Ашу және жазуға үйретудің



бет35/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

3.Тоқсан бойынша жазба жұмыстарын алу кестесі

Сын.


Бақылау, сын жұмысы

Оқыту мазмұндама

Бақылау, мазмұндама

Оқыту, шығармалар



Бақылау, шығармалар



І

ІІ

ІІІ

ІҮ

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жылдық

2

3

4


1

2



2

1

1



1

2

2



2

2

2



3

3

4



4

2

3



3

3

4



4

2

3



3

-

-



-

-

- 1


-

-



-

- 1


1

2

3



3

2

3



3

3

4



4

3

4



3

-

- 1



Бақылау көшіру 1-сыныптың ІІ жартысынан бастап тоқсанына 1 рет өткізіледі.

Сын жұмысын бағалау мөлшері

Баға


Жіберілген қателер мөлшері

1- сынып (ІІ ж\ж), 2-4-сыныптар

«5»


Қатесіз орындалған жұмысқа, жазуы көркем, таза, анық, нормаға сай.

Түзету (оқушы өзі түзеткен жағдай) 2-ден артық емес;


Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:

«4»


2 қате, 2 түзету бар жұмыс үшін немесе 2 тыныс белгі қатесі;

Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер арақашықтығы аздап

бұзылған.

«3»


2-3 емле қатесі, 2-3 тыныс белгі қатесі бар. (4 емле, 2 тыныс белгі немесе

5 емле, 1 тыныс белгі) көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.



«2»

Сын жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда.

Қате саны 6-7.







  • Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері;

  • Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;

  • Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде;

  • Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;

  • Бір сөзді қайталап жазып қойса; 1 қатеге есептелетіндер:

  • Екі орфографиялық бірдей қате;

  • Ұқсас екі тыныс белгі қатесі;

  • 2 өрескел емес қате;

Мысалы: орыындық, қаала тектес. Өрескел емес қателер:

  • Сөздегі әріптің екі рет қайталануы;

  • Бір сөздің екі рет қайталануы;



Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау сұрақтары:


  1. Әліппеде суреттер берудегі мақсат .

  2. Кеспе әліппе.

  3. «Жазу үлгісін» пайдалану заңдылықтары.

  4. Дидактикалық материалдарды пайдалану

  5. Тоқсан бойынша жазба жұмыстарын алу

Пайдаланылатын әдебиеттер::


  1. Белова Л.В. В семье – первоклассник. М.; Просвещение, 1980.

  2. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли Ваш ребенок к школе.

М., Просвещение, 1994.

  1. А.Қ.Бидайбекова Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010

  2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев “Педагогика” А., 2002 ж, 5.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006


13. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту Дәрістің мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің айтылу мен жазылу ережелерін меңгерту, сөйлемді оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс үзілісінің жасалуы, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып, сөйлем соңына нүкте қойылуы, сөйлемдегі бас әріппен

жазылатын сөздер (кісі, жер-су аттары).



Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:


  1. Сауат ашу кезінде балалардың тілі мен ойын дамыту жұмысының міндеттері.

  2. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жетекші әрекеттер.

  3. Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері.




  1. Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды. Мектепке оқуға түскен бала заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін әлі айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жеткіліксіздігінен деп түсінген жөн.

Осыған орай І сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеден бірілген сөздер арқылы жүргізіледі.

Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т.с.с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі – балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету. І сынып оқушылары сурет бойынша сөйлегенде де ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының

жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.

І сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.

Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау ғана емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттерін де үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.



  1. Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Айтылған сөзді дұрыс қабылдамайынша оны ұғыну мүмкін емес. Бұл екі үдеріс бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды.

Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақты ағаштарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштарды екінші топқа (шырша, үйеңкі) т.б. жіктей алады.

Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет – балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі суреттердің көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.



Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы 1 сынып оқушыларының сөз, сөйлем ұғымдарынан тұратыны белгілі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Сөйлеу өзінің қызметін дұрыс атқару үшін екі сипат болуы шарт. Ол – сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігі. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – айтылатын сөздің тазалығы,

айқындығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлемді өзінің эмоциялық бояуымен, сазымен айта білуі. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек. Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін диафильм, мультфильм деформациялық мәтіндер алған жақсы.

Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т.б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка т.б.) оңай білуге болады.

Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау барысында да көрінеді. (Мысалы, шаша, шана сөздерінен «ш» дыбысын бөліп көрсеткенде т.б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.

Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.


  1. Бағдарлама талаптары бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларының нақты болуы қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістеріне байланысты. Қазақ тілін оқытуда негізгі дидактикалық принциптер жүзеге асады.

Білімді меңгеруді қамтамасыз ететін басты дидактикалық жағдай – оны жүйелі тексеріп отыру және бағалау. Қазақ тілі бойынша негізгі жазба жұмыстарының түрлері: көшіріп жазу, сын жұмыстары (түсіндірме, көру, терме, сөздік, шығармашылық, бақылау диктанттары), тест жұмысы.

Түсіндірме сын жұмысы бұрын оқытылып кеткен тақырыптарды қайталауға, жаңадан оқылған ережелерді бекітуге арналады. Тақырыпқа байланысты диктантты сабақтың кез- келген кезеңінде орындатуға болады.

Алдымен мәтін толық оқытылады, сосын әр сөйлем жеке оқылады. Оқушылар оқылып отырған ережеге байланысты талдау, түсіндіруге қатысады.



Терме сын жұмысы оқушылардың белгілі бір ережеге байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін есту арқылы ажырата білу дағдыларын жетілдіреді. Мұғалім мәтінді оқиды, ал балалар

оқылып отырған ережеге сәйкес сөздерді ғана теріп жа-зады. Бұл диктант түрін тақырыпты оқу барысында алған оңтайлы. Уақыт үнемделеді, қажетті сөздер көбірек жазылады, ең бастысы оқушы зейін қоя тыңдауға машықтанады.

Көру сын жұмысы оқушыларды есте сақтауға, орфографиялық сауаттылыққа жетелейді. Таныс емес не оқылмаған ережелерге байланысты сөздердің астын сызып қоюға не басқа түспен жазуға болады. Сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қарай бұл сын жұмысының көлемі әртүрлі болады.

Сөздік сын жұмысы сабақ барысында немесе соңында алуға ыңғайлы. Айтылуы бойынша сөздер оқылады, оқушылар жазған сөздерін сөздіктен немесе берілген жаттығулардан қарап, өздері түзетсе тиімділігі артады.

Шығармашылық сын жұмысы оқушылардың тілін дамытуға, сөздік қорларын байытуға өте тиімді. Балалар сөйлем, мәтін құрауға өздері белсенді қатысады. Мұғалім суреттер арқылы, қажетті сөздерді тақтаға жазып қою арқылы орындатады. Қолданылатын ережелер еске түсіріледі, түсіндіріледі. Бұл – таза сын жұмысы емес, шығармаға дайындық деп қарауға да болатын жұмыс.

Тексеру үшін көшіріп жазу – бастауыш мектеп сатысындағы өте маңызды жұмыс түрлерінің бірі. Бұл орфографиялық сауаттылықты жетілдіреді, сөз бен сөз тіркестерін есте сақтауға және жазылуын көру арқылы меңгеруге көмектеседі. Мәтінді тақтаға жазған соң дауыстап оқиды. Сосын оқушылар өз бетімен оқып, көшіріп жазады, тапсырмаларды орындайды. Жұмыс соңында мәтінді, тапсырманы тексеруге уақыт беріледі. Бұл жұмысты жаңа тақырыптар оқылғанда үнемі пайдалану ұсынылады.

Бақылау сын жұмысы оқушының тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында алынады. Нәтижесінде оқушы біліміндегі олқылықтар анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.

Мұғалім мәтінді әуелі толық, сонан соң әр сөйлемді жеке оқиды. Таныс емес ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілерін алдын ала ескертуге болады. Оларды жазарда анық, орфоэпия заңдылықтарын сақтай отырып оқыған дұрыс. Қайталауға, көмек беруге болмайды.

Сын жұмысына мазмұнды, байланысқан мәтінді алған

дұрыс. Бұл мәтіндер қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес, тәрбиелік мәні бар, оқушылардың танымдық білімін кеңейтетін, мазмұны мен құрылымы сынып ерекшеліктеріне сай алынуы қажет.



1-сынып үшін алынатын сын жұмысында айтылуы мен жазылуында айырмашылық жоқ сөздерден құрылған мәтін болғаны жөн. Егер сын жұмысы мәтінінде ( 1-4 с) әлі оқылмаған ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілері кездессе, ол тақтаға жазылады. Мұғалім ол сөздерді анық, түсінікті оқуға баса назар аударады. Бақылау сын жұмысынан соң қатемен жұмыс жүргізіледі Оған арнайы сағат бөлінеді. Бақылау сын жұмысында грамматикалық тапсырмалар беріледі де, оған бөлек баға қойылады. Екі баға да журналға қойылады. Грамматикалық тапсырмалары бар бақылау сын жұмысы 1-сыныпта 25-30 минут, 2-4-сыныптарда 35-40 минут уақыт бөлінеді.

Басқа сын жұмыстарындағы қатемен жұмысқа арнайы сағат бөлінбегенмен, келесі сабақта уақыт бөліп, қатемен жұмысты тиімді өткізу қажет. Қатемен жұмыс жазба жұмысы алынған дәптерде орындалады.



Ескерту: бақылау сын жұмысын алғанда мұғалім бір орында тұрып оқу, жазғызу керек. Ары-бері жүріп, оқушылардың зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет