Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер.
Жоғарыда біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс-әрекеттер жатады дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол — күрделі мәселе. Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді соған келейік.
Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен онын, институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке катысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды.
Саяси мәдениеттің келесі кұрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", "әлеуметтік қорғанушылық", "автономия", "төзімділік" және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі— кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі— еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды. Үшіншісі—әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тота-литарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі—автономияны қалайды және т. с. с. Мысалы, қойылған сұраққа жауап берген американдыктардың 74%-ы еркіндікті бірінші орынға койса, 20%-ы тендікті жақтапты. Ал еуропалықтар болса, тең жартысы бостандықты, соншасы тендікті жоғары қойған. Бұдан біз кімдер кандай саяси бағдар ұстанатындығын байқаймыз.
Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарга қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жок сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптаскан.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстаушы кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға катынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмыска белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал АҚШ-та мемлекет басшысын сайлағанда партияға емес, президентке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда да солай, кімді жаксы білсе, соған дауыс береді.
Саяси мәдениетте әдет-гұрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Мысалы, екі жапондық кездессе бір-біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын білетін адам кайсысынын кызмет бабында төмен түрғанын бірден байқайды. Себебі, ол төменірек иіледі. Ал бүрынғы КСРО-да өтірік айту етек алған. Өтірік "халық жауы" деп соттау, интернационалдык борышымызды өтейміз деп Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, Ауғанстаннын, ішкі ісіне араласып, әскер кіргізу, сайлау кезінде сайлаушыларды алдау жәнет. с.с.
Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай үлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Ел-таңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т, б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекетгің, партиялардың және т. б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді үғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бүл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси шиеленістерді алайық. АҚШ-та әлеуметтік-саяси кикілжіндерге қалыпты жағдай, тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда саясатшы дау-дамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа жеткізбеуге, оны басқара білуге үйренеді.
Саяси мәдениетгін, негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қогамдық күштер қандай, оның мазмүны мен түрін кімдер айкындайды деген сұрақ туады. Соған келейік.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең біріиші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін зан шығару, атқару және сот органдары аркылы атқарады, Мемлекет үлттың саяси рәміздерін (Туын, Ел-таңбасын, Әнүранын және т. б.), адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кеңес өкіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру "ерлігі") қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарылай түседі. Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық коғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.
Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттін қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық-мемлекеттік кұрылыс кұрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолына алған бірпартиялық системада орнайды.
Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни уйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі үлгі-өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық-зомбылыққа, озбырлыққа, күш көрсетуге карсы. Мұндай жағдайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз елдерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді. Діннің рөлі, Ва-тиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өріс алған.
Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл аткаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми-техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалыктарды миллиондаған адам теледидар аркьілы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі және сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та және т. б. елдерде, өсіресе сайлау алдында көпшілік дауыс алу үшін саяси қайраткерлерді қайткенде жағымды жағынан жариялап, оның озық қасиетгерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қаншалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқауға болады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде катынасушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе Америка Құрама Штаттарында өзгеше көзге түседі. Онда мемлекет пен университеттер, зерттеу орталықтарының арасында үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен. Үкімет кабинеті ауысканда, отставкаға кеткенде жоғары төрелер академиялық қауымға келеді (олардын, көбі кезінде сол кауымнан кетерілуі мүмкін). Ал сайлауда жеңген партияны қолдаған көрнекті саясатшылар, экономистер, юристер үкімет үйіне кешеді (мысалы, У. Ростоу, Г. Киссинджер, Э. Бжезинский сияқтылар солай болған). Басқа сөзбен айтқанда, гуманитарлық ғылымдардың ірі өкілдері коғамдық санада және қызметте бір принциптерді, нұсқаулар, ережелерді дайындап, екіншілерінің күйреуіне жол ашып, саяси ұсыныстарды дайындайтын теоретиктер ғана емес, оларды іске асыруға да белсенді араласады.
3. Белгілі бір қоғамдағы жағдайға және ондағы саяси сипатқа байланысты әр елдің саяси мәдениеті ерекшеленеді. Батыс саяси ғылымында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд, С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963ж) деген еңбегінде көрсетілген. Онда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын көрсетеді. Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас-ынтасының жоқтығымен анықталады. Азаматтық мәдениет түрінде адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына белсенді араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына белсене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар (түрлері) «таза» күйінде емес, бір-бірімен аралас түрінде кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ыңғайлысы азаматтық мәдениет көрінеді. Мәдениеттің өзгешелігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ушыратады. Мұның бәрі көп жағдайда саяси мәдениетке байланысты.
Саяси мәдениеттің жоғарыда аталған түрлерінен басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саяси субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Субмәдениет деп қоғамда үстемдк еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады.
Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмдәниеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениттің де көп түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениетті саясаттын жүргізуі керек.