Ашу және жазуға үйретудің



бет96/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Екінші түрі бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші топқа ерте жастан бастап тәрбиеге көнбейтін балалар жатады. Мұндай балалардың ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілерді жиі кездестіруге болады. Осы топқа жататын балалар ерте жасынан бастап үлкендердің қолдауы мен көмегіне мұқтаж. Балаға жеткілікті көңіл бөлінбеген, жағдайда бала интеллектісі баяулайды. Ұзақ уақыт бойы ойынға да қосылмайды. Еш мағынасы жоқ іспен айналысып отыра беруі де ықтимал. Мектеп жасына жақындаса да бала сурет салуды да, қиялдап ойнауды да білмейді, сөйлесу тілі өте жұтаң. Қатарластарымен қарым-қатынаста баяу қимылдайды, ойын кезінде орындаушы қызметін атқарады. Немесе ойыннан тыс қалады. Осы типтес

балалар өз жас ерекшелігіне байланысты дамуға сәйкес келмейді. 6-7жастағы бала 3 жастағы баланың дамуына шамалас келеді. Түсініктері толық қалыптаспаған, ең маңыздысын біліп көрсете алмайды, түстерді ажырата алмайды, өзіне таңсықтарды жіктеп бере алмайды, мұндай балалар мектепте бірден үлгермеушілік қатарына кіреді. Мұғалім осындай типтегі балалармен табандылық көрсетіп, жеке жұмыс істесе, даму бірден алға басады. Ерте жастан түзет у жұмыстары жүрмеген кезде мұндай балалардың дамуында артта қалушылық байқалып, алға басушылық тіпті мүмкін болмайды.

Екінші топқа оқу үлгерімі төмен оқушы-практиктер жатады. Бұл балалар табиғатынан нақты түсініктері бар, санасында көрген дүниесі сақталған, бірақ ойын ауызша жеткізуге шорқақтау. Абстрактілі ойлауы жеткілікті деңгейде дамыған, алайда оларды оқыту барысында үнемі көрнекі құралдарды пайдалануды талап етеді. Жаңа ұғымды таныстырғанда бұрыннан меңгерілген білімді негіз қылу қажет. Жаңаны тану міндетті түрде нақтыдан абстрактілі ұғымға өту арқылы жүзеге асырылады.

Олар суретті жақсы салуы мүмкін, бірақ абстрактілі ойлау артта қалған, сол себепті мұндай оқушылар оқу үлгерімінде көбінесе төмен болып жатады.

Мұндай балаларға психикасын есепке ала отырып, жеткілікті көңіл бөлінсе, барлық кемшіліктерді жеңуге болады.

Үшінші топқа оқу үлгерімі төмен, психикалық дамуы кешігіп жетілген, жүйке-жүйесі түрлі ауытқуларға ұшыраған бала жатады. Мұндай балалардан жоғарғы деңгейдегі қалжырап-шаршау мен көңілін бір іске ұзақ тұрақтандыра алмау, мен ақыл-ойдың нақты болмауы мен тұрақсыздығы байқалады. Мұндай балалар әлеуметтік селқос. бейнелі ойлауы баяу дамиды.



Оқушылардың ақыл-ой дамуындағы кемістік мектептегі оқу кезінде балабақша тәрбиешісімен, ата-анамен әңгімелесу барысында, дефектологтың тексеруі кезінде анықталады. Алайда баяу даму кезінде кемістік бірден байқалмайды, тіпті бірінші сыныптың соңында ғана анықталуы мүмкін. Мұғалім кемістікті байқасымен, тек бақылау жүргізу аздық етеді. Ақыл-ой дамуының диагностикасын жүргізуге жеңілдеу эксперимент әдістемесін қолдану көмектеседі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет