Байланысты: Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Қорытаайтқанда, кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер қатысады. Мысалы, бұрынғы Пруссиянын немесе фашистік Германияның, тіпті бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Онда армия жұмысының кейбір принциптері, ережелері, өнегелері азды-көпті болсын саяси өмірге ауады (мәселен, жеке-дара басшылық ету, бұйрық бойынша жұмыс істеу, аскан құпиялылық, күш колдануға бейімділік, казармалық тәртіп және т. с. с). Ал Қазақстанда болса окуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардын арасында жартылай ауылдык, жартылай қалалык саяси субмәдениеттін пайда болуын байкаймыз.
Саяси мәдениеттің бірлігі коғамның түрактылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ыкпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, коғамдық-саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандыктан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениет саясатын жүргізуі керек. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақгы хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы — қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
Халық арасында мәдениет саясатын жүргізгенде мына мәселелерге ерекше мән берген жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси кұқығын, бостандығы мен міндеттерін білуі; мемлекеттік күрылыс, саяси жүйе, коғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде де хабардар болу, саяси мәселелерді шешу; мемлекеттің, халыктық асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелер, принциптер, идеялардың мәнін түсіну және т. с. с.
Мәдениет саясатын жүргізудің жолдары мен тәсілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Бүл жолда әсіресе коғамдық ғылымдардың рөлі зор. Олар адамдарға өздерінің саяси қатынастарынын қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысынын заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар халықтарға өмірді жаңа негізде кұруға, қоғамдық катынастарды жетілдіруге, әлеуметтік, экономикалык процестердін, болжамын жасауға кең өріс ашады. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процестерді, зандылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттык қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады.
Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезенді ба-сынан кешіріп отыр. Халыктың санасында, іс-әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, болашактың да мәдениетінің көрініс-терін байкаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғьщай мемлекетгің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақдегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, коғамымыздың тезірек демократияла-нуына өз үлесін қосқаны абзал.
Қазір біздін Қазақстан — егеменді ел. Алғашқы Ата Заңы-мызда демократиялық зиялы мемлекет күру жолында кептеген бостандықтар мен еркіндіктер берілген болатын.
Қазакстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандыктары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің емір сүруге, жеке басының бостандығына күкығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір-касиетіне, жеке өміріне кол сұғылмайды. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Ата Заңымызда бұдан баска да құқықтар мен еркіндіктер берілген. Мұның бәрі Қазақстан халкының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.