Ашу және жазуға үйретудің


Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары



бет18/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:


  1. Дыбыстық талдау - жинақтау әдісі.

  2. Дыбыс пен әріпті үйретудің жолдары.

  3. Сөздік сын жұмысы.

1. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында педагогтарға ортақ болған өзекті мәселе – бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы Ы.Алтынсарин қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды.

ХІХ-ХХ ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді.

Сауат ашудың негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері әдістемеші ғалымдардың зерттеу еңбектерімен толықтырылып, жетіліп келеді.

Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле- шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.

Сауат ашу қазіргі мектептердің даму барысында дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс ана тілінің фонетикасы мен графикасына, оқушылардың физиологиялық- психологиялық ерекшеліктеріне және педагогика ғылымының дидактикалық принциптеріне негізделеді.



Сауат ашудың негізгі объектісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері мыналар: сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу. Сөзді ауызша айту әдетте естуге негізделеді. Жаңа сөз біреуден естілген күйінде қабылданып, есте сақталады, сөйлеу кезінде пайдаланылады. Сөйлеу практикасында сөз жеке дыбыстарға бөлініп айтылмайды, тұтас дыбысталып айтылады. Бірақ сөз ондағы бір дыбысты қалдырып кетпей, түгел және дұрыс дыбыстауды, сондай-ақ сөздегі басқа дыбыстармен байланысты қолдануды керек етеді. Сөзді жазу мен оқу көру арқылы орындалады. Басқаша айтқанда, сөз әріптер арқылы жазылып, әріптер арқылы оқылады. Сөз дыбыстары әріптермен таңбаланбаса, сөзді оқу да, жазу да мүмкін болмас еді. Демек, әріптерді таныту, сауат ашудың негізгі мәселесі. Алайда, әріптер өздігінен жалаң таныла қоймайды, сөздегі дыбыстардың негізінде меңгеріледі. Ол үшін сөз құрамындағы дыбыстарды даралап, бөліп алу қажет болады. Жеке дыбысты сөзден бөліп алған соң ғана, оны әріппен белгілеуге болады. Өйткені сөз дыбысы өз алдына жеке-дара, бөлек-бөлек дыбысталмайды. Осыған орай, сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп алып қарастырудан басталады. Сондықтан сауат ашу әдісі «дыбыстық» әдіс те болып табылады. Дыбыстық әдіс дегеніміз тек дыбысқа ғана қатысты емес, сөйлеудің барлық дыбысталу жүйесіне қатысты мәселе: оған буынның дыбысталуы да, сөздің дыбысталуы да, сөйлемнің дыбысталуы да кіреді. Осыған орай, сөзді оқу мен жазу жұмысы (мұның өзі – сауат ашудың негізгі мақсаты) сөзге дыбыстық талдау жасаумен тоқталмайды, талданған дыбыстарды жинақтау арқылы қайтадан тұтас сөз жасауға әкеледі. Сондықтан да бұл

әдіс «дыбыстық талдау-жинақтау әдісі» деп аталады.

Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен – сөзді, сөзден – буынды, буыннан – дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.

Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан – буын, буындардан

– сөз, сөздерден – сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу құрастырылып,

оқу машығы қалыптастырылады; оқушылар сөзді алдымен – буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты, әуелі- жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан кейін тұтас сөздерді жаза білуге машықтанады; соның нәтижесінде, сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.

Талдау тәсілінің негізгі түріне сөзді дыбысқа ажырату, яғни



«дыбыстық талдау» жатады. Дыбыстық талдау буыннан, сөзден жеке дыбыстарды бөліп алу және олардың сөздегі орын ретін айқындау арқылы жүргізіледі. Дыбысты сөзден бөліп алудағы басты бір мақсат әрбір дыбыстың әріптік таңбасын меңгерту болса, дыбыстың сөздегі орын ретін анықтаудағы негізгі мақсат

  • бөлініп алынған дыбыстарды буын жігімен қайта біріктіріп, олардан сөз құрастырып оқуға даярлау.

Дыбысты сөзден (буыннан) бөліп алу әрекеті сөздегі дауысты дыбыстарға бағдар жасауды керек етеді. Өйткені, дауысты дыбыс өздігінен жеке дыбысталады. Соған байланысты алғашқы дыбыстық талдау сөзден дауысты дыбыстарды бөліп алудан басталады. Ал дауыссыз дыбыстар болса, олар өздігінен дыбысталмайды, дауыстының көмегімен, соның қосылуымен ғана дыбысталады. Сондықтан қазақ тіліндегі дауыссыздар жеке алғанда Ы-І дауыстыларының қосылысымен айтылады (бы, мы, қы, кі, гі ...).

Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық талдау тәсілдері мыналар:



  1. Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп алу (а-та, ә-же, о-рақ, ө-рік, е-мен, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс, і-ні, и-не).

Сөздің ең соңғы дыбысын бөлу (алғашқы дыбыстарын мұғалімнің өзі айтып, соңғы дыбысын оқушыларға тапқызу).

Мұндай талдау жұмыстарында заттар, дидактикалық ойыншықтар, суреттер пайдаланылуға тиіс. Мысалы: нан, тарақ, өрік сөздерінің на...,тара..., өрі... деген бөліктерін мұғалім өзі айтады да, қалған дыбысты оқушыларға айтқызады.



  1. Бір дыбыстан басталатын сөздерді тізіп айтып, әр сөздегі бірінші дыбысты оқушылардың өздеріне таптыру; ол дыбысты көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы бекіту (қаз, қарға, қалам, қағаз).

  2. Сөздегі дыбыстардың саны мен орын ретін анықтау. Бұл үшін сөз схемасы пайдаланылады. Алдымен сөз схемасына

дыбыстар буын жүйесімен, түрлі-түрлі дөңгелекшелер арқылы, сөздегі орын ретімен орналасады. Мысалы, ара сөзі. Талдау:

«Бұл сөзде үш дыбыс (әріп) бар: біріншісі – а (дауысты дыбыс), екіншісі – р (дауыссыз дыбыс), үшіншісі – а (дауысты дыбыс)»,

- деген сияқты тұрғыда өтіледі.



  1. Бір дыбысы ғана өзгеше, басқа дыбыстары бірдей сөздерді өзара салыстырып талдау (ата, апа, ала, қала, дала, бала, он, ол, ор, май, шай, тай).

Дыбыстық жинақтау тәсілінің аса бір түйінді мәселесі – дыбыстардан буын құрастыру, сол арқылы сөз жасап оқуға әкелу. Өйткені, сөзді дыбыстаудың (оқудың) өлшемі – буын. Сондықтан сауат ашу барысында сөзді жеке дыбыстармен әріптеп оқу да, бірден тұтас сөзбен оқу да дұрыс нәтиже бермейді. Сөзді буынға бөлмей, жеке дыбыстар арқылы дыбыстап оқуға болмайтын себебі – дауыссыздар өз бетінше дыбысталмайды: сөз ішінде буын құрамындағы дауыстының көмегімен дыбысталса, жеке айтқанда дауысты Ы-І дыбыстарының көмегімен дыбысталады. Мұндай жағдайда сөзді дыбыстап оқу сөз мағынасын бұзады. Мысалы: ата, әже, деген сөздерді дыбыстап оқығанда, ондағы т, ж, дауыссыздары дауысты ы-і дыбыстарының қосылуымен: а-ты-а, ә-жі-е түрінде айтылып, мәнсіз сөздерге айналар еді.

Сондай-ақ қазақ тілінің агглютинативтік құрылысы (ұзын сөзділігі) көп жағдайда тұтас сөзбен оқуға қиындық келтіреді. Қазақ тілінде дыбыстарды буынға жинақтау дауыссыздан дауыстыға қарай жүру арқылы орындалады, яғни сөзді оқудың позициялық принціпіне негізделеді. Осыған орай, дыбыстарды буынға жинақтау тәсілі сөздегі дыбыстарды бір-бірімен қоса салу арқылы емес, тілдегі буын жасау ерекшеліктерінің негізінде жүргізіледі.

Дыбыстық жинақтау тәсілімен жүргізілетін жұмыс нәтижесінде сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға мүмкіндік жасалады. Басқаша айтқанда, сөзді оқу дегеніміздің өзі – жинақтау. Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық жинақтау тәсілдері мыналар:


  1. Бір дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу: а) а-та, а-па, а-на, а-ға, а-ра, а-уа, а-ла.

ә) ба-ла, да-ла, қа-ла, ке-ме, ке-се, ше-ге.

  1. Әртүрлі дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу: ә) ә-же, ә-ке, о-ра, қо-ра, до-ға, бо-та, ба-ру, ке-лу.

  2. Бір дыбысы бөлек сөздерді оқу:

ол, он, ор; қол, жол; көл, төл; шар, жар; жел, бел;

  1. Басқа дыбыс қосып не алып, сөзді өзгертіп оқу: ат-хат, тон-он, ара-шара, ала-дала.

  2. Талданған сөздегі буындарды көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы есте сақтап, одан сөз құрастырып оқу. Дыбыстық талдау мен дыбыстық жинақтау бір-бірінен ажыратылмай, өзара тығыз бірлікте жүргізіледі (алдымен –

талдау, соңынан – жинақтау).

Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сауат ашудың мынадай негізгі оқыту принциптері жүзеге асырылады:



  1. баланың жас ерекшелігіне және тәрбие талабына сай іріктілген оқу материалдарының негізінде оқушылардың адамгершілік көзқарасын қалыптастыру;

  2. оқушылардың жалпы ой өрісі мен тілін дамыту, оқуға деген саналылығы мен белсенділігін арттыру;

  3. әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу;

  4. оқу мен жазуды бір-бірінен ажыратпай, өзара ұштастырып, қатарластыра жүргізу (оқу-жазу-оқу);

  5. сауат ашу негізі – дыбысты меңгерту үшін сөзге дыбыстық талдау – жинақтау жасауға үйрету; оқушылардың есту, дыбыстау қабілетін тәрбиелеу;

  6. сөз дыбыстарын әріптермен дұрыс таңбалай білуге дағдыландыру; жазудың оқудан кешеуілдейтінін ескере отырып, алғашқы жазуды кеспе әріптерден сөз құрастырумен алмастыруға және баспа әріптерімен жазуға үйрету;

  7. сөз оқу өлшемі буын болғандықтап сөзді жеке әріптермен оқытпай, бірден буындап оқуға дағдыландыру; одан біртіндеп тұтас сөзбен оқуға әкелу.

  8. Сауат ашу барысында перспективтік оқу ( кейбір алғашқы грамматикалық, орфографиялық, лексикалық мағлұматтардың алдын ала практикалық жолмен таныстырыла беруі).

Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мынадай жағдайларға үйрену керек:

1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзбен бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, одан әрі оның әріпі меңгеріледі және буыны, сөзі оқытылады.

Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік схемасы мынадай.


  1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3.

Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әрпін көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. «Әліппеден» жаңа сөздер оқу. 9. «Әліппеден» тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріпті қосып сөз жазу.

Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде: 1) оқу бастамасы буын болып табылады. 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әріпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді.



  1. Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс бұрыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.

Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы «Р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда

«ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-рра» делініп, «Р» дыбысы ерекшелініп, біраз созылыңқырап айтылады.



  1. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу үдерісімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

  1. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» тонның

суретін көрсетіп, «он» дейді де, «мен сөзді дұрыс айттым ба?» - деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. «Т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.

  1. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы

«о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.

  1. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талдатады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

  2. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Мысалы, қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әіппедан құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп

«қ-а» ... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?» - деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар» - дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

  1. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау- жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әріптің орнына мұғалім «о» әрпін қояды,

«қора» деп оқиды.

  1. Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады.

Сөздік сын жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі.

Сөздік сын жұмыстарының көлемі: 1-сынып, ІІ жартыжылдық – 3-5 сөз

2-сынып – 8-10 сөз 3-сынып – 10-12 сөз

4- сынып – 12-15 сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет