Ашу және жазуға үйретудің


Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндері арқылы шығармашылық және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру



бет94/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

21. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндері арқылы шығармашылық және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру



Дәрістің мақсаты: бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндері арқылы шығармашылық іс-әрекет негізінде берілетін өзіндік жұмыс үлгілерімен таныстыру. Оқудағы үлгермеушіліктін себептерін ғылыми тұрғыда негіздеу.

Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:


  1. Шығармашылық сабақ құрылымының ерекшелігі

  2. Үлгермеушіліктің себептері

  3. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру

    1. Бастауыш білім беру мазмұны стандарттағы аралас біртұтастық қағидалар негізінде оқушылардың мәдениетінің базистік бөліктерін қалыптастыруға да бағытталған:

  • «екі жақты ықпал ету» қағидасы бойынша, базистік салалар бастауыш білім беру мазмұнына бір жағынан жеке пән ретінде, екінші жағынан құрамдас пәндік салалар ретінде әсерін тигізеді;

  • зерттеу әдістерінің тұтастық қағидасы немесе «түпкі мақсат

– түрлі мақсаттардың бірлігі» бойынша мына мәселелерге көңіл бөлінген: жекелеген пәндерді оқып білу стандартта анықталған бастауыш білім берудің жалпы мақсаттарын қамтамасыз етуге бағытталған, оқушылардың қоршаған ортамен белсенді-әрекеттік қарым-қатынасына негізделген.

Интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік даярлығын қарастырады, оқушылардың қоршаған дүние, әрекет типтері, таным әдістері мен тәсілдері туралы білімдері мен дағдыларын негізге алады.

Бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етіп, іс- әрекеттің түрлерін, әдістерін меңгерту, таным әдістері мен тәсілдерін меңгерту, одан әрі оқуын жалғастыру үшін қажетті деңгейдегі әзірлігін жүзеге асырады. Қоршаған ортаның негізгі қайнар көзі болып табылатын адам, табиғат, қоғам бағдарлама мазмұнының басты тірегі ретінде алынған.

Бастауыш білім берудің пәндік мазмұнын құрастыруда дамыта оқытуды жүзеге асырудың мына маңызды бағыттары негізге алынды:



  • мазмұнды меңгеру барысында оқушыға ойлау әдістері мен үлгілерін, қарым-қатынастағы ізденіс әрекеттерін меңгерту көзделеді;

  • әрбір оқу пәні ойлау және іс-әрекет әдістері түріндегі ұғымдар мен білімдер құрылымына сай болуы керек. Бұл қоршаған ортаның ғылыми бейнесін жаңғыртатындай анализ, синтез, кескіндеу, салыстыру, бақылау тәжірибе, эксперимент түріндегі білім болуы керек және арнаулы іс-әрекет түрлерінен дағдыларды игеруі керек.

Бағдарламалардағы бастауыш білім беру мазмұнын қалыптастырудың айрықша ерекшеліктеріне оны анықтаудың төмендегі қағидаттары жатады:

  • нағыз түйінді ұғымдар мен терминдер арқылы жүзеге

асырылатын дифференциация, оларды ірі дидактикалық бірліктерге топтау (эмпирикалық жалпылаудан теориялыққа, ғылыми ұғымдар жүйесіне дейін біртіндеп күрделілендіру), олардың генетикалық талдануы, түрлі оқу пәндерінде қолдану ерекшеліктерін анықтау;

  • тек алынған нәтижені ғана емес, интеграциялық іс-әрекет: жобалау, кескіндеуді түрлі оқу пәндерін меңгеру әдісі ретінде қарастыратын интеграциялық принципті логикалық тұрғыда жетілдіру және анықтауды қамтамасыз ететін түрлі деңгейдегі интеграция;

  • түрлі пәндердегі оқу тақырыптарын жалпы зерттеу объектісі негізінде тақырыптық координациялау арқылы қол жеткізуге болатын тұтастық.

Бағдарламада мазмұны осы ретпен, жалпы дидактикалық қағидаларға сәйкес құрылып: ғылымилық, дәйектілік, сабақтастық алынып, білімнің тиянақтылығы ескеріледі. Республикадағы бүгінгі таңдағы заман талабына сай оқу-тәрбие үдерісі ерекшеліктері ретінде қарастырылатын жеке тұлғаны тіл мен мәдениет, өнер, халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Тіл мен математика табиғи (ана тілі) және жасанды (математика) тілдер туралы қажетті білімдермен қаруландырып, оларды қолдану ерекшеліктерімен таныстырып, ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін дамытады, қоршаған ортадағы шынайы құбылыстар көркем-сөздік форма, математикалық формулалар арқылы бейнеленіп, эстетикалық қарым- қатынастарын қалыптастырады.

Бүгінде оқыту теориясы көп жағдайда оқушылардың оқу әрекеті мен оқу үдерісін белсенді ету идеяларымен тығыз байланыста қарастырылады. Белсенді ету мазмұнын дәстүрлі дидактикадан белгілі оқыту әдістері мен тәсілдерін барынша тиімді қолдану, ал проблемалық оқыту көмегімен белсенді етуді танымдық міндеттер қою және проблемалық ситуациялар құру деп түсіндіруге болады.



Бүгінгі білім реформасының талаптарына сәйкес оқу- әдістемелік кешенді құрайтын бағдарламаны, оқулықты, әдістемелік және дидактикалық құралдарды, ақпараттық технология құралдарын белгіленген мақсатқа сай бейімдеу қажеттілігі туындап отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің басты құрамдас бөлігі болып табылатын оқулықтың оқушыны біліммен,

әрекет-әдістермен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қамтамасыз етуіне көңіл бөлінуі тиіс. Оқулық құрылымындағы мәтіндер, тапсырмалар, сұрақтар, суреттер, сызбалар т.б. бөліктер оқушыны шығармашылық әрекетке бағыттайтындай деңгейде болуы керек. Оқу әрекетінің мазмұнын оқушының ой әрекеті, танымдық қызығушылығы, белсенділігі, дербестігі құраса, оқытушы әрекеті оқушының оқу-танымдық әрекетін басқаруға, оқуға ынта-ықыласын тудыруға, білімге деген мұқтаждығын қанағаттандыруды ұйымдастыруға, логикалық ойлау операцияларын орындауға, үйретуге бағытталады. Оқушыға оқулықтағы репродуктивтік тапсырмалардан басқа да шығармашылық тапсырмаларын орындау дағдыларын меңгертуге күш салған жөн. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін логикалық операцияларды орындауға бағытталған тапсырмалар оқушылар мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, олардың өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Оқушы біліктілігі ойлау операцияларын дамыту нәтижесінде қалыптасады. Талдау, жинақтау, жүйелеу, жалпылау, салыстыру, дәлелдеу, тұжырым жасау біліктерін меңгеру арқылы оқушы өз шығармашылығын дамытады, яғни алған білімін оқуда немесе өмірлік жағдайларда қолдана алатындай біліктілігі жүзеге асады. Педагогикалық технологиялар негізінде әдебиеттік оқытуда көркем шығарма түрлерін оқытудың мүмкіндіктері мол. Ол үшін мұғалім оқу пәндерінен, оқулықтардан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды үзбей ізденулері керек. Бұл оқушылардың қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өздігінен ізденуге зор әсерін тигізеді. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың ең тиімді тұстары: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен

әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Сабақты қызықты да тартымды өткізу үшін тиімді әдістің бірі – интерактивті әдіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет