100
тұтымды(выдержки), ISO қондырып алу керек, сонда жарық сәтімен түсіп,
сіздің суретіңіз сәтті шығады.
Фотоочерк
тарих болғандықтан, қандайда болсын бір тұлғаның өмірін
оқырмандарға жеткізу үшін адам өмірге келген сәттен бастап түсірілген
фотолар, әр уақыттың кезеңін айғағы болып көрсетіледі. Соның бір тармағы
бала кездің балдәурен шағынан бастау алады.
Нағыз көркем очерктік туындысын жасау үшін, фотоочеркистің көру
ұстанымы болуы керек, қоғамдық мүддені анық түсініп,
саралай білуі,
ғажайып көріністерді қалт жібермей, дер сәтінде ұстап қалуы керек. Сәтті
шыққан фотоочерк арада өткен жылдардың көрінісін бейнелеу арқылы
бояуларын анық өзінің өткір және нақты әсерлерімен ақиқатты көрсетсе, бұл
автордың ойының ауыз толтырып айтарлық жұмысының жемісі болмақ.
Мысалы:
Тұңғыш ғарышкер, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің
ғарышқа ұшарға дейінгі және келгеннен соңғы бейнелерін алуға болады.
Ғарышқа ұшуға дайын
Президентпен
кездесуі
«Елдің атын ер шығарар»
101
Фотоочерк арқылы халықтың сұранысын нақты факті арқылы
толықтырып, шынайы түрде іздеген сұрағына жауап ретінде бере аласың. Әр
сурет, фотоочерк үшін нақтылық, насихаттылық және өзінің салмақты рөлін
атқарып тұратын көріністердің жиынтығының айғағы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: