Ашу және жазуға үйретудің



бет68/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Сабақ кезеңінің мазмұны:


  1. Оқытылған танымдық объектілердегі мәнді белгілерді есте сақтау үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Үлгі бойынша және өзгерген жағдайларда оқушылардың зерделенген әрекеттерін қолдануды қайта қарауды ұйымдастыру.

  3. Жаңа материалды оқыту әдістерін бекіту.

  4. Кезекті білім тексеру кезінде жауап беру жолдарын нақтылау.

  5. Ережені қолданудың логикалық алгоритмін құру.

Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіштері:


  1. Оқушылардың фактіні, түсініктерді, ережелер мен ұсыныстарды салыстыра білуі.

  2. Оқыған танымдық объектіні оқушылардың қайта еске түсіру дағдысы.

  3. Оқушылардың алгоритмдерді еске түсіруі, оларды стандарттық және өзгерген жағдайларда қолдана білуі.

Кезеңдегі білімділік міндеттерді шешетін педагогикалық техникалар:


  1. Өзара қайтымды тапсырмаларды қолдану.

  2. «Ойлау іс-әрекеттер картасын жасау».

  3. «Білгіштің сұрақтары».

  4. «Сөзді әріптерге бөлу».

Оқушыларға келесі түсінік беріледі. Алдын ала оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Топқа берілген тақырыптың бірінші әріпіне соны айқындайтын сөз жазу тапсырылады.

Содан кейін топтарға осы сөздерін тақтаға жазу ұсынылады. Басқа оқушыларға тақырыптық түсініктің айқындалу кілтін анықтау тапсырылады.



  1. «Сұрақ-жауаппен қатынас»

Әр оқушы бір сұрақ дайындап, оны қағазға жазады, бұл қағаздар бір оқушыдан екіншіге беріліп, алмастырылады. Сұраққа жауап бергісі келгендер, алдыңғы жазылған жауаптардың астына өз жауаптарын жазады. Ал егер жауап болмаса, келесі оқушыға беріледі.

Жұмыс соңында барлық сұрақтар мен жауаптар дауыстап оқылып, тақтаға жазылады.



  1. Құрылымды үлгі.

  2. «Өз тапсырмаңды ойлап, тап».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет