|
Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі
|
бет | 64/110 | Дата | 06.06.2020 | өлшемі | 1,16 Mb. | | #72535 |
| Байланысты: Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы 5. Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі
Кезеңнің білімділік міндеттері:
Оқушының өткен оқу материалын дұрыс және саналы қабылдауын анықтау.
Оқушылардың өткен материалды түсінудегі олқылығын, қате қабылдауын айқындау.
Оқушының жаңа материалды түсініп қабылдауындағы анықталған олқылықтарға түзету жүргізу.
Оқушының субъекті тәжірибесінің ғылыми білім белгілерімен қатынасын қамтамасыз ету.
Сабақ кезеңінің мазмұны:
Мұғалімнің оқушының сабақты қабылдаудағы мазмұнның негізгі мәнін меңгеруін тексеруі.
Оқушының жаңа білімді, іс-әрекет амалдарын толық, саналы меңгеруін тексеру.
Оқушының жаңа материалды алғашқы қабылдауындағы олқылықты айқындау.
Оқушылардың жаңа білімді қабылдауындағы түсініксіздікті жою.
Білімділік міндеттерінің орындалу көрсеткіштері:
Репродуктивті (төменгі) және конструктивті (жалпы) деңгейдегі көпшілік оқушылардың өткен материалдардың негізгі мазмұнын дұрыс және саналы қабылдауы.
Оқушының жауабын нақтылауға және толықтыруға басқа оқушыларды қатыстыру.
Оқушылар түсінігіндегі олқылықты жаңа тақырыпты түсінуде немесе сабақтың келесі кезеңіндегі жұмыс барысында жою.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|