Ашу және жазуға үйретудің


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау сұрақтары



бет82/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау сұрақтары:


  1. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптардың сызбасын жаса.

  2. Мұғалімнің сабаққа дайындалу ұғымын сипатта. 3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру

кезеңіндегі атқарылатын іс-шаралардың жоспарын жаса. 4.Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптарды талда.

5. В.А. Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» еңбегіндегі ұстаз туралы.
19. Сабаққа қатысу мақсаттары және талдау үлгісі Дәрістің мақсаты: болашақ студенттерге сабақ талдаудың

жолдары мен сабаққа қойылатын талаптардың тиімділігін, сабақтағы сақталуға тиіс ұстанымдар, жалпы оқыту үдерісінің құрылымы мен сабақты талдау қырлары туралы білім беру.

Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер: Жоспары:


  1. Сабаққа қойылатын талаптардың тиімділігі

  2. Сабаққа қатысу жүйесі

  3. Сабақты талдау қырлары.




    • Сабақта оқытушы оқыту, тәрбиелеу, дамыту ұстаным- дарының бірлігін қалай жүзеге асырды;

    • Тәрбиелей отырып оқыту ұстанымы қалай іске асады;

    • Дамыта отырып оқыту ұстанымы қалай жүзеге асады;

    • Оқытудың сәйкестілік пен түсініктілік ұстанымы қалай жүзеге асады;

    • Оқытудың түсініктілік, беріктілік, саналылық ұстанымдары қалай іске асады;

    • Сабақтың ұйымдастырылуы қазіргі ғылыми талаптарға қаншалықты дәрежеде жауап береді;

    • Сабақта тәрбиелеу мен оқыту міндеттері мен негізгі мақсаттарын іске асыруға ұстаздың тұлғалық сапасы қалай әсер етеді;

  • Сабақта мұғалімнің дидактикалық қызметі қаншалықты тиімді;

  • Оқушылардың сабақтағы қызметінің белсенділігі мен тиімділігінің дәрежесі;

Сабақты талдауда формализмнен аулақ болудың кепілі

  • сабаққа қойылатын талаптардың тиімділігі.

Тиімділік деп - бұл жерде қажеттілік пен жеткіліктілікті айтамыз. Бұл ұстаным жоғарыда айтылған барлық ұстанымдармен тығыз байланысты. Көптеген тексерулерде қойылатын талаптарды 8-16-ға дейін, кейде тіпті 100 параметрге дейін жеткізіп жатады. Ал бұл мұғалімді өте қиын жағдайға қалдырады және уақытты көп шығындайды. Мысалы, сабақты талдауға қатысы жоқ мәселелерді де енгізеді: (көшеде шу естілмей ме, сабақ қайда өтуде, кабинетте ме, зертханада ма, т.б.) Осындай нәрселердің сабақтың білімдік, тәрбиелік мақсаттарын талдауда, бағалаудың тиімділігін анықтауда рөлі бар ма?

  1. Сабақты талдаудың маңызды ұстанымы - талаптардың өзара шарттылығы мен бірлігі ұстанымы (кері байланыс: яғни сабаққа деген талап соның ішінде оқытушы мен оқушы қызметіне деген талап – талдаудың негізі: мұғалім мен тексерушінің қызметі ортақ іс-әрекет. Мұғалім оны іске асырады, тексеруші сол нәрсені талдайды. Мұғалімнен бір нәрсе талап етіліп, басқа нәрсе тексеріліп бағаланбауы керек және ол мүмкін де емес).

Әділеттік пен мейірімділік ұстанымы да маңызды мәселелердің бірі. Бұл ұстаным педагогикалық басқаруды субъекті қызметінде ізгілендіру мен адамгершілікті көрсетеді. Сабақты талдау - оның өту барысында оқытушы мен оқушының қызметінің жемісті болуын - ғылыми тексеруді жүзеге асыру әдісі, хабарды алудың негізгі көзі оқытудың жаңа мақсаттары мен жетістіктері туралы тексерушілердің

жаңа білім алуы.



Сабақ - органикалық тұтас дүние, сондықтан сабақтың бүкіл барысын түртіп отыру қажет.

Ал кейде сабаққа қатысудың жекелеген мақсатына байланысты оқытушы мен оқушының қандай да бір іс-әрекетінің түрін ғана жіті бақылау – ол мүлде басқа мәселе.



  1. Дербес ерекшеліктерді есепке алу ұстанымы. Оқу пәнінің

не оқытушының өзіндік дербес ерекшеліктері сабақты тексерушіге бақылау кезінде аса маңызды талаптар қояды. Яғни барлық пәнді, не барлық оқытушының бір сабағына қарап барлық сабағы туралы қорытынды пікір жасамай, оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін де есепке алу қажет. Сабаққа қатысқаннан кейін тексеруші сабақты өткізген мұғалімнің өзіне сөз береді. Содан соң ғана жазып алған мәліметтерге сүйеніп, тексеруші өз пікірін білдіреді. Сабақты талдау ұстанымдарын тәжірибеде қолдану және есепке алу оқытушы мен оқушы қызметін бағалаудағы формализмнен сақтайды, оның еңбегін әділ бағалаудың, жетістіктерге жетелеудің сенімді құралы.

Оқушының іс-әрекетін және оқыту сапасын бақылауды қамтамасыз ететін ақпарат:



    • сабақты жүргізуге мұғалім жұмысының дайындығы (әр сабақтың жоспары және тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік құралдарды жинақтау, дидактикалық материалдар т.б.)

    • сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын анықтау, олардың маңыздылығы;

    • сабақты ұйымдастыру, мақсат қою, оқушыларға жұмыстың ретін түсіндіру;

    • сабақтың ғылыми маңыздылығы, оқушылардың қиын сұрақтарды меңгеруінің негізділігі;

    • сабақта оқытудың дидактикалық ұстанымдарын ұстану;

    • мұғалімнің сабақ беру әдісінің мақсатқа, тақырыптың мазмұнына, сол сынып оқушыларының дайындық деңгейіне сай келуі ( суретке қарап түсіндіру, қайта жасау, проблемалық- зерттеушілік және басқа да әдіс-тәсілдер);

    • сабақта оқыту, тәрбиелеу және оқушының ақыл-ойын дамытудың үйлесімді байланысуы;

    • оқушыларды оқыту іс-әрекетінің шығармашылық үрдісіне араластыру, оқушылардың оқу материалын саналы түрде меңгеруі;

    • оқушылар бойында танымдық қызығушылық қалыптастыру және білімге деген құштарлықтарын арттыру;

    • мұғалім әр оқушының білім деңгейін біле отырып, оны оқушының танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетінің дамуын қалыптастыруда пайдалануы;

    • сабақтың тәжірибелік бағыты, оқытудың өмірмен, өлкетану мазмұнымен байланысы;

    • оқыту барысындағы пәнаралық байланыс;

    • оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері ( фронтальды, топтық, жеке);

    • техникалық оқыту құралдарын және көрнекілік құралдарды пайдалану;

    • білім және дағдыларын төселдіру үшін жаттығу мен есетердің дұрыс іріктелуі, таңдалуы;

    • сабақ барысында кері байланыс орнату;

    • оқушыны өзіндік салыстыру, талдау, қорытынды жасау жұмыстарына ынталандыру;

    • оқушының сөйлеу және жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды орындау;

    • сабақта мұғалім және оқушының ғылыми еңбегін ұйымдастыру;

    • үй тапсырмасын ұйымдастырудың әдістемесі ( көлемі, түрі, деңгейі, дер кезділігі)

    • өткенді қайталау, жаңа материалды бекіту;

    • оқытудың кабинет жүйесінің артықшылығын және оның ұтымды мүмкіндіктерін пайдалану;

    • оқыту үрдісін саралау;

    • сабақта мектепішілік әдістемелік тақырыптың тәжірибелік шешімі;

    • оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;

    • сабақтың тығыздығы, уақытты үнемдеу;

    • сабақ әсерінің толықтылығы;

    • сабақта техникалық қауіпсіздік ережелерін және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет