

5. Басқа пікірлермен келіспеушілік болған жағдайда, оларға жалаң түрде баға бергеннен гөрі («Бұл дұрыс емес!», «Бұл қате ұстаным!», «Мен мұнымен келісе алмаймын!», «Біздің пікір ғана дұрыс!» деген тәрізді), олардың мағынасы мен мазмұнын айқындайтын сұрақтар қойған орынды.

6. Пікірталаста икемділік пен бейімшілдіктің жоғарғы дәрежесін көрсеткендер (яғни өз пікірлерін басқалардың позитивті де жағымды ықпалы арқасында өзгерте алатындар) жеңіске жетеді.

7. Ақиқатқа жету жолы біреу емес және олардың барлығы да тең дәрежелі.

Пікірталасқа 15-тен 30-ға дейін студенттердің қатысқаны тиімді. Оқытушының пікірталаста қатысушы емес, ұйымдастырушы рөлін орындайды: төреші болмайды, студенттер пікіріне «дұрыс» немесе «бұрыс» деп баға бермейді. Оқытушы студенттерді белгілі бір көзқарасқа үйрету үшін оларды сол пікірге бейімдеп, соған қарай бағыттайды.

Сонымен қатар оқытушының «Пікірталас ойын емес, ол - өмірдің өзекті проблемалары бойынша даудамай» деген ұғымды ескере отырып, өз позициясын жасырмауы орынды. Алайда бұл жерде ол пікірталасқа тікелей қатынаспай, оның сәтті өтуі үшін өзін ерікті түрде дауласудан шектеген жүргізуші рөлін атқарады. Ал жүргізуші өзінің позициясын ашық жарияламаса да, өзіне қандай көзқарастың жақын екендігін білдіре алады.

Студенттер оқытушыдан кез келген көзқарасты (позицияны, идеологияны) ұстамдылық, төзімділік және сыйластық тұрғысынан қалайша қабылдауға болатындығын үйрену керек. Олар пікірталастың демократиялық сипатта болуы тек сондай ұстаныммен байланысты екендігін ұғуы қажет.

Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұтымды дәлелді сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп-пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл - пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі.

Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей білуіне үйренуге шақырады. Ол студенттерге ақиқатты дайын күйінде ұсынбай, оны қалайша іздеп тауып, қорғауға болатындығын көрсетеді.


Лирикалық шегініс

Ақиқат немесе жеңіс

- Молдеке, тезірек жүріңіз! Шайханада еліміздің барлық данышпандары пікірталас өткізу үшін жиналыпты. Сізге шынымен-ақ бұл жарыста кімнің жеңіп, кімнің ақиқат сөзін сөйлейтіндігі қызық емес пе?!

- Жарыстарға келетін болсақ, маған олардың ішінен бөдене төбелесі мен аламан бәйге ұнайды. Ал ессіз пікірталаста ақиқаттың тууы екіталай. Бұл үшін барлық пікірсайысты доғару керек, өйткені ақиқат еш дәлелдеуді қажет етпейді. Ал пікірсайысшылар ақиқатты іздеп жүрген жоқ – оларға тек жеңіс қана керек. Олардың таласы барған сайын өрби түседі, бұл «данышпандардың» барлығы да басқаларды жеңбей тыншымайды,- деген екен Қожекең.
1.1 Пікірталастың ережелері
Пікірталас басында студенттермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Бұл ережелер өзара сыйласымдық, төзімділік, жанжалдардың алдын алу, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау идеялары тұрғысынан құрастырылуы керек. Сондай ережелер үлгі ретінде төменде келтіріледі:

1. Әрбір қатысушыда өз пікірін айту мүмкіншілігі болуы керек.

Үйренушілер әрқашан да (топ ішінде, пікірсайыс кезінде) өз ойларын ортаға салып отыруы керек, өйткені пікірталастың нәтижесі сан-алуан, сан қилы пікірлердің тоғысуынан пайда болады.

2. Тыңдай білу керек.

Топ ішінде жақтастардың да, басқа топтардағы қарсыластардың да пікірлерін мұқият тыңдай білу керек.

3. Біреудің сөзін бөлуге болмайды.

Жақтастардың да, қарсыластардың да сөздерін бөлмеу керек. Бұл мәселеге пікірталасты жүргізуші асыра ден қоюы керек.

4. Үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру керек.

Мәселен, әрбір 10-15 минуттан кейін пікірталасты тоқтатып (2-5 минутке), студенттерге өз ойларын немесе дәлелдерін пысықтау, толықтыру мүмкіндігін беру керек.

5. Пікірталас кезінде бастапқы пікірді өзгерту мүмкіндігі беріледі.

Үйренушілердің өз пікірін пікірталастың аяғына дейін ұстануы міндетті емес. Керісінше, пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларының ұшқыр екендігін аңғартады. Мұндай әрекеттерді «сатқындық» деп санаудың қажеті жоқ, өйткені пікірталастың басты мақсаттарының бірі - өзгеру мен бейімделу екендігін ұмытпау керек.

Пікірталас үйренушілерде келесідей біліктерді дамытады:

- өзіндік пікір қалыптастыру;

- өз пікірін қуаттайтын нақты дәлелдер келтіре білу, олардың өміршеңді, нанымды және ұтымды болуын қадағалау;

- пікірлердің айырмашылығын аңғару;

- басқалардың пікірімен санасу, оны сыйлау;

- басқалардың өзіңмен келіспейтіндікті көріп, олармен келісім және мәмілеге келу керектігін түсіну;

- өз пікірін өзгерте білу, басқа пікірлерді ұстанудан «ұялмау», қаймықпау, басқаларға бейімделе білу;

- таңдау жасап, шешім қабылдау.

Студенттердің топтары арасындағы пікірталастарды межелік немесе аралық бақылауды (емтиханды) алмастыратын бақылау нысаны ретінде де қолдануға тұрарлық.


1.2 Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер
1. Тақырып

Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда студенттердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жүргізуі екіталай.

Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ.

2. Сұрақтар

Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс, өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түседі, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады.



3. Пікірталастың жоспары

Пікірталас жоспары (сценарийі) алдын-ала дайындалады. Онда талқылауға ұсынылған сұрақтар келтіріліп, пікірталасқа қатысушылардың мақсаттары, қандай техникалық (слайдтар, диафильмдер) және көрнекі құралдар (плакаттар, диаграммалар) қолданатындығы көрсетіледі.

Сценарийде пікірталасты үш кезеңде жоспарлаған орынды:

1) Берілген сұрақты талқылау, өзіндік позицияны таңдап алу және айқындау.

Сценарий әдетте жүргізушінің (оқытушы немесе студент) алғы сөзімен басталады. Мұнда ол тақырыптың таңдалуын негіздеп, оның өзектілігіне, пікірталаста қатысушылардың мақсаттарына тоқталады, пікірталас ережелерін қатысушылардың есіне салады. Осыдан кейін пікірталастың сұрағы тақтаға жазылады да, қатысушылар алдымен жеке, содан кейін жұппен немесе шағын топ ішінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қатысушылар позиция таңдап, оны негіздеп алуы керек.

2) Пікір таластыру.

Қатысушылар көзқарастары бойынша екі немесе одан да көп топтарға бөлінеді. Топтар өз дәлелдерін айқындап, спикерлерді таңдап, қарсы жаққа қойылатын сұрақтарды қарастырады. Пікірталас келесідей тәртіппен жүргізіледі:

- Әр топтан спикер сөз сөйлейді.

- Оған басқа топтардан сұрақтар қойылады.

- Жауап берілгенде, пікірталасқа топтың басқа да мүшелері қатысады.

3) Ой-толғаныс.

Пікірталас аяқталғаннан кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, талқылауы керек. Содан кейін оларды жазбаша келтіріп, оқытушыға өткізеді.



4. Пікірталасқа дайындық.

Қатысушылар пікірталастың тақырыбын алдын-ала біліп, оған жан-жақты дайындалуы қажет. Ол үшін келесі әрекеттерді атқарған орынды:

- пікірталас жүргізу мәдениетімен және оның ережелерімен танысу;

- проблеманы зерттеу, оның терминологиясымен танысу;

- қажетті әдебиетті зерттеу;

- мамандармен сұхбаттасу;

- әртүрлі көзқарастарды сараптау, оларды салыстыру;

- өз позициясын айқындау, оның ұтымды жақтарын анықтау, дәлелдер жинақтау.



5. Жүргізуші

Пікірталасты оқытушы немесе студенттер жүргізеді. Жүргізуші пікірталастың тақырыбын жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол даулы мәселелер туындаған мезеттерде барлығы да келісетіндей беделді үкім айтуы керек.

Жүргізуші пікірталасты талқыланатын сұрақпен бастап, оған қысқаша комментарий береді, сол арқылы қатысушыларды пікірталасқа шақырады. Пікірталас барысында ол қатысушыларға сұрақ қойып, талқылауды қажетті бағытта қалдырып отырады: қатысушылар тақырыптан немесе регламенттен ауытқып бара жатқанда оларды пікірталас аумағында қалдыруға ұмтылады.

Алайда жүргізуші қарсы жақтардың пікірлеріне баға беретін төреші болмауы және пікірталастың басты тұлғасына айналып кетпеуі керек., Оның басты міндеті – барлық студенттерді пікірталасқа қатыстыру. Сол себепті де жүргізуші сұрақ қойып, қатысушыларды қуаттап, олардың назарын тақырыптың ең қызықты әрі өнімді жақтарына аударып, қарама-қарсы пікірлерді ұштап, аудиторияның белсенділігін жоғарғы деңгейде ұстап отыруы керек.

Пікірталасты тақырып ауқымында қалдыру үшін жүргізушінің келесідей ережелерді қадағалағаны орынды:


  • Айтылған пікірді айқындау, нақтылау («Қандай мағынада айтып тұрсыз? Мысал келтіре аласыз ба?).

  • Бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету (Бұл қалайша болған еді? Неліктен олай деп ойлайсыз?).

  • Басқа пікірлерге жүгіну (Сіздің айтқаныңыз алдыңғы пікірмен қалайша ұштасады? Сіз алдыңғы көзқараспен келісесіз бе?).

  • Белсенділендіру (Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Сіздің айтайын деп тұрғаныңыз қандай мәселе? Бұл мәселе Сіздің пікіріңізге қайшы емес пе?).

  • Қиындық тудыру (Мына мысал туралы не айтасыздар? Ал егер Сіздің бұл пікіріңізбен келіспейтін болсақ қайтесіз?).

6. Сөйлеушілер

Сөйлеушілердің пікірталастың ережелерін қатаң түрде ұстанып, өз ұстанымдарын жақтап, қарсы жаққа дәлелді түрде сын айтуы үшін оларға келесідей біліктерді меңгеру керек:

- қарсыластарының көзқарасын жақсы түсініп, оны дұрыс баяндай білу;

- өз позицияларының ұтымды жақтарын нақты білу;

- өз пікірлерін басқаларға нанымды әрі сенімді түрде жеткізе білу;

- қатысушылардың қандай мәселелер бойынша келісімді екендігін нақтылап, дау туғызатын жәйттерді айқындай білу.



7. Пікірталасты қорытындылау және бағалау.

Пікірталасты қорытындылау - оның тиімділігінің айғағы. Сол себепті де пікірталас соңында қатысушылардың қорытынды пікірлеріне тоқталып, проблема шешудің ең тиімді жолдары қысқаша сарапталады. Бұл жерде жүргізушіге кейбір пікірлердің осал жақтарына (кемшіліктеріне) тоқталуына болады.

Талқылау барысында жиі келтірілген және ұтымды пікірлерге де талдау жасалады. Мұнда ұстанымдардың мазмұны, тереңдігі мен ғылымилығы, дербестігі, дәлелдердің ұтқырлығы, терминдер мен түсініктердің қолданысы сарапталады, қатысушылар өз әрекеттері мен көзқарастары жайлы әңгіме қозғайды. Студенттер пікірталаста келтірілген дәлелдер мен оларға қарсы айтылған уәждерге қайта оралып, оларды толықтыру мүмкіншілігін алады. Бұған қоса олар тақырыптан ауытқып, пікірталас барысында туындаған басқа да мәселелерді талқылауға ұсынады.

Талқылау соңында студенттер өз ойларын эссе немесе басқа да жазбаша түрде жеткізуі керек. Олардың идеялары мен ұсыныстары пікірталас әдістемесін жақсарту үшін қолданады.


1.3 Пікірталас тәсілдері
«Торлы талқылау» немесе Қайшыланған пікірталас

1) Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы студенттердің осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек.

Бұл жерде студенттер «Т-кестесін» қолданғаны орынды. Олар оқытушы ұсынған проблема (немесе сұрақты) жазып алғаннан кейін дәптерін екіге бөліп, сол жақ бағанға бірінші көзқарасты жақтайтын, ал оң жақтағы бағанға екінші көзқарасты негіздейтін дәлелдерді келтіреді. Осыдан кейін олар өздерінің қай позицияны жақтайтындығын кестенің астына жазып қояды.
Әлемдік дағдарыстың салдары Қазақстан экономикасының дамуын бәсеңдетеді ме?


Бәсеңдетеді Бәсеңдетпейді

______________________________________________________________________


  • Қазақстан экономикасы шикізат - Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтың

шығаруға бағытталған толыққанды мүшесі емес

  • Қазақстан экономикасы 80%-ке - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы

Ресеймен байланысты қалыптаспаған

  • Қазақстанда алтын қоры жеткілікті - Қазақстан экономикасында әлі де

мөлшерде нарықтың өзін-өзі регуляциялау

тығырықтан алып шығады

Ұстанған позициям: Әлемдік дағдарыстың салдарынан Қазақстан экономикасы өз

дамуын бәсеңдетпейді.
2) Осыдан кейін студенттер үш үлкен топқа бөлінеді: бірінші пікірді ұстанғандар, екінші ұстанымды жақтағандар және «Екеуі де мүмкін» деген көзқарастағылар.

3) Пікірлестер тобында студенттер өз көзқарастарын дәлелдейтін тұжырымдарды талқылап, дәлелдердің тізімін жасайды.

4) Әрбір топ бүкіл топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды.

5) Осыдан соң топ спикерлері кезекпен өз дәлелдерін аудиторияға белгіленген уақыт ішінде (мәселен, 2 минут) жеткізеді.

6) Спикер сөйлеп болған соң, қарсы жақтардың сұрақ қоюына болады,оларға жауапты барлық топ мүшелері береді.

7) Осылайша үш топ та өз дәлелдері мен уәждерін келтіргеннен кейін қарсыластар проблема жөнінде өз ойларын жазбаша келтіреді (мәселен, эссе түрінде).



Пікірталастың ережелері:

  • біреу (мысалы, спикер) сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;

  • қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпау керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған!», «біздің ойымыз ғана дұрыс!» деген сияқты);

  • егер келіспейтін жағдай болса, қарсы жақтың көзқарасын айқындайтын сұрақ қою керек.

Пікірталас соңында студенттерден «Қай жақ жеңді?» деп сұрауға болады. Егер студенттер жеңісті біреуге беретін болса, онда оларды келесідей түсініктерге алып келу керек (мысалы, сұрақ қою арқылы):

- пікірталас - ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі;

- пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік береді;

- пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады.

(Бұл тәсіл «Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген V- құрал. - Алматы, 1998» кітабы бойынша келтірілді).
Диспут формасындағы пікірталас
Пікірталасқа дайындық

Пікірталасқа дайындықты бірнеше күн бұрын бастаған жөн. Студенттер оқытушы ұсынған проблема (тақырып) бойынша келесі әрекеттерді атқарады:

1. Көзқарастары бойынша бөлінеді.

Студенттер пікірталас тақырыбы белгіленген сабақта өз көзқарастары бойынша қарама-қарсы позиция ұстанатын екі топқа қолдарын көтеру арқылы бөлінеді. Топтар үшеу де болуы ықтимал: мұндайда үшінші көзқарас «мүмкін» немесе «дербес пікір» деген позиция ұстанады.

Оқытушы пікірталас тақырыбы бойынша әр топты бірнеше сұраққа жауап беруге міндеттейді. Бұл үшін ұстаз студенттерге алдын-ала сауалдар тізімін береді.

2. Топтар жиналыс өткізіп, онда команда капитанын сайлап, жұмыс жоспарын айқындайды.

3. Топтар өз көзқарастарын айқындайтын қысқаша тезистер дайындап, олармен қарсы топты таныстырады.

4. Студенттер пікірталасқа жекелей дайындалады: ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, оқытушы ұсынған сұрақтарға жауап іздейді, дәлелдер жинақтайды, өз көзқарастарын негіздеп, ұштайды.

5. Студенттер бір пікір ұстанған топтар құрамында өз көзқарастарын жан-жақты пысықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет