Мұғалімнің аты-жөні:
|
Кулметов Сарвар Юсупжанович Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептің география пәнінің мұғалімі,
педагог-эксперт, география магистрі
Болатбаева Сауле Муратбековна Райымбек батыр атындағы 50 Қазғарыш мектеп лицейінің география пәннің жоғары санатты мұғалімі, шебер педагог
|
Пән/Сынып:
|
География 7-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
2-ші тоқсан 8-ші сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Бөлім: Гидросфера
|
Сабақтың тақырыбы:
|
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
|
Оқу мақсаты:
|
7.3.3.3 дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды;
7.3.3.4 мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды.
|
Бағалау критерийі:
|
Дүниежүзілік мұхит құрамын және географиялық жағдайын сипаттайды.
Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру (1 минут)
|
Сабақ мақсатымен таныстыру, негізгі үйренетін ақпараттар.
|
Презентация № 1,2 бет
|
Жаңа сабақ (10-12 минут)
|
|
Презентация
№ 3-17 беттер
|
Тәжірибе (5 минут)
|
|
|
Бекіту (4 минут)
|
1 – тапсырма
Мұхиттарға сипаттама берудің жоспарын ұсыныңыз?
Жауабы:
Мұхит сипаттамасының жоспары:
1. Географиялық орналасуы (географиялық координаттар, қандай материктердің жағалауын шайып жатыр) және аумақ көлемі, мұхиттың қашықтығы (батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке, километрмен өлшегенде).
2. Мұхит экваторға, тропиктерге, полярлық шеңберлерге және нөлдік меридианға қатысты қалай орналасқан?
3. Орташа тереңдік (метрмен есептегенде) және ең терең жері (шұңғыманың тереңдігі мен атауы).
4. Су табанының бедері (қайраң тереңдігі, қазаншұңқырлар, мұхиттық ортаңғы жоталар).
5. Аралдар, теңіздер, шығанақтар, бұғаздардың болуы.
|
Презентация № 18-20 бет
|
|
Қорытынды: Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын анықтадыңыздар.
Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттауды үйрендіңіздер.
|
|