Мәнерлеп оқуға талаптар:
екпінді дұрыс қою;
кідіріс сақтау;
ырғақты дұрыс таңдау;
қажетті дауыс мәнерін сақтау;
қатесіз оқу.
«5» - барлық талаптар дұрыс орындалған,
«4» - 1,2 талап орындалмаған;
«3» - 3 талап түрі орындалмаған;
«2» - 3-тен артық талап орындалмаған.
Рөлдермен оқу.
Рөлдермен оқуға қойылатын талаптар:
1.Өз сөздерін дер мезгілінде оқу; 2.Дұрыс дауыс мәнерін сақтау; 3.Қатесіз оқу;
4.Мәнерлеп оқу.
«5» - барлық талаптар орындалған,
«4» - 1 талап бойынша қате жіберілген;
«3» - 2 талаптан қате кеткен;
«2» - 3 талап бойынша қате жіберілді.
Мазмұндау.
«5» - оқылған мәтін мазмұнын өз бетінше жүйелі, басты тақырыптан ауытқымай мазмұндайды, сұраққа дұрыс жауап береді, сұраққа жауапты мәтін ішінен үзінді оқып берумен толықтырады;
«4» - 1, 2 қате жіберілсе, бірақ өзі түзетеді;
«3» - жетек сұрақтар көмегімен мазмұндайды, оқылғанды жүйелі айта алмайды, сөйлеу қателерін жібереді;
«2» - оқылғанның мазмұнын айта алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |