8. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі
Білімділік міндеттері:
Оқушының білімді, іс-әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау.
Оқушы біліміндегі, іс-әрекет тәсіліндегі кемшіліктерді табу. Байқалған кемшіліктердің себебін анықтау.
Оқушылардың бағалаушылық мүмкіндігін дамыту.
Сабақ кезеңінің мазмұны
Оқушы білімін және іс-әрекет амалдарын жан-жақты тексеру.
Жалпы оқу мүмкіндіктерінің қалыптасуын тексеру.
Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіштері:
Оқушы білімнің дұрыстығы мен көлемі ғана емес, тереңдігі, түсініктілігін мұғалімнің тексеруі.
Оқушылардың белсенді іс-әрекеттері.
Білімділік міндеттердің орындалу шарттары:
Оқушылардың білім деңгейін, іс-әрекет амалдарын бақылауда түрлі әдістерді пайдалану.
Білімнің жүйелілігін, түсініктілігін, тиянақтылығын бақылауда мұғалімнің сұрақтар қоюы.
Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін өзі бағалауын түсіндіруі.
Бағалау кезінде жауаптың дұрыстығынан басқа оның
өзіндік ерекшелігін, оқушының тапқырлығын, ізденуге талпынысын және тапсырманы орындаудың түрлі жолдарын табуын талдау.
Оқушының жеке субъектілік тәжірибесін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |