Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары Күні



Дата26.06.2020
өлшемі18,95 Kb.
#74591
Байланысты:
ашық сабақ матем


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Күні: 7.02.2020ж

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері, Қоршаған орта

Тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандар. Геометриялық пішіндер"
Мақсаты:
Геометриялық пішіндер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. 1-ден 10-ға дейінгі білімдерін пысықтау. 1 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Баланың тапқырлығы мен ізденімпаздығы дамиды, топпен жұмыс жасай алады.

Білімділік: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санайды, үш тілде атайды.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер туралы түсініктері дамиды.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру,әңгімелесу, жеке жұмыс.

Керекті құралдар: Көрнекі суреттер, ойынның материалдары, жеке жұмыс қағазы, АКТ технологиясы.

Билингвалды компонент: Үшбұрыш-треугольник-triangle, шаршы-квадрат-square, сопақша-овальный-oval,тікбұрыш-прямоугольник-rectangle, шеңбер-круг-circle, хат-письмо-letter,сандар-цифры-numeral, геометриялық пішіндер-геометрические фигуры-geometric figures.
І. Кіріспе бөлім.

-Сәлеметсіңдерме балалар! Здраствуйте дети! Good morning children!

-Балалар бізге қонақтар келіп қалыпты, қане барлығымыз амандасайықшы.

Үлкенге де сіз.

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінен кейін қандай қандай мезгіл? Бір жылда қанша мезгіл бар? Бір мезгілде қанша ай бар? Бір айда қанша апта бар? Бір аптада қанша күн бар?
ІІ. Негізгі бөлім.

-Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі біздің өтетін оқу қызметіміз «Математика негіздері» деп аталады. Бүгінгі оқу қызметінде сендерді қызықты тапсырмалар мен ойындар күтіп тұр. Егерде сендер оқу қызметіне белсене қатыссаңдар мен сендерге смайлик беретін боламын және оқу қызметі соңында санайтын боламыз. Кімдікі көп болып шықса, сол жеңімпаз атанып, таудың биік шыңына шығады.

-Балалар кім маған 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап береді?

-Балалар біз қандай пішіндерді білеміз? Қане кім атайды?

-Балалар қараңдаршы бұл бізде қандай пішін? Дұрыс айтасыңдар бұл дөңгелек. Оның бұрышы болмайды. Дөңгелекке ұқсас қандай заттарды білесіңдер? Жақсы.

-Ал бұл қандай пішін? Тіктөртбұрыш. Оның неше бұрышы бар? 4 бұрышы бар.

-Бұл қандай пішін? Шаршы. Оныңда 4 бұрышы бар. Барлық жағы бірдей өлшемде.

-Ал бұл үшбұрыш. Оның қанша бұрышы бар? 3 бұрышы бар. Өте жақсы балалар. Жарайсыңдар.


Тосын сәт: (тақатадан хатшының хат әкеле жатқаны туралы видео көрсетіледі.)

-Мәссаған балалар бізге хатшы хат әкеліп тастапты. Мұнда не бар екен, барлығымыз көрейікші. Бұл хатты бізге «Есеп ата» беріп жіберіпті. (Тәрбиеші хатты оқиды) Балалар Есеп Ата бізге сандар мен пішіндерге байланысты түрлі тапсырма беріп жіберіпті. Осы тапсырмаларды орындаймызба? Олай болса Есеп Атаның бірінші тапсырмасын оқиын:


1-тапсырма. 1-ден- 10-ға дейін үш тілде санау.

- Балалар кім 1-10-ға деін санайды ?



Қазақ тілде - бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

Орыс тілде- один, два, три, четыри, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять.
Ағылшын тілде – one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.
-Жарайсыңдар балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Ал енді келесі тапсырмаға көшейік.
2-тапсырма. Есеп шығару:

4+2= 7-5= 5+2=

6-2= 1+3= 3+7=

1+2= 9+1= 2+3=



6-3= 8-4= 9-4=
-Өте керемет балалар. Ал енді 3-ші тапсырманы оқиын.
3-тапсырма. Жеке жұмыс. Парақта берілген тапсырманы мұқият орындап шығу.
4-тапсырма. «Танграмм» ойыны. Берілген пішіндерден үлгіге қарап, жануарлардың бейнесін жасап шығару.
5-тапсырма. «Көршісін тап» ойыны. Шарты: берілген екі санның арасындағы, жетіспей тұрған санды, оқушы атап, жазуы қажет.
6-тапсырма. Сергіту сәтін керемет орындап шығу.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

-Ал балалар біз қандай оқу қызметін өттік? Не туралы өттік?

Жарайсыңдар. Ал енді барлығымыз өз смайликтерімізді санайықшы, кім жеңімпаз екен?

-Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма? Өте жақсы. Маған сендердің белсенділіктерің өте қатты ұнады, сол үшін өз-өзімізге үш шапалақ.

-Қонақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сандарды тура және кері санауды, ағылшынша айтуды.

Игереді: Үш тілділікті.

Қолданады: Пішіндерді дұрыс ажыратуды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет