Мерзімі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, тұрақты, ауыспалы).
Мектеп алдына қойылған негізгі және көмекші мақсаттардың мазмұнына, педагогикалық кеңесте және кәсіптік жиналыстарда талқыланатын сұрақтар ерекшелігіне, әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарына тәуелді.
Зерттелетін құбылыстың тереңдігі және пайдалану шегі:
(танымдық қызығушылықтың дамуы, жалпы оқу білік- дағдыларының қалыптасуы);
жеке дидактикалық бағытқа белгілейтін шағын мақсаттық нұсқау (ауызша сөйлеу дамуына бағытталған жұмыстың нәтижесі, оқушылардың сабақта шығармашылық жұмысын ұйымдастыру)
Мазмұнына қарай – оқу бағдарламасының нақты сұрақтарына бағытталған (мұғалімнің математика сабағында есептеу дағдыларын дамыту).
Проблемалық – дамытушылық сабақты кешенді талдау үлгісі
Мұғалім және оқушының сабаққа дайындығы;
Оқушылардың сабаққа іштей психологиялық дайындықтары;
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті;
Мұғалімнің сабақтың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін жоспарлауы және оларды оқушыларға хабарлау;
Оқушылар білімінің маңыздылығы және іс-әрекеттерінің тәсілдері;
Мұғалім оқытуда проблемалық әдістердің қайсысын пайдаланады (ізденушілік, зерттеушілік):
Оқулықты қолдану, оқулық бойынша іздену жұмысын ұйымдастыру;
Көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сай болуы;
Оқушылардың арнаулы және жалпы оқу біліктілігін қалыптастыру;
Оқушылардың бойында таным біліктілігінің болуы, мәселені айқындай білуі, болжам жасап, оны дәлелдеу жолдарын табу, болжамды шешу жолының дұрыстығын тексеру;
Оқушылардың ойлау әрекеттерін жүзеге асыра білу;
Оқушылардың әр сабақ кезеңінде танымдық қабілеттерін дамытуы;
Сабақ кезінде кездесетін қиындықтар. Олардың себебі, олар қандай тәсілдер арқылы шешілді;
Оқушылардың үй тапсырмалары проблемалық дамыта оқыту талаптарына сәйкестігі;
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, дайындығын есепке алу, сараптамалық тапсырмалар беру;
Оқушылардың еріктілігін, зерделілігін, сезімдерін, танымдық қызығушылығын, сөйлеуін, ойлау қабілетін дамытуға сабақтың қосатын үлесі;
Сабақтың жалпы нәтижелілігі.
Бақылау парағы ( сабақты талдау және өзіндік талдау) Жалпы мәліметтер: